Шығыс Қазақстан облысы
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ
ресми сайты
Құрметті интернет пайдаланушылар! 
Сіздерді тарихи бай, шежіреге толы, киелі де қасиетті өлкемен таныстыруға шақырамыз!
Ауданның паспорты
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы
Жол көрсеткіш
Фотогалерея
Тарихи жерлер
Қонақ кітабы
Аудан
әкімі
Аудан әкімі
аппараты
Мәслихат Ауданның мемлекеттік
мекемелері
Виртуальды қабылдау бөлмесі

Абай ауданы бойынша «Электрондық әкімдік» бағдарламасының орындалуы туралы

Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі «электрондық әкімдік» құрудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес «Абай ауданының 2006-2008 жылдарға арналған «электрондық әкімдігін» құру бағдарламасы әзірленді. 
Абай ауданының «Электрондық әкімдігін» құру бағдарламасын іске асыру үшін аудан әкімдігі жанынан арнайы жұмыс тобы құрылды. 2006 жылы көлемінде барлық мемлекеттік органдардың материалдық-техникалық базасы қалыптасты. Аудан әкімі аппараты, аудандық бөлімдер жаңа Pentium IV 2.0 GHz-ден төмен емес, оперативті жадысы 128 Mb компьютерлер мен жарақтандырылды.  Ауылдық округ әкімдері компьютер, принтер және сканерлермен қамтамасыз етілді.
2007 жылдың басынан аудан әкімі аппараты кеңсесі облыс әкімі аппаратымен электрондық құжатайналымы жүйесі арқылы жұмыс жасап келеді.
Сайлаушылар тізімін қалыптастыру мақсатында ауданда жеке тұлғалардың маңызды мәліметтер қорын жасау бойынша жұмыстар атқарылуда. «Жеке тұлғалар есебі»  мәліметтер қорында 9350 сайлаушы енгізілді. Аудан сайлаушылары мәліметтер қорының дәлдігі 93,5% құрайды. Жалпы ары қарай дәлдік пайызын көтеру үшін «Аты», «Тегі», «Әкесінің аты», «Туған уақыты» қатарларының дәлдігін тексеру, жөндеу  бойынша жұмыстар жүргізілуде. 
Бырынғай транспорттық желісін құруда ұлттық телекоммуникациялық «KazSat» спутнигі негізінде спутниктік технологияларды қолдану, «KazSatNet» акционерлік қоғамы жасап шығаратын мемлекеттік мекемелердің жалпыреспубликалық желісімен тұтасу қарастырылған. 2007 жылы «KazSatNet»  Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметкерлері  видеоконференцбайланыс сеанстарын өткізу және Бырынғай транспорттық желісін қосу үшін аудан әкімі аппаратына спутниктік жабдықтарды орнатты.
2007 жылдың тамыз айында «KazSatNet»  Ұлттық компаниясы» АҚ спутниктік байланысы және видеоконференцбайланыс жүйесі арқылы  видеконференция өткізілді. Тұңғыш рет барлық аудан әкімдіктері тікелей эфирде  бір-бірін естіп қана қоймай, көре алды. 13 ақпан 2008 жылы видеоконференцбайланыстың спутниктік жабдықтарын қолдану арқылы Абай ауданының тұрғындары облыс әкімі Ж.Кәрібжанов мырзаның Шығыс Қазақстан облысының халқына есеп беру кездесуін көре алды. Тікелей эфирде Көкбай дәрігерлік амбулаториясының дәрігері М.Әубәкірұлы облыс әкіміне аудандағы басты мәселелердің бірі су құбырларын іске қосу жөнінде  сұрақ қойды.
Өңірлік ақпараттық ресурстарды құру бағытындағы жұмыс «Мекенжай тіркелімі» АЖ, «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» АЖ мемлекеттік деректер базасын енгізу мен біріктіруден басталды. Аталған жобаның мақсаты мекен-жайды бірыңғай тіркеуді құру, әкімшілік-аумақтық бірліктер, олардың бөлімдері жөнінде ақпарат беру, Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан тіркелген жылжымайтын  мүлік объектілерінің тұратын жері туралы ақпараттар,  объектілерді тіркеу мен бақылау есебі саласында мемлекеттік органдардың ведомствалық ақпараттық жүйелері арасында байланыс орнату.  Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық құрлысы бөлімі «Мекенжай тіркелімі» ақапараттық жүйесін құру» жобасын іске асыру үшін компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз етілді.  Осы жабдықтар аудандық құрылыс және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімідері балансына шұғыл басқару құқығында бекітіліп берілді. Аудандық құрылыс, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімідерінде жауапты тұлғалар тағайындалды. Оларды «Мекен-жай тіркелімі» ақпараттық жүйесінің жұмысы бойынша оқыту жүргізілді. Қазіргі таңда «Мекен-жай» тіркелімі ақпараттық жүйесі бойынша        26 көше, 2 алаң, 2 елді мекен енгізілді, ал «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» ақпараттық жүйесі базасына 78 жылжымайтын объектілер тіркелді.
Электрондық қызметтерге қол жеткізу мақсатында Интернет желісіне қосылатын екі типтегі қоғамдық қосылу қосындарын құру бойынша жұмыстар жүргізілді.  Бірінші түрі бір инфокиоскіден тұратын (ақпараттық дүңгіршек) қосындары аудан әкімі, аппараты, аудандық мәдениет, әділет басқармасы, халыққа қызмет көрсету және пошта ғимараттарында  орнатылды.  Екінші түрі  екі дербес компьютер, принтер және сканермен жабдықталған аудандық орталық кітапханада орнатылды. Қазіргі таңда қоғамдық қосылу қосындары тұрақты жұмыс жасауда. Интернетке тегін кіру нүктелері мына мекен-жайлар бойынша орналасқан:

Құнанбай көшес  14  ( аудан әкімі аппараты)
Құнанбай көшесі 12  (аудандық әділет басқармасы)
Мұхаметхан көшесі 53 (аудандық пошта бөлімшесі)
Мамай көшесі 40 (Мәдениет үйі)
Құнанбай көшесі  12  (Халыққа қызмет көрсету орталығы)
Абай көшесі 72 (М.Әуезов атындағы орталық кітапхана) 

Қазақстан Республикасында  ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған Бағдарламасын орындау барысында 2007 жылдың  шілде айынан барлығы 795 адам оқытылды, олардың ішінде:
435 адам – бюджеттік мекеме қызметкерлері, жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар органдарында тіркелген халықтың жұмыссыз бөлігі.
360 адам – бюджеттік емес сала қызметкерлері мен азаматтардың өзге санатынан.
Аудан бойынша 2008 жылғы жоспар-кестеге сәйкес жиыны 1178 адам оқытылады. Олардың ішінде 720 адам  бюджеттік мекеме қызметкерлері және жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар органдарында тіркелген халықтың жұмыссыз бөлігі, 354 адам бюджеттік емес сала қызметкерлері мен азаматтардың өзге санатынан және 104 адам мемлекеттік қызметкер.
2007 жылы аудан әкімі аппараты халықаралық ИСО 9001:2000 стандартын енгізу үшін жергілікті бюджеттен 2 млн. теңге бөліп, «Қазақстандық сапа ұйымы» Консалтингтік фирмасымен шарт жасасты. «Қазақстандық сапа ұйымы»  фирмасы қолданыстағы жүйеге тексеріс жүргізіп, аудан әкімі аппараты қызметкерлерін оқытты. Аудан әкімі аппаратында ИСО 9001:2000 стандартын енгізу бойынша жұмыс тобының құрамы бекітіліп, сапа бойынша жауапты басшылар тағайындалды. 2007 жылдың қазан айында ИСО 9001:2000 стандартын енгізу жұмыстары толықтай аяқталып, аудан әкімі аппараты «Қазақстандық сапа орталығының», «IQNet», «Русский регистр» халықаралық сапа сертификаттарын алды.
Шығыс-Қазақстан облысында «электрондық әкімдік» құрудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы аясында облыс әкімінің сайтында Электрондық Қызмет Орталығы құрылды(ЭҚО). ЭҚО арқылы әр Интернет желісін пайдаланушыға, облыстың кез келген мемлекеттік органының  басшысымен виртуалды хабарласуына мүмкіндік беріледі. Осы мақсатта облыстың барлық мемлекеттік органдарының, қала және аудан әкімдіктерінің  электрондық мемлекеттік қызметтері  веб-порталында виртуалды қабылдау  ашылып, онымен жұмысқа жауапты тұлғалар тағайындалды. ЭҚО-ның жұмысына жауапты әр тұлғаға сандық сертификат берілді. Азаматтар өтініштерімен жұмысты шапшаң ұйымдастыру үшін СМС-хабарлама жүйесі  пайдалануға қосылды. Виртуалды қабылдаудың жұмысына жауапты тұлғалар  жаңа өтініштердің түскені туралы хабарламаны тек электрондық почтамен ғана емес, өздерінің ұялы телефондарына  да алады.  Электрондық қызмет орталығына хабарласып, ұялы телефондарының нөмірін көрсеткен азаматтар, енді өз өтінішінің қарастырылу жағдайы туралы СМС-хабарлама ала алады. Аудан әкімінің виртуалды қабылдау бөлмесіне жиыны 5 өтініш келіп түсті. Барлығына жауап қайтарылды.
2008 жылы Электрондық қызмет орталығында Шығыс-Қазақстан облысының «Электрондық мемлекеттік сатып алулар»  ақпараттық жүйесі дайындалды. Тапсырыс беруші мемлекеттік органдар  «Электрондық мемлекеттік сатып алулар» АЖ-нің жабық бөлігінде сандық сертификат арқылы тендер жайында ақпарат орналастыралады. Онымен жұмыс жасайтын  жауапты тұлғалар тағайындалып, арнайы сандық кілтері тапсырылды.
Абай ауданы әкімінің ресми сайты www.abay.vko.gov.kz 2007 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істеп келеді. Ол Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және Шығыс-Қазақстан облысында «электрондық әкімдік» құрудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру аясында құрылды.

Аудан әкімінің ресми web-сайтына орналастырылатын маңызды ақпараттар жергілікті билік органдары мен халықтың ақпарат алмасуының тиімді үлгісі болып табылады. Сондай-ақ, сайт алыс елді-мекен тұрғындарының ақпараттық қажеттілік мәселелерін шешуге көмектеседі. Сайт екі тілде жұмыс жасайды: қазақ және орыс тілдерінде. Аудан әкімінің сайты 2007 жылы дәстүрлі облыстық веб-сайттар конкурсында  «Лучший дизайн» атағын жеңіп алды.                   
Аудан әкімі порталын облыс әкімі  порталымен біріктіру жұмыстары жүргізілді. Аудан әкімі сайтының басты бетіне «Мемлекеттік рәміздер» сілтемесі бар баннер орналастырылды. «Фотогалерея» айдары ашылды, биыл жаңа фото материалдармен толықтыру қарастырылуда.

2008 жылы Порталда келесі қызметтер жүзеге асыру жоспарлануда:
1.Сайтта халыққа арналған интерактивті сауал құру, «форум» айдарларын ашу.
2.Сайттағы мемлекеттік органдар туралы ақпараттарды толықтыру.
3.Сайттың негізгі айдарларын ағылшын тілінде толықтыру.  
4.Мемлекеттік сатып алу, тендерлер, конкурстар туралы ақпарттарды енгізу.
5.Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын енгізу. 

2008 жылы аудан әкімі аппаратында электрондық құжат айналымы жүйесін енгізу, аудан әкімінің сайтын әрі қарай дамыту сияқты алда тұрған жұмыстар бар.  Жалпы бағдарламаны іске асыру үшін қажетті қаржы қорының жалпы көлемі 2 млн. 475 мың теңгені құрайды. Бұл қаражат толықтай мақсатты түрде игерілді. Биыл аудан әкімі аппараты жергілікті бюджеттен қосымша 4 млн.300 мың теңге қаражат бөліп отыр. 1,5 млн.теңге жаңа компьютерлер алуға, 600 мың теңге аудан әкімінің сайтын дамыту және пайдалануға, 1,5 млн.теңге ауданның дербес бөлімдерін ИСО 9001:2000 халықаралық сапа стандартын енгізуге және аудан әкімі аппаратында электрондық құжат айналымын енгізу жұмыстарын бастау үшін 700 мың теңге қаралды.

Д.Маратұлы  
Аудан әкімі аппараты


Жаңалықтарға жазылу:
 
 
 

 
 
 
Сервер бойынша іздеу
Всего посетителей - 379645

070100 Қазақстан Республикасы, ШКО,
Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі 14,
тел.:  8(72252) 91660, DMaratov@abay.vko.gov.kz

Copyright © 2007-2010
Каталог Казахстанских ресурсов TABU