|
Аудан әкімі
Сіздерді Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің веб-сайтының ресми тұсау кесу рәсімімен шын жүректен құттықтаймын.
Ақпараттық технологиялар ғасыры бізге бүгінгі күннің шындығынан қалыс қалуға мүмкіндік бермейді. Үшінші мың жылдықтың ақпараттық ресустары - адам тіршілігінің қазіргі заманға лайықты жаңа өрісі.
Жергілікті атқару органдарының ресми сайтын ашу - бұл бүгінгі күннің негізгі мәселесі және “электронды әкімдік” құрудың алғашқы қадамы болып табылады; бұл ары қарай корпоративтік жүйелерді жетілдіру, аудан Әкімі аппаратын басқаруда инновациялық технологияларды кеңінен пайдалану және электрондық құжат айналымына өту - деген сөз.
Қазіргі заманның Интернет қолданушысы өзінің әрбір минутын бағалайды. Ол өзінің ізденісін тез, сапалы, ұтымды жүзеге асыруға тырысады. Сондықтан осы сайтты ауданымыздың экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуының, атқарушы органдар қызметінің нағыз энциклопедиясына айналдыру керек.
Абай ауданы әкімінің веб-сайтының ең басты міндеттерінің бірі -халыққа билікті ашық көрсету. Осы мақсатта сайтта “Виртуальды қабылдау бөлмесі” бөлімі ашылды. Кез-келген кісі сол арқылы әкімге сұрақ қойып, оған тез жауап ала алады, бұл электрондық хат жазу немесе қайта байланыс нысанын толықтыру телефон шалғаннан тез жүзеге асады, деген сөз, бұл- әкімнің әрбір тұрғынмен тікелей байланысы десек те болады.
Аудан Әкімінің веб-сайты – бұл аудан қызметтері жөніндегі мәліметтердің жүйелендірілген базасы, ол аудан тұрғындарының осы қызметтермен өзара әрекеттестігін жеңілдетуі тиіс, сондай-ақ әрбір адамға өз ауданын абаттандыруға, оның дамуы мен көркеюіне белсенді араласуына мүмкіндік береді.
Абай ауданы тарихи бай, шежіреге толы, киелі де қасиетті мекен. Бүгінде бұл аймақ ұлылар мекені деп аталады. Шыңғыс бөктері - қазақтың ойшыл ақыны ұлы Абайдың, кемеңгер Шәкәрімнің, ғұлама жазушы Мұхтар Әуезовтың отаны. Осынау есімдері әлемге әйгілі халқымыздың біртуар перзенттерін дүниеге әкелген алтын бесік. Есімі ел тарихына алтын әріптермен жазылған батырлар мен сұңғыла ғалымдардың алтын ұясы. Біз Сіздерді ұлылар жерінде асыға күтеміз!
Сүлеймен Ержан Әшімұлы – Абай ауданының әкімі
|