Аудан әкімі


   Лауазымдық міндеттері:
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және облыс Әкімінің аудан экономикасын реформалау, жүргізу және дамытуға бағытталған нормативтік актілерін, қаулыларын, шешімдерін жүзеге асыру жөніндегі ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттерді шешу. Аудан Әкімі аппаратының қызметіне, әкімдік отырысының  жұмысына, ауданның бюджетін әзірлеуге басшылық жасау, жергілікті атқарушы органдар, аудандық прокуратура, сот, ішкі істер, қорғаныс бөлімдерімен қоғамдық саяси тұрақтылық, құқықтық тәртіпті күшейту, сыбайлас жемқорлыққа және қылмысқа қарсы күрес мәселелерін шешуде өзара түсіністікпен жұмыс істеуді қамтамасыз ету.

Ауданның экономикалық, әлеуметтік салаларын реформалауға бағытталған жұмыстарды одан әрі жүзеге асыруға басшылық жасау. Жергілікті Әкімдерді, аудан Әкімі аппараты қызметкерлерін, жергілікті мекемелердің, ұйымдардың басшыларын тиісті тәртіпке орай іріктеу, тағайындау және қызметтен босату. Кадрларды марапаттау мен Үкімет наградаларына ұсынумен шұғылдану. Аудандағы төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс мәселелеріне басшылық жасау.


   Қызметтік телефоны  (872252) 9-16-00, факс (872252) 9-12-44
   E-mail:  akim@abay.vko.gov.kz  

   Азаматтарды қабылдау:  әр айдың екінші сәрсенбісі сағ.9.00-13.00 дейін.

   Аудан әкімінің блогы

 

 

Әкімнің алғы сөзі 

Құрметті достар!
Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің интернет ресурсына қош келдіңіздер !

Ақпараттық технологиялар ғасыры бізге бүгінгі күннің шындығынан қалыс қалуға мүмкіндік бермейді.  Үшінші мың жылдықтың ақпараттық ресустары - адам тіршілігінің қазіргі заманға лайықты жаңа өрісі.
Жергілікті атқару органдарының интернет ресурсы - бұл  бүгінгі күннің негізгі мәселесі  және  “электронды әкімдік” құрудың алғашқы қадамы болып табылады; бұл ары қарай корпоративтік жүйелерді жетілдіру, аудан әкімі аппаратын басқаруда инновациялық технологияларды кеңінен пайдалану және электрондық құжат айналымына өту - деген сөз.

Қазіргі заманның Интернет қолданушысы өзінің әрбір минутын бағалайды. Ол өзінің ізденісін тез, сапалы, ұтымды жүзеге асыруға тырысады. Сондықтан осы сайтты ауданымыздың экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуының, атқарушы органдар қызметінің нағыз энциклопедиясына айналдыру керек.

Аудан әкімдігінің  интернет ресурсы – бұл аудан қызметтері жөніндегі мәліметтердің жүйелендірілген базасы, ол аудан тұрғындарының осы қызметтермен өзара әрекеттестігін жеңілдетуі тиіс, сондай-ақ әрбір адамға өз ауданын абаттандыруға, оның дамуы мен көркеюіне белсенді араласуына мүмкіндік береді.

Абай ауданы тарихи бай, шежіреге толы, киелі де қасиетті мекен. Бүгінде бұл аймақ ұлылар мекені деп аталады. Шыңғыс бөктері - қазақтың ойшыл ақыны ұлы Абайдың, кемеңгер Шәкәрімнің, ғұлама жазушы Мұхтар Әуезовтың отаны. Осынау есімдері әлемге әйгілі халқымыздың біртуар перзенттерін дүниеге әкелген алтын бесік. Есімі ел тарихына алтын әріптермен жазылған батырлар мен сұңғыла ғалымдардың алтын ұясы. Біз Сіздерді ұлылар жерінде асыға күтеміз !


Абай ауданының  әкімі

 

 

Парақтар өзгертілді: 10-08-2017