Кәсіпкерлік және бизнес


Орта және кіші бизнесті дамыту мемлекеттің экономикасы дамуының іске асыру механизмдерінің бірі. Онда қарастырылған шаралар әлемнің көптеген мемлекеттерінде қолданылады. Бұл пайыздық ставкалар бөлігін субсидиялау және несие бойынша жартылай кепілдеме беру, өндірістік (индустриалық) инфра құрылымды дамыту және сервистік қолдау, салық жеңілдіктері және әлеуметтік жұмыс орындарын құру және тағы басқалар. Оларды қолдану тәжірибесі Қазақстанда да бар. Алайда алғаш рет бұл шаралар кешенді қолданылады, оларды іске асыруға мемлекеттік бюджеттен онжылдық болашаққа  қаржыландыру жоспарланды.  Өндіріс саласын дамыта отырып біздің еліміз мемлекеттік бюджеттің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, резервтік Ұлттық қор жасақтай алды. Соның арқасында дағдарыс салдарын біршама жеңілдетуге мүмкіндік туды, оның ішінде орта және шағын бизнес үшін де. 2008-2009 жылдары тек қана кәсіпкерлікті қолдау бағытында мемлекет жалпылай алғанда 400 млрд. теңгеден астам қаражат бөлді. 2010 жылдан бастап отандық бизнесті қолдау бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 19 наурыз 2010 жылғы №958 Жарлығымен бекітілген 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды-инновациалық даму бағдарламасы аясында жүзеге асатын болады. Яғни, бұл бағыттағы бар жұмыс жеделдетілген және нығайтылған түрде жүргізіледі деген сөз.
     
«Бизнестің жол картасы 2020»
 - бұл – Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациалық даму бағдарламасын жүзеге асырудың бір жолы, бір тетігі. Аталған бағдарлама аясында қолданылатын шаралар әлемнің көптеген елдерінде тиімді жолмен жүзеге асып жатыр. Мәселен, пайыздық ставканың бір бөлігін субсидиялау, несиелер бойынша ішінара кепілдік беру, өндірістік (индустриалды) инфрақұрылымды дамыту және сервистік қолдау, салықтық жеңілдіктер, әлеуметтік жұмыс орындарын ашу және тағы басқалары. Мұндай тәжірибе түрлері Қазақстанда да бар. Дегенмен, бұл шаралар бізде алғаш рет кешенді түрде қолға алынып отыр. Ал, оларды жүзеге асыру үшін алдағы 10 жылда мемлекеттік қаржыландыру жоспарланған. «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасындағы процедуралар тым бюрократиялық болып көрінуі де мүмкін. Дегенмен, біз бұл арада мәселе мемлекеттік ақша жөнінде болып отырғанын ұмытпағанымыз абзал, ал мемлекеттік қаржының жұмсалуына жан-жақты бақылау болуы тиіс. Сіздердің алдыңыздағы осы мақала «Бизнестің жол картасы 2020» дегеніміздің не жоба екенін, мемлекеттің кәсіпкерлікті қалай қолдап отырғанын және де аталған Бағдарламаға қатысу үшін не істеу керек екенін түсінуге септік етеді деген үміттеміз. 
Ел экономикасын бірлесіп гүлдендірейік!!! 

Кәсіпкерлер. 
Бағдарламаға қатысуға өтініш білдірген және ел экономикасында басымдық берілген секторларда жұмыс істейтін компаниялар. Олардың ішінде тұрақтандыру және антикризистік бағдарламалар аясында банктер арқылы мемлекеттен қаржы алып отырған кәсіпкерлер де.

Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушілері 
– әкімдіктер. Жобалар бойынша мемлекеттік органдармен келісу жөніндегі барлық процедуралар кәсіпкерлер үшін әкімдіктер арқылы «бір терезе» принципі негізінде жүргізіледі. Бағдарламаның өзге де мемлекеттік қатысушыларымен арадағы қарым-қатынасты реттеуді әкімдіктер өз мойнына жүктейді.

ҚР экономикасын модернизациялау жөніндегі Мемлекеттік комиссия – 
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы кеңес беруші, жиын құрушы орган. Мемлекеттік комиссияның міндеттері - Қазақстан экономикасының бәсекелестік қабілеті мен тиімділігін арттыру мәселелері жөнінде шешім шығару.

Аймақтық үйлестіруші кеңестер (АҮК)
 – кеңес беруші, жиын құрушы органдар. Оларды облыс және Астана, Алматы қалаларының әкімдері құрып, басқарады. Аймақтық үйлестіруші кеңестердің әрқайсысына, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, банктер мен кәсіпкерлік бірлестіктердің, салалық  ассоциациялардың өкілдері және тәуелсіз сарапшылар кіреді.

ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі (Министрлік) 
– өкілетті орган. Ол жаңа жобаларды қолдау бағдарламалары мен экспорттаушыларды қолдауды қаржыландыру үшін жергілікті бюджеттерге ақша аударатын болады. Министрлік, сондай-ақ, әрбір облыс үшін және де Алматы мен Астана қалалары үшін қаржы лимитін белгілейді. Бұл лимиттер сол өңірдегі халық санына тура пропорционалды түрде есептелетін болады.

«Даму» Қоры
 – қаржылық агент, субсидиялау үшін банктерге ақша аударады, кредиттер бойынша кепілдік береді. Бағдарламаның орындалуына мониторинг жүргізеді.

Қазақстан қаржыгерлерінің ассоциациясы
 (ҚҚА) – екінші бағыт аясында Кредиторлар комитетінің жұмысын үйлестіреді.

Кредиторлар комитеті
 – әрбір борышкер кәсіпкер бойынша кредитор-банктердің өкілдерінен құрылатын комиссия.

Банктер
 – олар жобаларды өздері таңдап (Бағдарлама талаптарына сәйкес), оларды қаржыландыру жөнінде шешім қабылдайды.  

Бірінші бағыт:  Жаңа жобаларды қолдау

Субсидиялау

Кәсіпкерлерден, бизнесті дамытуға кедергі келтіретін не деп сұрасаңыз, көп жағдайда олар: «Банктік ставкалар тым жоғары» деп жауап береді. Десек те, мемлекет банктерден сыйақы ставкаларын төмендетуді талап ете алмайды. Өйткені банктер – нарық құралдары болып табылады, олар бәсекелестік ортада жұмыс істейді, сондықтан өз қызметінің бағасын өздері белгілейді. Атап айтқанда, банктік ставка, яғни, банктік мөлшерлеме – инфляция деңгейінен, банктің өзі тартқан ақшасының құнынан, сол сияқты банктердің кредиттеу барысында мойнына жүктейтін тәуекел көрсеткішінен тұрады. Бірақ мемлекет маңызды мемлекеттік жобаларды жүзеге асыру үшін берілетін кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін өтеп бере алады. Бұл шара – пайыздық мөлшерлемені субсидиялау деп аталады және де қазіргі күні әлемнің көптеген елдерінде экономиканың басымды секторындағы өнім өндірушілерге көмек көрсету барысында кеңінен қолданылуда. Қазақстанда субсидиялар қазір ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеумен айналысатын кәсіпорындар үшін бөлініп отыр. Енді кредит құнын өзге де өндіріс компаниялары төмендете алады.

Субсидия дегеніміз не? 

Айталық, сіз, жылына 14%-дық ставкамен кредит алдыңыз. Оның 7%-ын өзіңіз төлейсіз де, қалған 7%-ын сіз үшін мемлекет тегін төлеп береді. «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының бірінші бағыты аясындағы субсидия дегеніміз осы. 

Субсидияны қандай кредиттер бойынша алуға болады? 

Субсидияны өндірісті жаңғыртуға және ұлғайтуға бағытталған жаңа және қолданыстағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін берілген жаңа банктік кредиттер бойынша алуға болады. Сонымен қатар бірінші бағыт бойынша айналым қаражатын толықтыруға берілген банктік кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін, алайда жобаның кемінде 30 % сомасын субсидиялауға рұқсат етіледі. 
Жаңа кредиттер қатарына 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап берілген кредиттер де жатқызылады. 

Субсидияны қандай кредиттер бойынша ала алмайсыз?

Субсидия төмендегі кредиттер бойынша берілмейді:

  • мемлекеттік даму институттары тікелей кредитор болып отырған, құнына қосымша салық (акциз) қосылатын тауарлар шығаруға берілген кредиттер бойынша;
  • сiздiң кәсiпорныңыз минералдық шикiзатты қайта өңдеуден өткiзетiн металлургиялық өндiрiс қатарына жатса және ҚР Үкiметiнiң 2008 жылдың 31 желтоқсанында қабылдаған №1344 қаулысына сәйкес iрi салық төлеушiлер тiзiмiнде болса несие бойынша кепiлдiк ала алмайсыз.
  • ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуге қаржы ұйымдары тарапынан субсидиялау берілген болса;
  • тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарына жатқызылатын кәсіпкерлерге.

Субсидия қандай мерзімге беріледі?
Жаңа жобалар бойынша субсидиялау мерзімі бір жылдан үш жылға дейінгі аралықты қамтиды және де әрі қарай 10 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі ескерілген. 

Кредит сомасы қандай болу керек? 

Егер сіз бір жоба аясында 3 млрд теңгеге дейінгі мөлшерде кредит алатын болсаңыз, онда кредиттің барлық сомасының пайыздық ставкасы бойынша субсидия ала аласыз.
Егер кредит бұдан көп болса, онда дәл осындай жолмен 3 млрд теңгеге дейінгі кредит сомасының ставкасы бойынша субсидия ала аласыз. Ал, кредиттің қалған бөлігі бойынша төленетін сыйақы мөлшері түгелдей өз мойныңызда.
Мәселен, сіз жылына 14%-дық ставкамен 5 млрд теңге көлемінде кредит алдыңыз дейік. Егер мемлекет сіздің жобаңыздың ставкасын субсидиялауды мақұлдап берсе, онда:

  • кредиттің 3 млрд теңгесі үшін сіз жылына 7% төлейсіз (7% көлеміндегі мемлекеттік субсидиялауды ескере отырып)
  • ал, 2 млрд теңге үшін – жылына 14% төлейсіз.

Бұл арада кредит сомасы кәсiпкермен бiрiккен тұлғаның/компанияның кредиті бойынша қордаланған қарызды тiркеуге алмай есептелінедi. 

Екінші бағыт: Кәсіпкерлік секторды сауықтыру субсидиялау

Бағдарламаның бiрiншi бағытына арналған бөлiмде бiз банктiк несиелердiң пайыздық ставкаларын субсидиялаудың тетiктерiн қарастырдық. Дәл осы жағдайда да қолданылатын тетiк бiр. Айырмашылығы, субсидиялар кәсiпорынның бұрын алған несиесiн арзандату мақсатында берiледi. Экономикалық өрлеу кезеңiнде кәсiпорындар өндiрiстi дамыту үшiн аса iрi көлемде кредит алды. Олар түсетiн табыстың есебiнен қайтаруға үмiттi едi. Бiрақ дағдарыс кезiнде кәсiпорын кiрiсi күрт төмендеп кеткендiктен, бүгiнде кәсiпорындардың бiразы банктер алдындағы борышын өтеуге қауқарсыз. Мемлекет келешегi жарқын компанияларға көмек қолын созуға ниеттi. Сондықтан несие бойынша сыйақы ставкаларының бiр бөлiгiн төлеуге мемлекет дайын.

Қандай несиелер бойынша субсидия алуға мүмкiндiк бар?

Бағдарлама аясындағы субсидияны бұған дейiн алынған несиелер бойынша алуға болады:

  • стандартты
  • 1-санаттағы күмәнді
  • 2- санаттағы күмәнді
  • 3- санаттағы күмәнді
  • 4- санаттағы күмәнді
  • 5- санаттағы күмәнді
  • үмiтсiз.

Несиелердi топқа бөлудi Қаржылық бақылау агенттiгi тарапынан бекiтiлген ережелерге сәйкес банктер жүзеге асырады. 
Сонымен қатар, егер кәсiпкердің қолында жұмыс iстеп тұрған кредит жүйесi болса, субсидиялау жоба мақұлданғаннан кейiн де аталған кредиттік жүйе аясындағы жаңа борышты да қамтиды. 

Несиенiң ең жоғарғы сомасы қай мөлшерде болуы мүмкiн?

Субсидияланған кредит көлемi кәсiпкер-борышкердiң жекелеген жобасы бойынша 3 млрд теңгеден аспауы тиiс. Несие сомасы әр жоба бойынша борышкермен бiрiккен тұлға/компанияның несиесiне қатысты қарыздар қаперге алынбай, жеке есептеледi. Тек ерекше жағдайда ғана Экономиканы модернизациялау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия борышкер-кәсiпкерге Бағдарламаның 3 млрд теңгеден астам несие алуына мүмкiндiк беретiн екiншi бағытына қатыстыруға шешiм қабылдауы мүмкiн.  

Субсидиялар қанша мерзiмге берiледi?

Субсидиялау мерзiмi 3 жылдан аспайды.

Қаржылық көмек алуға қанша уақыт кетедi?
Жобаны қарастыруға және бекiтуге қатысты шараларға шамамен екi ай уақыт қажет. Жұмыс iстеп тұрған несиеге қатысты кредиторлық қарыз көлемi кредиторлар комитетiне өтiнiш бiлдiрiлген күннен бастап жазылады. Сауықтыруға қатысты көмек осы сомаға байланысты берiледi. 

Пайыздық мөлшерлеменің қандай бөлігін мемлекет жабады?
 
кредит бойынша сыйақының  номиналды мөлшерлемесі жылдығы кемінде 12%  (теңгемен берілген кредит) және жылдығы кемінде 10% (валютамен берілген кредит) кредиттерге ғана субсидия бөлінеді, оның:

  • 7% (теңгемен берілген кредит болса) және 5% (валютамен берілген кредит болса) Борышкер төлейді;
  • 5% (теңгемен және валютамен берілген кредит болса) мемлекет өтейді.

Соның өзінде Банк:

  • Борышкер бастамашылық ететін кредиттеу шарттарының өзгеруімен байланысты;
  • Борышкердің кредит бойынша міндеттемені бузуына байланысты өндіріп алынатын кредитке байланысты комиссия, алым немесе өзге төлемдерден бөлек, ешқандай комиссия, алым немесе өзге төлемдер өндіріп алмайды.

Кәсіпкерлікті қолдау бойынша басқа да мемлекеттiк қолдау шаралары
Сауықтыру бойынша мемлекеттiк қолдаудың басқа да шаралары Мемлекеттiк комиссияның арнайы жұмыс тобы ұсынған кеңестердi ескере отырып, жеке-жеке қолданылады. Аталған жұмыс тобы кәсiпорындарды  Бағдарлама талаптары мен жалпы мемлекеттiк саясат басымдықтарына қаншалықты сәйкес келетiнiне қарай iрiктеп алады. Сонымен қатар, кәсiпорындар қызметiнiң аймақтар үшiн қаншалықты маңызы екiндiгi де қаперге алынады.
Үшінші бағыт:
Кәсіперлердің валюталық тәуекелдіктерін төмендету
Бүгiнде мұнай мен металл экспорты Қазақстанға келетiн валюталық кiрiстердiң тұрақты ағынын қамтамсыз етiп отыр. Ал бiз ертең сыртқы нарыққа не бере аламыз? Бұл шикiзаттық емес сала кәсiпорындарының қалай дамитындығына байланысты. Дамудың мемлекеттiк бағдарламалары осындай өнiдiрiстердi қолдаудың саналуан шараларын қарастыруда. Атап айтқанда, «Бизнестiң жол картасы 2020» экспортшыларға банк кредиттері бойынша пайыздық ставкаларды қаржыландыруды ұсынады.

Көмек алуға қандай кәсiпорындардың мүмкiндiгi бар?
Бағдарламаның үшінші бағытына мыналарды қоспағанда, экономиканың барлық секторларында шығарылатын өнімнің 10 %-дан астамын экспорттайтын кәсіпкерлер қатыса алады:

  • тау-кен өнеркәсібі;
  • минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген, металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары.

Кредит сомасы қай көлемде болуы тиiс?
Қаржыландыру бiр немесе бiрнеше кредит бойынша жүргiзiлуi мүмкiн. Бiрақ соманың жалпы көлемi 3 млрд теңгеден аспауы керек.

Субсидиялар қанша мерзiмге берiледi?

Қаржыландыру мерзiмi бiр жылдан үш жылға дейiн. Сондай-ақ, алдағы уақытта мерзiмдi 10 жылға дейiн ұзартуға мүмкiндiк бар.

Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі қандай болуы тиіс? 
14% (теңгемен берілген кредит болса) аспайтын және 12% аспайтын (валютамен берілген кредит болса) мөлшерде сыйақы мөлшерлемесі бар кредиттерге субсидия беріледі 
Сонымен мемлекет 8% (теңгемен берілген кредит болса) және 7% (валютамен берілген кредит болса) төлейді, ал кәсіпкер Банкке-кредиторға қалған 6% (теңгемен берілген кредит болса) және 5% (валютамен берілген кредит болса) төлейді. 

Мемлекеттік қолдауға жүгіну үшін экспортшыға қандай құжаттар керек? 

1. Экспортшының мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгi (экспортшының мөрi/қолы арқылы бекiтiлген көшiрмесi);
2. Лицензия – егер қызмет түрi лицензияланатын болса, (экспортшының мөрi/қолы арқылы бекiтiлген көшiрмесi);
3. Жарғы, құрылтайшылық келiсiм (құрылтайшы бiреу болса, құрылтайшылық келiсiм қажет емес). Акционерлiк қоғаммен келiсiм жасауда акциялар эмиссияларының анықтамасы мен акционерлердiң реестрлерiнен көшiрме қосымша берiледi (экспортшының мөрi/қолы арқылы бекiтiлген көшiрмесi);
4. Бюджетке төленуi тиiс мiндеттi төлемдер бойынша қарыздың жоқтығы немесе көлемi туралы (өтiнiш қабылданардан 30 күннен кеш болмауы тиіс) салық органынан алынған анықтама қағазы;
5. Экспортшының қаржылық декларациясының көшiрмесi оның соңғы қаржылық жылын қамтитын қаржылық есебiнiң көшiрмесiмен бiрге немесе/және Web сайттарда жарияланған экспортшының қаржылық ахуалы туралы сараптама жасауға мүмкiндiк беретiн, экспортшының дебиторлық және кредиторлық қарызы (борыштың көлемi, қордаланған мерзiмi және тауарлар мен қызмет түрi) ашық көрсетiлген ақпарат;
6. Аталған Тәртіптің 1-ші Қосымшасына сай жекелеген тауарлар/өнімдер бойынша  экспорт ауқымы және бағыты бойынша ақпарат, бұған құжат тапсырылған күнге дейінгі  есеп берілген соңғы екі тоқсан бойынша өндірілген өнім ауқымының 10%-нан жоғары болатын өнім экспортын растайтын құжаттар қосылуы тиіс (экспортшының мөрi/қолы арқылы бекiтiлген көшiрмесi); 
7. Экспортқа шығарылатын тауарлар/өнімдер бойынша келісімдер (келісім-шарттар); 
экспорт режимінде тауар/өнім өткізуші кедендік органның белгісі соғылған кедендік жүк декларациясы; 
8. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы өткізу бекетінде орналасқан кедендік органның белгісі соғылған тауардың жолдама құжаттары;
9. өндірілген тауар/өнімдердің жалпы ауқымын растайтын құжаттар, оның ішінде соңғы есеп кезеңінде статистика органдарына берілгендері де.

«Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» атты төртінші бағыт

Республикамыздағы кәсіпкерлік ахуалына жасалынған талдау кәсіпкерлердің білім деңгейін арттыру және бизнес жүргізудің заманауи үлгілерін енгізу қажеттілігін көрсетеді. Осыны ескере отырып,  «БЖК-2020» Бағдарламасы биылғы жылы «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» атты жаңа бағытпен толықтырылды.      

Осы бағыт аясында кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетіледі? 

Кәсібін жаңадан бастайтын шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне (старт-ап жобаларға):

  • жұмыс істеп жатқан бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету;
  • шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту;
  • өндірісті шетелдік серіктестермен іскерлік байланыс орнату арқылы жаңғырту және ұлғайту;
  • кадрларды еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар бойынша әзірлеу және қайта дайындықтан өткізу сияқты мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Кәсібін жаңадан бастайтын кәсіпкерлерге қолдау көрсету (старт-ап жобалар)
.  Кестені әкімдіктер аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Оқу курстары Әкімдіктер ұсынған жайларда өткізіледі.

Стандартты құжаттар пакетіне не кіреді? 

Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындарға қажетті стандартты құжаттар пакетіне мыналар:
құрылтай құжаттардың үлгі нысандары;
үлгі  түріндегі бизнес-жоспарлар;
кредит алуға қажетті үлгі құжаттар;
экономиканың әртүрлі салалары бойынша жүргізілген маркетингтік зерттеулер жөніндегі есептер кіреді. 

Стандартты құжаттар пакетін қалай алуға болады?

Стандартты құжаттар пакетін «Бизнес-Кеңесші» жобасы аясындағы оқу барысында және «Даму» Қорының аймақтық  филиалдарының немесе әкімдіктердің сұрау салуы бойынша қағаз және электронды жеткізушіде алуға болады. Аталмыш материалдарға www.dkb2020.kz. мекен-жайы бойынша Интернет желісінде де қолжеткізуге болады. Сондай-ақ басқа бағдарламалар бойынша

Абай ауданы кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінінен 9-17-40, 9-21-06 телефондарынан алуларыңызға болады.

 

 

Парақтар өзгертілді: 30-04-2015