Шығыс Қазақстан облысы
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ
ресми сайты
Құрметті интернет пайдаланушылар! 
Сіздерді тарихи бай, шежіреге толы, киелі де қасиетті өлкемен таныстыруға шақырамыз!
Ауданның паспорты
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы
Жол көрсеткіш
Фотогалерея
Тарихи жерлер
Қонақ кітабы
Аудан
әкімі
Аудан әкімі
аппараты
Мәслихат Ауданның мемлекеттік
мекемелері
Виртуальды қабылдау бөлмесі

Ауданның мемлекеттік мекемелері

Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Абай ауданының қаржы бөлімі
Абай ауданының ішкі саясат бөлімі
Абай аудандық ішкі істер бөлімі
Абай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
Абай ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі
Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Абай ауданының коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
Абай ауданының білім бөлімі
Абай ауданының құрылыс бөлімі
Абай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
Абай ауданының жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесі
"Абай ауданының денешынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Абай ауданының кәсіпкерлік бөлімі
Абай ауданы бойынша салық комитеті
Абай аудандық соты
Абай ауданының прокуратурасы
Абай ауданының әділет басқармасы
Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі
Абай аудандық статистика бөлімі 
Абай аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО)
Абай ауданының 49-шы өрт сөндіру бөлімі
Абай аудандық аумақтық инспекциясы
«Абай ауданы Мемлекеттік Мұрағаты
Абай ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі
Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтауминистрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Абай ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы

Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Мекен-жайы:
индекс: 070100, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі 14,
телефоны 8(72252) 92110, 
e-mail: abaimadeniet@mail.kz

Мекеме қызметінің негізгі бағыты:
Ауданда саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мәдениет пен тілді дамыту. мәдени-көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу, оның ішінде халық алдында концерттер, театрланған және өзге де қойылымдар ұйымдастыру;
Ауылдық  клубтар мен кітапханаларға әдістемелік көмектер көрсету.
Қазақстан Республикасынан тілдер  туралы заңының орындалуына бақылау  басшылық  жасау. Мемлекеттік тілді, оның ішінде тілдерді қалыптастыру мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және осыған сәйкес аудандық бағдарламаларды  әзірлеу, жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасында тұратын барлық халықтың мәдени байланысы және ұлтаралық бірлігін нығайту бағытында шаралар ұйымдастыру;
Аудандық терминологиялық жұмыс пен ономастикалық комиссияның қызметтерін ұйымдастыру және үйлестіру.
Мәдениет пен тарихи мұраларды сақтау және оларды қорғау жұмыстарын ұйымдастыру;
Мәдениет саласының мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге көмек көрсету және қолдау;

Мекеме бастығы: Мырзақасым Әсет Медеуханұлы

Мырзақасым Әсет Медеуханұлы 1953 жылы 19 қыркүйек күні бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Архат ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1960 жылы Қарауыл ауылындағы Абай атындағы орта мектепке оқуға барып, 1970 жылы 10 жылдық білім алып шыққан. Жанұялы, үш баласы бар. Білімі: жоғары, 1974 жылы Семейдің педагогикалық институтын бітірген. Еңбек жолын: 1974-1975 жылдары Абай ауданы Тоқтамыс ауылында мектепте мұғалімдік қызметтен бастап, 1975-1980 жылдары аудандық комсомол комитетінде, 1980-1985 жылдары аудандық партия комитетінде, 1985-1989 жылдары Медеу ауылында партия комитетінің хатшысы, 1989 жылдан 1993 жылға дейін аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 1993 жылдан аудан әкімдігінде тіл басқармасында, 1995-1998 жылдары аудандық мәслихатта, 1998-1999 жылдары мәдениет бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1999-2003 жылдары аралығында кәсіпкерлікпен шұғылданған. 22.09.2003 жылдан 13.09.2004 жылға дейін аудан әкімдігінде, 13.09.2004 жылдан 01.01.2006 жылға дейін Қарауыл әкімдігі округінің әкімі, 01.01.2006 жылдан бастап Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы.
"Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган болып табылады. "Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс және аудан әкімдерінің актілеріне, сондай-ақ, мекеме ережесіне сәйкес жүзеге асырады. Бөлімде үш адам қызмет атқарады: бөлім бастығы - Мырзақасым Әсет Медеуханұлы, мемлекеттік қызмет стажы 27,8 жыл, бөлімнің бас маманы - Ысқақ Шолпан Бақтиярқызы, мемлекеттік қызмет стажы 22 жыл, бөлімнің жетекші маманы - Оразалы Елдар Кәменұлы, мемлекеттік қызмет стажы 6,5 жыл.

Азаматтарды қабылдау уақыты:
Күнделікті сағат 9.00 – 13.00 дейін.
Қызметтік телефоны: (872252) 9-21-10

Абай ауданының қаржы бөлімі

Мекен жайы: 070100,  Абай ауданы, Қарауыл ауылы,
Кунанбай көшесі  14,
телефоны  8(72252) 9-11-56
e-mail: abay_raifo@oblfin.kz

Мекеме қызметінің негізгі бағыты:  Жергілікті бюджет қаржыларын тиімді және мақсатты пайдалануға бақылауды қамтамасыз етеді. Алдағы қаржы жылына кірістер мен шығыстарды экономикалық дәлелді жоспарлау. Бюджеттің орындалуын ұйымдастыру.
Аудан көлемінде салық және ақша-несие саясатымен өзара іс-қимылда бола тұрып, мемлекеттік бюджет саясатын жасап, жүзеге асыруға қатысады;
Жергілікті бюджетті қалыптастырып және орындау процесін жетілдіру, бюджетті бағдарламалау әдістерін енгізу, жергілікті бюджет бағдарламаларының тиімділігін бағалау және ақша қорларын басқару;
Алдағы қаржы жылына кірістер мен шығыстарды экономикалық дәлелді жоспарлау негізінде және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес ауданның  бюджетінің жобасын жасау;
Аудан бюджетінің орындалуын ұйымдастыру;

Асқатов Айдар   –  Абай ауданының қаржы бөлімінің бастығы 

26 ақпан 1957 жылы  Мұқыр ауылы, Абай ауданы, Семей облысында туған.    1980 жылы Семей қаржы-экономикалық техникумын қаржыгер мамандығы бойынша бітірген. 1986 жылы сырттай Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген.  
Еңбек жолын 1975 жылдың тамызында Бірлік совхозында жұмысшы болып бастаған. Абай аудандық ауруханасында жүргізуші (наурыз-мамыр 1975 ж.), Совет Армиясы қатарында (маусым 1976-маусым 1978 ж.), Семей қаржы-экономикалық техникумының студенті (қырк.1980 ж-мамыр 1980 ж.), Абай аудандық қаржы бөлімінде халық шаруашылығын қаржыландыру жөніндегі аға экономист ( маус.1980 ж-қазан 1982 ж.), штат жөніндегі ревизор-инспектор (қазан 1982 ж-тамыз 1983 ж.),  бюджет инспекциясының бастығы (тамыз 1983 ж.-ақпан 1987 ж.), аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі  (ақпан 1987 ж.-қаңтар 2005 ж.).  болып қызмет атқарған.
2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап  Абай аудандық экономика және қаржы бөлімінің бастығы.
Жанұялы жұбайы - Макенова Бақыт Біләлқызы, 1964 жылы туған. Төрт бала тәрбиелеуде (ұлдары –Мұрат (1984 ж. туған), Талап (1987 ж. туған), Ерлан, Нұрлан (1989 ж. туған).

Азаматтарды қабылдау уақыты:
Сейсенбі, жұма күндері сағ. 14-00 ден 17-00 ге дейін.
Қызметтік телефоны: (872252) 9-11-56

Абай аудандық ішкі істер бөлімі

Мекен-жайы:
Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Молдағалиев көшесі 13 үй,
телефоны 8(72252) 9-16-43

Қызмет бағыты:
Мекеменің қызметтік міндеті және бағыт-бағдары Қазақстан Республикасының әрбір азаматының Конституциялық бостандығы мен құқығын қорғау. Ал құқықтық қорғау орғандарының, оның ішінде ішкі істер органдарының басты міндеті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әрбір азаматтың құқығын қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау.

АЙТҚАЗИН ШАЛҚАР ЖҰМАНҰЛЫ  -ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі
1969 жылы 21 қаңтарда Семей облысының Шұбартау ауданы, Айғыз ауылында туған. Ұлты қазақ. 1987 жылы Талдықорған заң техникумының «құқықтану» мамандығы бойынша тәмәмдап, 1999 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ-інің Алматы заң институтын бітірген. Еңбек жолын 1990 жылы Семей облысының  ІІБ Шар ауданы ішкі істер бөлімінің милиция учаскелік инспекторлығынан бастап, Шар ауданы мемлекеттік тергеу  комитеті тергеу бөлімшесінің тергеушісі, 2003-2009 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысының ІІД Жарма ауданының ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары болып қызмет атқарған. 2009 жылдың 16 наурызынан бастап, ШҚО ІІД-нің № 136 бұйрығына сәйкес Абай ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

Азаматтарды қабылдау уақыты:   
Әр аптаның сәрсенбі күні сағат  10.00-12.00-ге дейін,                                                               
жұма күні 15.00-ден,17.00-ге дейін.
Телефон: (872252) 9-22-92

Aбай  ауданының  ауыл шаруашылығы бөлімі

Мекен-жайы:  
ШҚО,  Абай ауданы, Қарауыл ауылы,  Құнанбай көшесі 14.
телефоны 8 (72252) 91551, 8(72252)91740

Қызмет бағыты: ауданның ауыл шаруашылығы саласына байланысты сұрақтармен шұғылданады.
Аудан ауылшаруашылығын дамыту жөнінде ұсыныстар, болжамдар әзірлеу, ауылшаруашылығы саласының мәліметтерін даярлау;
Ауданда ауылшаруашылығы саласына байланысты ақпараттар мен          мәліметтерді ұсыну;
Ауылшаруашылығы және басқа да тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестік орта тудыру мақсатында бағдарламалар әзірлейді, оларды    орындау жөніндегі мекеме, кәсіпорындар қызметтерін үйлестіру;
Ветеринария саласында бекітілген ветеринария заңдылықтары және ережелері бойынша, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілер бойынша ақпараттар даярлау және мәліметтерді ұсыну;

Серікбекұлы Әсет – ауданның ауылшаруашылығы бөлімінің бастығы

1971 жылы туған, білімі-жоғары, Семейдің зоотехникалық малдәрігерлік институтын бітірген, мамандығы малдәрігері.
Еңбек жолын 1994 жылы Абай   атындағы совхозда № 1 ферманың мал дәрігерлік жұмысынан бастады.
1995-1997 жылдар аралығында Олжабай ауылдық округі әкімшілігінде хатшы қызметін атқарды.
1997-1998 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарында әскери борышын өтеді.
1998-2002 жылдар аралығында Кеңгірбай би ауылдық округінде бас маман.
2002-2006 жылдар аралығында Абай аудандық әскери комиссариатта инспектор, 1-бөлімше бастығының көмекшісі, 2-ші бөлімше бастығының аға көмекшісі қызметін атқарды. 2006-2009 жылдар аралығында ауылшаруашылық бөлімінің бас маманы. 2009 жылдың 29 тамыз айынан бастап ауылшаруашылығы бөлімінің бастығы. Жанұялы, 2 баласы бар.

Азаматтарды қабылдау уақыты:  күнделікті, телефон –8 (72252) 91551.

Абай ауданының  ішкі саясат  бөлімі

Мекен-жайы:  
070100,  Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі 14, 
телефоны 8(72252)91988, 
электрондық пошта адресі: abay_ovp@mail.ru

Мекеме қызметінің негізгі бағыты:
1) қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік егемендікті нығайту, қоғамдық процесстерді демократияландыруға, қоғамның бірігуі жөніндегі саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыруға қатысу;
2) мемлекеттік ішкі саясаттың, сондай-ақ «Мекеменің» құзыретіне енетін мәселелер жөніндегі  Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс және аудан әкімдерінің  актілері мен тапсырмаларын жүзеге асыру барысын аудан да мемлекеттік органдармен және лауазымдық тұлғалармен орындалуына бақылау жасау;
3) ауданда өтіп жатқан қоғамдық-саяси процесстерді зерттеу, олардың даму тенденциясын жан-жақты, обьективті жинақтап қорыту және талдау;
4) аудандағы қоғамдық-саяси жағдайларды анықтау мен болжауға бағытталған кең көлемді әлеуметтік және саяси зерттеулер жүргізу;
5) мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау мен түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды, ішкі саясат мәселесі жөніндегі заңнаманы, 2030  жылғы дейін Қазақстанды дамытудың негізгі басымдықтар Стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарға қатысу;
6) аймақтық бұқаралық-ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, саяси партиялар, діни бірлестіктер, ардагерлер кеңесі, жұртшылық өкілдерімен өзара бірлесіп іс-қимыл жасау;
7) аудандық маслихат пен әкімдікке ауданның ішкі саяси өмірінің маңызды мәселелері бойынша материалдарды әзірлеуге қатысу;

Екібаев Жақсыбек  Жиенбайұлы – аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы.

22 қаңтар 1950 жылы туған. Білімі жоғары. Семейдің педагогикалық институты (1971 ж.), мамандығы қазақ тілі, әдебиет пәнінің мұғалімі және Семейдің зоотехникалық-малдәрігерлік институты, мамандығы зооинженер (1985 ж.). 08.1971-11.1971 – Бірлік совхозы комсомол ұйымының секретары;  12.1971-05.1972 – Ж.Молдағалиев орта мектебінің мұғалімі; 05.1972-05.1973 – армия қатарында; 09.1973-09.1974 – Саржал орта мектебінің мұғалімі; 09.1974-05.1979 – М.Әуезов мектебінде оқу ісінің меңгерушісі;
05.1979-05.1981 – Күлмен ауылдық кеңесінің төрағасы;
05.1981-08.1983 – Жданов совхозы партия комитетінің секретары;
08.1983-08.1985 – Абай аудандық партия комитетінің секретары;
08.1985-06.1991 – Абай аудандық партиялық комиссияның төрағасы;
06.1991-09.1991 – Абай аудандық партия комитетінің секретары;
11.1991-03.1992 – Абай аудандық кеңесінің бөлім меңгерушісі;
03.1992-02.1994 – Абай ауданы Әкімі ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі;
02.1994-07.1994 – Абай ауданы Әкімінің аппарат жетекшісі;
08.1994-01.1998 – Абай орта мектебі директорының орынбасары;
01.1998-09.1998 – Аудандық мәдениет бөлімінің бас маманы;
10.1998-07.2002 – Аудан Әкімі аппаратының бас маманы;
07.2002-12.2004 – Аудан Әкімі аппараты ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі;
01.01.2005 жылы аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы болып тағайындалды.
Бөлім бастығы болып 1 қаңтар 2005 жылы тағайындалды. Жанұялы, жолдасы, 3 баласы бар. Шығармашылықпен айналысады.

Азаматтарды қабылдау уақыты: Күнделікті, телефон 9-19-88

Жаңалықтарға жазылу:
 
 
 

 
 
 
Сервер бойынша іздеу
Всего посетителей - 379666

070100 Қазақстан Республикасы, ШКО,
Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі 14,
тел.:  8(72252) 91660, DMaratov@abay.vko.gov.kz

Copyright © 2007-2010
Каталог Казахстанских ресурсов TABU