|
Құрметті Абай ауданының тұрғындары !
Егер сіз жұмыс орнын жоғалатқан болсаңыз, Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі төмендегідей көмек ұсынады.
1.Әлеуметтік жұмыс орындарына - 10 адам
2.Жоғары оқу орындарын бітіргендер жастар іс-тәжірибесіне - 20 адам.
3.Көркейту көгалдандыру жұмыстарына - 174 адам, жолдарды жөндеуге- 31 адам жұмысқа тартылады.
4.Кәсіптік оқыту және қайта даярлауға - 83 адам әр түрлі мамандықтар бойынша жіберіледі.
Жұмыссыз ретінде тіркелуге төмендегі құжаттарды әкелу керек:
- жеке куәлік; (көшірме)
- еңбек кітапшасы; (көшірме)
- азаматтарды тіркеу кітапшасы; (көшірме)
- СТК,ӘЖК; (көшірме)
- Диплом, куәлік т.б.мамандықтың құжаттары (көшірме)
Абай аудандық жұмыспен қамту және әләуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласыңыз !
Мекен жайы: Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі 14, тел. 8(72252)91456, 8(72252)91656, e-mail abai_c@mail.ru
«Жол картасы» іс-шараларын іске асыру туралы
Жол картасы бойынша жұмыс жасауды 167 адам бастады, оның ішінде 136 адам көркейту көгалдандыру жұмыстарына, 31 адам жолдарды жөндеуге.
Конкурсқа қатысушылар саны - 4 ИП «Белібаев», КГКП «Риза», ЖШС «Нур-Наркен», Казпромтехмонтажстрой».
Қарауыл ауылдық округі конкурсті аяақтап, 28 мамырда келісім шартқа отырды. Кокбай, Құндызды, Архат, Қасқабұлақ, Саржал, Тоқтамыс, Медеу ауылдық округтері келісім шарттар жасалды.
Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша 6 адам, жұмыс жасауда.
Жастар іс-тәжірибесі арқылы 9 арнаулы орта білімі бар жастар аудан мекемелеріне жұмысқа жіберілді.
Әлеуметтік жұмыс орындары және жастар іс-тәжірибесіне мамыр айына 120,0 мың теңге бөлінген, толық игерілді.
Дәнекерлеуші мамандықтары бойынша 2 адам 20 мамырдан бастап «Семей» кәсіптік лицейде №8 оқуды бастады. Аспаз және электромонтер мамандықтары бойынша 8 адам 1 маусымнан бастады.
| Атаулар |
Барлығы |
Сомасы |
Жұмыс орындары |
Республикалық
бюджет |
Жергілікті
бюджет |
Әлеуметтік жұмыс орындары |
898 |
898 |
|
10 |
Жастар іс-тәжірибесі |
1799 |
1799 |
|
20 |
Көркейту-көгалдандыру жұмыстарына |
14621 |
12621 |
2000 |
174 |
Жолдарды жөндеуге |
38296 |
27110 |
11186 |
31 |
Жиыны |
55614 |
42428 |
13186 |
235 |
Мемлекет Басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жұмыспен қамту мемлекеттік саясатын іске асыру және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету, Абай аудан бойынша «Жол картасы» іс шараларын жүзеге асыру мақсатында 20.04.2009 жылы № 11 санды аудан әкімінің өкімімен жұмыс тобы құрылды.
Ұйымдастырушылық іс-қимылдар Алгоритмы бойынша «Жастар іс-тәжірибесіне» 2 адам уақытша жұмысқа қабылданды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар іс-тәжірибесіне «Жол картасы» шеңберінде тізімдер дайындалып, электрондық дерекқорға кіргізілді.
Абай аудандық жұмыспен қамту және әләуметтік бағдарламалар бөлімі төмендегі мамандықтар бойынша қайта даярлау оқуға шақырады. Оқу Семей қаласында тегін оқытылады және степендия төленеді.
1.Дәнекерлеуші - 1
2.Тоқ және газбен дәнекерлеуші -1
3.Электромонтер – 1
4.Жүргізуші - 5
5.Родиомеханик - 2
6.Аяқ киім жөндеуші – 2
7.Автокөлік және электр құралдарын жөндеу электрігі -2
8.Жануарларды тұқымдастыру операторы – 2
9.Наубайханашы -2
10.Көгалдандырушы -5
11.саяхатшы- 2
12.Тасқалаушы-1
13.Сылақшы-маляр-5
14.Ағаш шебері- 1
15.Слесарь-сантехник-3
16.Шаштараз-модельер -6
17.Аспаз -6
18.Тұрмыстық техникаларды жөндеуші-3
19.Пішуші -5
20.Тігінші -4
21.Кондитер -5
22.Автокөлік жөндеуші-5
23.Хатшы-референт -3
24.Менеджер -5
25.Плита қалаушы -5
«Жол картасы» жобасы бойынша аудандық маңызды жолдарды ұстауға және ағымдағы жөндеуге жалпы 38,296 млн. теңге бөлініп отыр, оның ішінде 27,110 млн. теңге республикалық бюджеттен, 11,186 млн. теңге аудандық бюджеттен. «Жол картасы» жобасы бойынша жұмыссыздықпен тіркелген 31 адам еңбекпен қамтылды.
Бөлінген қаражатқа аудандық маңызды төмендегі жолдарды ұстау және ағымдағы жөндеу көзделіп отыр,олар:
1.Тоқтамыс кірме жолы шақырым 0-21
2. Семей-Қарауыл-Архат ш.0-42,
3. Абай ескерткішіне кірме жол ш.0-12,
4. Қарауыл – Олжабай (Кенгірбай би) ш.0-7,
5. Құндызды ауылына кірме жол.
6. Көкбай ауылына кірме жол.
7. Қасқабұлақ ауылына кірме жол.
8. Саржал ауылының бас көшесі
|