Шығыс Қазақстан облысы
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ
ресми сайты
Құрметті интернет пайдаланушылар! 
Сіздерді тарихи бай, шежіреге толы, киелі де қасиетті өлкемен таныстыруға шақырамыз!
Ауданның паспорты
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы
Жол көрсеткіш
Фотогалерея
Тарихи жерлер
Қонақ кітабы
Аудан
әкімі
Аудан әкімі
аппараты
Мәслихат Ауданның мемлекеттік
мекемелері
Виртуальды қабылдау бөлмесі

Мәслихат

  Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының  депутаттары

  Сайлау - 2007

   Нормативтік құықтық актілер

 

АБАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ТУРАЛЫ

Мекеменің мекен жайы: Шығыс Қазақстан облысы,Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі,14 үй

Абай аудандық мәслихаты 1994 жылдың наурыз айында құрылды. Аудандық мәслихаттың төртінші шақырылған құрамына  11 депутат сайланған. Үш тұрақты комиссия және тексеру комиссиясы жұмыс жасайды. Аппаратта 5 мемлекеттік қызметкер бар. Мәслихат аппараты мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады, депутаттарға өздерінің өкілеттігін орындауына көмек көрсетеді Аппараттың қызметі мемлекеттік қызмет туралы нормативтік құқықтық актілерге, еңбек туралы заңдарға және мәслихаттың Регламентіне негізделген.
Аудандық мәслихат ауданның әлеуметтік және экономикалық бағдарламаларының орындалуын, жергілікті жерде Қазақстан Республикасы Конституциясының, Заңдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының, Парламенттің шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

Мәслихат өз жұмысын сессияда, тұрақты комиссияларда заң белгілеген шектерде депутаттардың өз өкілеттіктерін орындауымен іске асырады.
Мәслихаттың кезекті сессиялары жылына кемінде 4 рет шақырылады. Сессияда және тұрақты комиссияларда аудандағы мекеме басшыларының есебі тыңдалып, әр түрлі Бағдарламалар мен комиссиялардың құрамы бекітіледі. Жылдық бюджет қабылданып, оның орындалысы қадағаланады, тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырады. Аудандық салық комитетінің ұсынысы бойынша  қызмет көрсету орындарынан алынатын салық көлемі белгіленеді. Тұрмысы төмен азаматтарға берілетін жәрдемақы мөлшері анықталады.

Қабылданған Бағдарламалар мен ағымдағы жұмыстардың орындалысы сессия мен тұрақты комиссияларда жоспарға сәйкес тыңдалып отырылады.
Аудандық мәслихаттың депутаты жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі халықтың еркін білдіретіндіктен оның бағдарламаларының жүзеге асырылуына үнемі қолдау көрсетіліп, үйлестіріледі.
Аудандық мәслихат атына түскен хат-хабарлар аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлімімен қабылданып тіркеледі және орындалысы бақылауға алынады.

Аудандағы   сайлау комиссияларын 5 жыл мерзімге саяси партиялардың ұсынысы бойынша аудандық мәслихат сайлап, құрамдарына қажетті жағдайларға байланысты өзгерістер енгізіліп отырады.
Ауданның халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган. Аудандық мәслихат құрамында  11 депутат, бар.
Мәслихат жұмысын ұйымдастыру

Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихаттың депутаттары мен хатшысы арқылы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте жүзеге асырады.
Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi.
Егер мәслихат депутаттары жалпы саныныѕ кемiнде үштен екiсi сессияға қатысса, мәслихат сессиясы заңды болады.
Мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткiзу, оларға мәселелер енгiзу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау депутаттардың сауалдарын қарау тјртiбi, сондай-ақ дауыс беру тәртiбi, аппарат жұмысын ұйымдастыру, басқа да рәсiмдiк және ұйымдастыру мәселелерi сессияда бекiтiлетiн мәслихаттың регламентiнде белгiленедi.

АМАНҒАЗЫ Төлеубек Аманғазыұлы   аудандық мәслихаттың хатшысы.

Абай аудандық мәслихатының хатшысы, 1954 жылы 20 қазанда туған, білімі жоғары, ұлты қазақ, “Нұр Отан” халықтық демократиялық партиясының мүшесі, №11 Медеу округінен сайланған депутат.
Еңбек жолы қызметі: 1972 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін “Қызылту” совхозында комсомол-жастар бригадасында бір жыл шопан болып жұмыс істеген. 1973-1977 жылдары Семейдің педагогикалық институтында оқып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алған. Қосымша зоотехник мамандығы бар. 1977-1978 жылдары облыстық “Семей таңы” газетінде әдеби қызметкер болып жұмыс жасаған. 1978-1979 жылдары “Қызылту” совхозындағы Ж.Молдағалиев атындағы орта мектепте мұғалім болған. 1979-1982 жылдары “Қызылту” совхозы комсомол ұйымының хатшысы, “Қызылту”, “Ақбұлақ” совхоздары кәсіподақ комитетінің төрағасы болып қызмет атқарған. 1982-1990 жылдары Абай аудандық Советі атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Абай аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі қызметтерін істеген. 1990-1999 жылдары Абай аудандық Советі атқару комитетінің хатшысы, аудан әкімі аппаратының бас маманы, бөлім меңгерушісі, аппарат жетекшісі болып қызмет жасаған. 1999 жылы Абай  аудандық мәслихатының хатшысы болып сайланды. 2003 жылы екінші рет хатшы болып сайланды. Жанұялы, үш баласы бар. Спортпен шұғылданады.

Лауазымдық нұсқалары:

Өкілдігі шегінде ұсынылған, аумақтың комплекстік әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуіне, азаматтардың құқығын қорғау, олардың заңды қызығушылығын қанағаттандыруына жауап береді. Аудан әкімдігімен және аудан әкімімен бірлесіп экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың аумақтық дамуының жобасын, санитарлық және жабдықтаушылық ережелерін, ауданды басқару және басқа мәселелер жөніндегі схемасын өңдейді. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларымен жергілікті бюджет туралы шешімдердің орындалуын қадағалайды. Тұрақты, тексеру комиссияларымен бірлесіп өңдеп, сессияның қарауына енгізіп бекіткен соң, мәслихат Регламентінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Мәслихат сессиясы төрағасының жұмысына ұйымдастыру-техникалық жағдай жасайды. Депутаттарға аудан әкіміне және тұрғындарына мәслихат сессиясының болатын уақыты және орны, күн тәртібінің жобасын мәлімдейді. Мәслихат сессиясының дайындығын және сессияның қарауына енгізілетін мәселелерді қамтамасыз етеді, сессияның хаттамасын жасайды, сессияның төрағасымен бірлесіп мәслихат шешімдеріне және сессияның хаттамасына қол қояды. Депутаттарға өз өкілеттіктерін іске асыруда жәрдем жасайды, керекті ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастырады, олардың органдарында, сайлау округтарында, мәслихатта жұмыс істеу үшін қызмет борышынан босатылуына байланысты мәселелерді қарастырады. Тұрақты, тексеру комиссияларының және басқа мәслихат органдарының, депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді. Аудандық мәслихат шешімдерін  жариялауды қамтамасыз етеді. Олардың орындалуына бақылау шараларын анықтайды.
Мәслихат аппаратының құрылымы мен шаттарын мәслихаттың бекітуіне енгізеді, оның жұмысын басшылыққа алады, олардың қызметкерлерін қызметке алады және қызметтен босатады. Мәслихаттың атынан тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен, кәсіпорындармен, мекемелермен, жеке меншік формасына байланысты емес ұйымдармен байланыс жасайды. Сайлаушылардан келіп түскен ұсыныстарды, тілектерді, хаттарды мәслихатқа ұсынады. Мәслихат шешімдеріне сәйкес мәслихат шешімдерінің маңызды жобаларын жергілікті және республикалық маңызы бар мәселелерді азаматтармен талқылауды қамтамасыз етеді. Аппаратта азаматтарды қабылдау, арыз, өтініштерін қарастыруды ұйымдастырады. Өз құзыры шегінде өкім шығарады.

  Қабылдау уақыты:

Азаматтарды қабылдау күні ар аптаның сейсенбі - бейсенбі күндері
Таңертеңгі уақыт:          10.00  -  12.00
Түстен кейінгі уақыт:     15.00  -  17.00
Телефон: 8-72252-9-15-44

 МҰҚАЖАН Серік Бимұратұлы 

Абай аудандық мәслихатының аппарат басшысы, 1954 жылы 9 наурызда туған, білімі жоғары, ұлты қазақ, “Нұр Отан” халықтық демократиялық партиясының мүшесі. 1975 жылы Семейдің зоотехникалық-малдәрігерлік институтын ғалым-зоотехник мамандығы бойынша бітірген.
1975-1977 жылдары Абай ауданының Жданов (Құндызды) атындағы совхозда зоотехник, 1977-1982 жылдары аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы, 1982-1989 жылдары ауданның Ақбұлақ совхозында кәсіподақ және ауылдық Кеңес төрағасы, 1989-1993 жылдары Абай аудандық Советі атқару комитетінің жалпы бөлім меңгерушісі, іс басқарушысы, 1993-1994 жылдары аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 1994-1995 жылдары аудандық мәслихаттың іс басқарушысы, 1995-1998 жылдары аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі, 1998-2000 жылдары аудандық мәслихатта іс басқарушы, 2000-2004 жылдары Абай аудандық мәслихатының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 2004 жылдың мамыр айынан бастап аудандық мәслихаттың аппарат басшысы болып қызмет атқарып келеді. Жанұялы, 4 баласы бар. Кітап оқумен, саяси білімін көтерумен шұғылданады.

  Азаматтарды қабылдау күні: күнделікті, жұмыс уақытында  

Телефон: 8-72252-9-21-53

ЖАМАШЕВ Құрмет Тұрсынханұлы

Абай аудандық мәслихатының ұйымдастыру және құқықтық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі, 1969 жылы 26 ақпанда туған, білімі жоғары, ұлты қазақ, “Нұр Отан” халықтық демократиялық партиясының мүшесі.
1993 жылы Семейдің зоотехникалық-малдәрігерлік институтын зоотехник маманы, 2002 жылы Семейдің “Қайнар” университетін заңгер маманы бойынша бітірген.
Еңбек жолы қызметі: 1986-1993 жылдар аралығында Семейдің зоотехникалық-малдәрігерлік институтының студенті, 1987-1989 жылдары Совет әскері қатарындағы қызмет, 1993-1994 жылдар аралығында Абай ауданы, Бірлік совхозында №1 фермасында зоотехник,1995 жылдың сәуір айынан бастап Абай аудандық халықты әлеуметтік қорғау департаментінде екінші категориялы маман, 1995-1999 жылдар аралығында Абай ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы, 1999-2002 жылдар аралығында Абай ауданы әкімі аппартының жалпы бөлімінің меңгерушісі, 2002-2005 жылдар аралығында Абай аудандық мәслихатының бас маманы, 2005 жылдың ақпан айынан бастап Абай аудандық мәслихатының ұйымдастыру және құқықтық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі. Жанұялы, үш баласы бар. Волейбол ойнағанды ұнатады.

  Азаматтарды қабылдау күні: күнделікті, жұмыс уақытында.  
Телефон: 8-72252-9-21-76

МЫРЗАХМЕТ Гүлназ Әрінқызы

Абай аудандық мәслихатының бас маманы 1955   жылы 1 қаңтарда туған, білімі арнаулы орта, ұлты қазақ, “Нұр Отан” халықтық демократиялық партиясының мүшесі. 1983 жылы Семейдің финанс-экономикалық техникумын бухгалтер-финансист маманы бойынша бітірген.

Еңбек жолы қызметі: 1974-1982 жылдар аралығында Абай аудандық оқу бөлімінде материалдық бухгелтер, 1982-1992 жылдары аралығында аудандық Совет атқару комитетінде бас бухгалтер, 1992-2002 жылдары Абай ауданы әкімі аппаратының бас бухгалтері, 2002-2005 жылдары аралығында Абай аудандық мәслихатының жетекші маманы, 2005 жылдың ақпан айынан бастап Абай аудандық мәслихатының бас маманы.   

  Азаматтарды қабылдау күні: күнделікті, жұмыс уақытында
Телефон: 8-72252-9-21-76

АМАНГЕЛДИН Дархан Амангелдіұлы

Абай аудандық мәслихатының бас маманы 1979 жылы 24 қазанда туған, білімі жоғары, ұлты қазақ, “Нұр Отан” халықтық демократиялық партиясының мүшесі. 1998 жылы Семей аң-терісі мех колледжінің бухгалтерлік есеп және бақылау мамандығы, 2004 жылы Семей университетінің  экономика және құық негіздері мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы қызметі: 1996-1998 жылдары Семей аң-терісі мех колледжінің студенті, 1999-2004 жылдары М.Әуезов атындағы Семей университетінде студент, 2002 жылдың сәуір айынан қыркүйек айы аралығында Семей қаласындағы №20 білімді жетілдіру орта мектебінде бухгалтер, 2002-2003 жылдары аралығында Абай аудандық қорғаныс бөлімінде инспектор, 2004 жылдың қыркүйек айынан 2005 жылдың қаңтар айына дейін Абай аудандық халықтық банкте контролер-кассир, 2005 жылдың қаңтар-маусым аралығында Абай ауданы Медеу ауылындағы Медеу орта мектебінде бухгалтер болып істеген. 2005 жылдың маусым айынан бастап Абай аудандық мәслихатында жетекші маман, 2006 жылдың қазан айынан бастап Абай аудандық мәслихатының бас маманы болып қызмет істейді. Жанұялы, бір баласы бар.

  Азаматтарды қабылдау күні: күнделікті, жұмыс уақытында
Телефон: 8-72252-9-21-85

 

 

Жаңалықтарға жазылу:
 
 
 

 
 
 
Сервер бойынша іздеу
Всего посетителей - 379668

070100 Қазақстан Республикасы, ШКО,
Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі 14,
тел.:  8(72252) 91660, DMaratov@abay.vko.gov.kz

Copyright © 2007-2010
Каталог Казахстанских ресурсов TABU