|
Абай ауданы әкімі аппаратының құрылымы
Абай ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі
Мекен жайы: Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі 14,
факс 87225291244,
электрондық адрес: akim@abay.vko.gov.kz
«Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, аудан әкімінің қызметін ұйымдық, құқықтық, ақпараттық-талдауды қамтамасыз ететін атқарушы-басқаратын орган болып табылады.
«Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да, нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ «Мемлекеттік мекеме» туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
«Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, сондай-ақ банктерде заңдарға сәйкес шоттары бар. «Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген функцияларды жүзеге асырады ( жауапкершілікте болады).
«Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері болып Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Респуликасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңында, Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің актілерінде, басқа да заңдық және нормативтік құқықтық актілерде, осы ережеде белгіленген міндеттер табылады.
«Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне төмендегідей міндеттер жүктеледі:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын, ауданды дамыту мүддесі мен қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асыру;
2) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарын, жергілікті бюджетті әзірлеуге қатысу және бақылау және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
3) атқарушы органдардың, аудан әкіміне, әкімдігіне бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындардың жұмысын үйлестіру және бақылау;
4) әлеуметтік және экономикалық процестерді басқаруды жүзеге асыру, еңбек, жұмыспен қамту және көші-қон процестері, әлеуметтік сақтандыру саласында саясат жасау және осы мақсатта село әкімдері аппараттарының қызметіне үйлестіру, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін талдау және әзірлеу үшін олардан уақытылы ақпарат алу, әлеуметтік – экономикалық жағдай қағидаларын қалыптастыру;
5) Қазақстан Республикасы заңдарын, Президенттің және Үкіметтің актілерін орындауды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, облыс әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің және тапсырмаларының орындалысына бақылау жасау, анықталған жөнсіздіктерді, орындамау себептері мен жағдайларын жою жөнінде шаралар қабылдау;
6) аудан әкімінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, қызметтік құжаттарды, хаттар мен өтініштерді қарау, азаматтарды қабылдауды, құжат айналымына талдау жасауды ұйымдастыру, іс жүргізуді жетілдіру: құпия құжаттамамен жұмыс істеу, мемлекеттік тілде іс жүргізуді қамтамасыз ету;
7) аудан әкімінің тапсыруымен өткізілетін шараларды ұйымдық және ақпараттық қамтамасыз ету, аудан әкімі мен оның орынбасарларының күнделікті қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында көрсету, олармен өзара әрекеттестікті ұйымдастыру, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты, аудандағы экономикалық және әлеуметтік жағдайларды, мәселелерді шешу жолдарын түсіндіру;
8) аудан әкімнің кадр саясатын жүзеге асыру жөнінде жұмыстар ұйымдастыру, әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың бос орындарына орналасу үшін конкурстар өткізу, оқытуды, машықтануды ұйымдастыру, кадрлар резервін қалыптастыру;
Лдибаев Ерлан Арнаұлы – аудан әкімінің орынбасары
24 тамыз 1961 жылы туған, білімі-жоғары, Семейдің зоотехникалық малдәрігерлік институтын бітірген, мамандығы-зооинженер.
1984 - 1987 жж. - «Жданов» атындағы совхоздың 2 ферма зоотехнигі; 1987-1989 жж.- «М.Әуезов» атындағы совхоздың 2 ферма меңгерушісі; 1989 - 1996 жж. «Құндызды» атындағы совхоздың бас зоотехнигі; 1996-2002 жж. «Мергентас» шаруа қожалығының жетекшісі; 19.02.2002 - 26.06.2002 жж. экономика, шағын және орта бизнесті дамыту бөлімінің жетекші маманы;
26.06.2002 - 15.11.2002 жж. ауылшаруашылық бөлімінің меңгерушісі қызметін уақытша атқарушы; 15.11.2002 - 30.12.2004 жж. ауылшаруашылық бөлімінің меңгерушісі; 01.2005 – 07.2009 жж. аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бастығы. 16 шілде 2009 жылдан бастап аудан әкімінің орынбасары. Жанұялы, 3 баласы бар.
Лауазымдық міндеттері:
Аудандық ауыл шаруашылығы, аудандық жер қатынастар бөлімдерінің, аудандық аумақтық басқармасының, аудандық жер ресурстары жөніндегі комитетінің және қоршаған ортаны қорғау қызметтерін үйлестіру, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, аудандық білім және спорт, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, «Қазпошта» бөлімшесінің, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жұмыстарына және денсаулық сақтау мәселелеріне басшылық жасау. Сайлау және референдум өткізу жұмыстарына басшылық жасау. Көші-қон, бұқаралық ақпарат құралдары, радио торабы, баспасөзге жазылу мәселелерімен шұғылдану. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі, қорғаншылық, қамқоршылық, ономастикалық комиссиялардың және жастар саясаты, туризм жұмыстарына басшылық жасау. Дін және қоғамдық ұйымдар мен партиялар жұмыстарын үйлестіру.
Азаматттарды қабылдау уақыты:
әр сейсенбі сайын сағат 9.00-12.00
Телефоны: 8 /72252/ 91855
 Жүнісжанов Нұрғазы Әнуарұлы – аудан әкімінің орынбасары
2 қыркүйек 1961 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Сарғалдақ ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Алматының шаруашылық институтын бітірген, білімі жоғары. Жанұялы 5 баласы бар. Мемлекеттік қызмет стажы 6 жыл. Бос уақытында бильярд, шахмат ойнаумен, бақша өсірумен шұғылданады.
Лауазымдық міндеттері:
Аудандағы түбегейлі экономикалық реформаларды жүзеге асыру және оны тереңдету меселелерімен шұғылдану, экономикалық даму бағдарламаларын әзірлеуге басшылық және оның орындалуына бақылау жасау, экономикалық талдаулар мен болжамдар жасауды ұйымдастыру, экономикалық кеңесті басқару, банктермен, аудандық экономика және қаржы бөлімінің жұмысын үйлестіру, төтенше жағдайлар жөніндегі, өртке қарсы күрес комиссияларының жұмысына басшылық жасау, статистика және талдау жұмыстарына басшылық жасау, салықтың жиналуына және бюджетті, зейнетақы қорын толықтыруға бақылау жасау, мемлекеттік иелігінен алу және жекешелендіру саясатын жүзеге асыру. Банкроттық жөніндегі комиссияны басқару және бюджеттік комиссия жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпкерлік құрылымдарды, жеке шағын бизнесті қолдау және үйлестіру жөніндегі орталықтың жұмысын, инвестициялар мен кредиттердің ауданға келуін ұйымдастыру, өмірлік маңызы бар коммуналдық қызметтер үшін төленетін түсімдердің тұтынушылардан уақтылы жиналуына және ӘЖК-нің берілуіне бақылау, басшылық жасау, мемлекеттік сатып алу жөніндегі тендерлерді ұйымдастыру.
Азаматттарды қабылдау уақыты: әр бейсенбі сайын сағат 9.00-12.00
Телефоны: 8 /72252/ 92267
Белібаев Мейрамбек – аудан әкімі аппаратының басшысы
9 мамыр 1947 жылы Семей облысы Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Семейдің зоотехникалық малдәрігерлік институтын бітірген, білімі жоғары. Жанұялы 3 баласы бар. Мемлекеттік қызмет стажы 32 жыл. Әуестігі – кітаптар, музыка.
Лауазымдық міндеттері:
Аудан әкімі аппаратының кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар, қаржы-шаруашылық бөлімдерінің және кеңсесінің жұмысына басшылық ету. Аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі аппарат жұмысын ұйымдастыру және басшылық жасау, ауылдық округ әкімдерінің жұмысын ұйымдастыру және аудан әкімімен байланысын үйлестіру, аудан әкімдігінің жұмыс жоспары мен қаулыларының, аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерінің орындалуына бақылау жасау, аудан әкімінің облыс әкімі аппаратымен байланысын қамтамасыз ету, облыс әкімі шешімдері, өкімдері мен тапсырмаларын орындау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру, аудан әкімі тағайындайтын немесе онымен келісілетін кадрлар бойынша ұсыныстарды зерттейді және енгізеді, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері мен мекеме басшыларын және ауылдық округ әкімдерін тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстарды дайындау, тәртіптік комиссиялардың қызметін үйлестіру, аудан әкімінің аудандық мәслихат, облыстық басқару органдарымен және оның бөлімшелерімен өзара қызметін қамтамасыз ету, аудандық сайлау комиссияларының жұмыстары, наградалар жөніндегі және аудан әкімі аппаратындағы конкурстық комиссиясының жұмысына басшылық жасау, кадрлар оқуы мен оларды аттестациялаумен шұғылдану, кадрлар резервін қалыптастыру және ұсынылған кандидатуралар үшін жауапкершілікті арттырумен шұғылдану. Аудан әкімі аппараты мен ауыл әкімдері жұмысының регламентін қалыптастыру.
Азаматттарды қабылдау уақыты: әр жұма сайын сағат 9.00-12.00
Телефоны: 8 /72252/ 91907
Әбілов Аманбек Биахметұлы – Кадр және мемлекеттіқ құқықтық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі
Лауазымдық міндеттері:
Аудан әкімі аппаратының кадр және мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөліміне басшылық ету.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің ШҚО басқармасына кадрлар жөніндегі мәселер, әкімшілік мемлекеттік қызметшілермен өткізілген аттестацияның қорытындысы, кадрлар білімін көтеру, мемлекеттік қызметшілерді қазақ тілі мен шет тілдеріне оқыту, ауылдық округтерде жүргізілген нотариалдық іс-қимыл жұмыстарымен шұғылдану, конкурстық комиссия, конкурс жөнінде жергілікті газетке хабарландыру беру, "Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілеріне көп балалы аналарды ұсыну және басқа да мемлекеттік наградалармен шұғылдану, арнайы тексеруге мемлекеттік қызметкерлердің құжаттарын даярлау, жіберу, мемлекеттік қызметшілерге сұраныс жіберу, отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссияның жұмысымен шұғылдану. Құқықтық оқу мектебі туралы, жүргізілген түсінік жұмыстары, аудандық «Құқық-бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес» бағдарламаларын тиісті мекемелермен бірлесіп әзірлеу, оларды аудан әкіміне және аудандық мәслихатына бекітуге ұсыну, Аудан әкімінің өкімдер мен шешімдерін, аудан әкімдігінің қаулыларын құқықтық сипаттағы актілерін заң талаптарына сәйкестігін тексеру, белгіленген тәртіппен сотта, сол сияқты құқықтық мәселелер қаралатын басқа да органдарда аудан әкімі аппаратының мүддесін қорғау, шағымдық-талаптық жұмысты ұйымдастыруды жүргізу, шарттардың, келісімдердің дайындалу және орындалу практикасын, шағымдардың қаралу нәтижелерін талдау және қорытындылау, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар беру, құқық тәртібін нығайту жөніндегі шараларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысу, аудан әкімі аппаратындағы және оған бағынышты мекемелердегі құқықтық жұмыстың жағдайы мен заңдылықтың орындалуын тексеру, құқықтық оқуларды өткізуге ат салысу, методикалық және басқа кеңестер беру, қолданылатын әдебиеттерден заңдық актілерді іріктеуге көмек жасау.
Азаматттарды қабылдау уақыты: Күнделікті сағат 9.00-16.00
Телефоны: 8 /72252/ 91736
Ермұқашева Үмітхан Секенқызы - Кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы
Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің ШҚО басқармасына кадрлар жөнінде тоқсан сайын есеп, әкімшілік мемлекеттік қызметшілермен өткізілген аттестацияның қорытындысы туралы мәлімет, кадрлар білімін көтеру туралы, мемлекеттік қызметшілерді қазақ тілі мен шет тілдеріне оқыту туралы мәлімет беру, ауылдық округтерде жүргізілген нотариалдық іс-қимыл туралы тоқсан сайын мәлімет беру, конкурстық комиссия құжаттарын әзірлеу, конкурс жөнінде жергілікті газетке хабарландыру беру, "Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілеріне көп балалы аналарды ұсыну және басқа да мемлекеттік наградалармен шұғылдану, арнайы тексеруге мемлекеттік қызметкерлердің құжаттарын даярлап, жіберу, мемлекеттік қызметшілерге сұраныс жіберу, отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия жұмысымен шұғылдану.
Азаматттарды қабылдау уақыты: Күнделікті сағат 9.00-16.00
Телефоны: 8 /72252/ 91653
Ардаккызы Акерке - Кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекші маманы
Лауазымдық міндеттері:
Мемлекеттік қызметшілердің жеке іс-қағаздарының дұрыстығын үнемі қадағалап, жаңартып отыру, тоқсан сайын сайлаушылардың саны туралы мәлімет беру, аудан бойынша сайлаушылар базасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіп отыру, облыс әкімдігінің мәліметтерін дайындау, бөлімге түскен жеке азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау, ауданда ай сайын өткізілетін іс-шаралардың күн тізбесін жасап, жіберу, тәртіптік жаза туралы, сенім телефонына түскен хабар бойынша, мемлекеттік қызметкерлерге берілген сыйақы туралы, мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы Ережелерін бұзу фактілері туралы, ауданға шетелден келген делегациялар мен ауданнан шетелге барғандар туралы мәлімет беру.
Құқықтық оқу мектебі туралы, жүргізілген түсінік жұмыстары туралы, көші-қон саясаты туралы бағдарламаның іс-шарасында көрсетілген оралмандарды ұлттық заңдылықпен таныстыру бағытында жүргізілген шаралар туралы мәлімет беру, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөліміне құқықтық оқудың өкімі, жоспары туралы мәлімет беру, аудандық «Құқық-бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес» бағдарламаларын тиісті мекемелермен бірлесіп әзірлеу, оларды аудан әкіміне және аудандық мәслихатына бекітуге ұсыну, бағдарламалар бойынша атқарылған жұмыстар туралы облыс әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөліміне тоқсан сайын мәліметтер беріп отыруды қамтамасыз ету. Аудан әкіміне қол қоюға ұсынылған шешімдер, өкімдер және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жобаларының заң талаптарына сәйкестігін тексеру, белгіленген тәртіппен сотта, сол сияқты құқықтық мәселелер қаралатын басқа да органдарда аудан әкімі аппаратының мүддесін қорғау, шағымдық-талаптық жұмысты ұйымдастыруды жүргізу, шарттардың, келісімдердің дайындалу және орындалу практикасын, шағымдардың қаралу нәтижелерін талдау және қорытындылау, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар беру, құқық тәртібін нығайту жөніндегі шараларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысу, аудан Әкімі аппаратындағы және оған бағынышты мекемелердегі құқықтық жұмыстың жағдайы мен заңдылықтың орындалуын тексеру, құқықтық оқуларды өткізуге ат салысу, методикалық және басқа кеңестер беру, қолданылатын әдебиеттерден заңдық актілерді іріктеуге көмек жасау.
Азаматттарды қабылдау уақыты: Күнделікті сағат 9.00-16.00
Телефоны: 8 /72252/ 91653
Сағындықова Нұргүл Мақсұтқызы – аудан әкімі аппаратының кеңсе меңгерушісі
Лауазымдық міндеттері:
Бөлімге басшылық жасау, кеңсе жұмысын бөлім туралы Ережеге, аудан Әкімі аппаратының жұмыс регламентіне, бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастыру, бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша бөлім қызметкерлерін тағайындау, босату туралы, бөлім қызметкерлерінің демалысы, оларды көтермелеу мен тәртіптік жаза қолдану туралы, аудан Әкімі аппаратының іс-қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру және оның нұсқаулыққа сай келетіндігіне бақылау жасау, жоғары орындардан келген құжаттарды, аудан Әкімінің шешімдері мен өкімдерін және аудан әкімиятының қаулыларын аудан әкімінің қарауына енгізу.
Аудан әкімдігі отырысының құжаттарын дайындау, аудан әкімі берген тапсырмаларға бақылау жасау, оның орындалуын қадағалау.
Азаматттарды қабылдау уақыты: Күнделікті сағат 9.00-16.00
Телефоны: 8 /72252/ 91244
Маратұлы Думан - аудан әкімі аппараты кеңсесінің бас маманы
Лауазымдық міндеттері: Аудан әкімдігінің қаулыларын, аудан әкімінің шешімдер мен өкімдерін, аппарат басшысының бұйрықтарын дайындап, есепке алу және орындаушыларға жеткізу жөнінде іс қағаздарын жүргізеді.
Аудан әкімі аппаратының ИСО халықаралық сапа стандартына өтуіне байланысты өз саласында жұмыстар ұйымдастырады.
Елтаңбалық бланкілерді есепке алу және сақтау. Бүлінген бланкілерді жою, тиісті тіркеу, есепке алу нысанына белгі салу арқылы акті бойынша жүзеге асырады.
Аудан әкіміне қол қоюға ұсынылған шешімдер, өкімдер және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жобаларының дұрыс толтырылуының тексеру, шешімдер мен өкімдер жобаларын дайындаушылардан аудан әкімі шешімдер мен өкімдерінің келісім парағын дұрыс ресімдеуді талап етеді.
Берілетін актілер мәтіндерінің қағаз және электрондық нұсқаға сай келетіндігін тексереді.
Ай сайын қабылданған қаулы, өкім, шешімдер тізімдемесін дайындап, рәсімдейді.
Ауданда «Электрондық әкімдік» бағдарламасын енгізуге байланысты жұмыстарды ұйымдастыру, облыс және аудан әкімдерінің веб-сайттарымен жұмыс жасауға басшылық жасау.
Азаматттарды қабылдау уақыты: Күнделікті сағат 9.00-16.00
Телефоны: 8 /72252/ 91660
Муратханова Раушан Ардакызы - аудан әкімі аппараты кеңсесінің жетекші маманы
Лауазымдық міндеттері: Өз іс-қимылдарында «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықты және осы Ережені басшылыққа алады. Өтініштерді тіркеуді және басшылықтың ол жөніндегі тапсырмаларын орындаушыларға жеткізуді, өтініш иесіне мерзімінде жауап беруді жүзеге асырады.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 1-ОЛ нысандағы статистикалық есептілік бойынша ауылдық округтер мен бөлімдерден уақытында мәліметтер жинақтап, облысқа береді.
Халыққа электрондық қызмет көрсету орталығының жұмысын жүйелі ұйымдастырады.
Аудан әкімі аппаратының ИСО халықаралық сапа стандартына өтуіне байланысты өз саласы бойынша жұмыстар ұйымдастырады.
Кіріс және шығыс құжаттарын қабылдау мен тіркеуді жүргізеді. Оларды орындаушыларға жіберуді ұйымдастырады. Электронды құжат айналымы бағдарламасы бойынша қатынастардың уақытында қабылдап алу және тиісті бөлімдерге жіберу.
Аудан әкімінің тапсырмаларын есепке алуды, олардың орындау мерзімдерін сақтау үшін бақылау жасауды жүргізеді.
Кіріс және шығыс құжаттарын аудан әкімінің қарауын уақытында енгізіп отырады.
Облыстық тілдері дамыту басқармасына ай сайын құжат айналымындағы мемлекеттік тілдегі құжаттардың үлес салмағы жөніндегі есептілікті береді.
Азаматттарды қабылдау уақыты: Күнделікті сағат 9.00-16.00
Телефоны: 8 /72252/ 91660
Жақсылықова Гүлжан Мейрамғазықызы – аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі
Лауазымдық міндеттері:
Бөлімнің жалпы жұмысын қадағалау, бөлімде атқарылған жұмыстар бойынша айлық, тоқсандық, жылдық есептерді қорытындылап, алдағы атқарылатын жұмыстар бойынша жоспар бекіту, бөлімдегі мамандардың жұмыстарын үйлестіру жөнінде жұмыстар жүргізу, аудан әкімі аппаратының балансындағы барлық мүліктердің уақтылы есепке алынуын, кіріс-шығыс есебінің уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету, аудан Әкімі аппаратындағы барлық бөлімдердің қалтқысыз жұмыс істеуі үшін уақтылы қажетті құралдармен, компьютерлік құрал-жабдықтармен, кеңсе құралдарымен т.б. қамтамасыз етілуін үнемі бақылауда ұстау, аудан Әкімі аппараты балансындағы автокөліктердің уақтылы техникалық байқауға әзірленуін және сақтандыруға уақтылы қаржы аударуды қадағалау. Президенттің, Үкіметтің құқықтық актілерінің, облыс және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс және аудан әкімдігі қаулыларының орындалуына бақылау жасау және олардың орындалысы жөнінде тоқсан сайын хабарлама беру.
Аудан әкімі аппаратында бекітілген жоспар бойынша алынатын мүліктердің, құрал-жабдықтардың, жанар-жағармайдың мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес номенклатурасын бекіткізіп, олардың уақтылы және заңды орындалуын қамтамасыз ету, аудан Әкімі аппаратының балансындағы барлық мүліктердің есепке алынып, кіріс-шығыс есебінің уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету, электр энергиясы, жанар-жағармай босатушы мекемелермен уақытында есептесіп отыру
Азаматттарды қабылдау уақыты: Күнделікті сағат 9.00-16.00
Телефоны: 8 /72252/ 91298
Жұмажанова Гүлбақыт Егінбайқызы - аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы
Аудан Әкімі аппаратындағы смета бойынша шығыстарды бухгалтерлік есепке алу, барлық құжаттардың толтыру дұрыстығының талапқа сай болуын үнемі назарда ұстау, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысын уақтылы есептеп аудару, ақша айналымының дұрыстығын қатаң назарда ұстау, тиісті орындарға бухгалтерлік есептерді уақтылы беру, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын және есепке алынуын, олардың белгілі тәртіппен уақтылы мұрағаттарға өткізілуін қамтамасыз ету, смета бойынша кіріс –шығыстардың есебін жүргізу, бюджеттік бағдарламалардың паспортын жасап, оны уақтылы бекіту.
Азаматттарды қабылдау уақыты: Күнделікті сағат 9.00-16.00
Телефоны: 8 /72252/ 91294
Искаков Талгат - қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы
Лауазымдық міндеттері: Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай пайда болған жағдайда азаматтық қорғаныс шараларын жүзеге асыру үшін аудандағы төтенше жағдайға қарсы құрылымдарды, қызметтерді, жауапты ұйымдарды жұмылдыруды ұйымдастыру, сел тасқыны қаупі төнген жағдайда қарсы қолданылатын техникаларды даяр ұстау және өрт қауіпсіздігін болдырмау шараларын жасау.
Азаматттарды қабылдау уақыты:
Күнделікті сағат 9.00-16.00
Телефоны: 8 /72252/ 91431
Жанғалиев Қазыбек Төлегенұлы - ұйымдастыру-кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маман-заңгері
Лауазымдық міндеттері: Аудандық «Құқық-бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес» бағдарламаларын тиісті мекемелермен бірлесіп әзірлеу, оларды аудан әкіміне және аудандық мәслихатқа бекітуге ұсыну, Аудан әкіміне қол қоюға ұсынылған шешімдер, өкімдер және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жобаларының заң талаптарына сәйкестігін тексеру, белгіленген тәртіппен сотта, сол сияқты құқықтық мәселелер қаралатын басқа да органдарда аудан әкімі аппаратының мүддесін қорғау, шағымдық-талаптық жұмысты ұйымдастыруды жүргізу, шарттардың, келісімдердің дайындалу және орындалу практикасын, шағымдардың қаралу нәтижелерін талдау және қорытындылау, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар беру, құқық тәртібін нығайту жөніндегі шараларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысу.
Азаматттарды қабылдау уақыты:
Күнделікті сағат 9.00-16.00
Телефоны: 8 /72252/ 91653
|