Кәсіпкерлік және бизнес

Информация, обзоры

Кәсіпкерлік саласы бойынша

Абай ауданында 1031 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Оның ішінде: 618 шаруа қожалығы, 374 жеке кәсіпкер, 39 заңды тұлға ретінде тіркелген. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінде 1602 адам жұмыспен қамтылған.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасымен 2013 жылдан бері 9 жоба мен 27 шаруа қожалығының 35 қыстағына 382 млн. 066 мың теңгенің қаражатына электр желілері тартылды. Соның ішінде биылғы жылдың қараша айынан Архат селолық округіне қарасты 8 шаруа қожалығына электр желісін тарту жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта осы бағдарлама аясында 4 жобалық құжат облыстық энергетика басқармасына ұсынылды.
Аталған бағдарлама арқылы алынған несиенің пайыздық үстемесін «Даму» қоры арқылы субсидиялау аясында 2015 жылдан бері 11 жобамен 186 млн. 300 мың теңге несие қаражатының пайыздық үстем ақысы субсидияланып отыр. Бұл несие қаражатын әртүрлі мақсаттағы кәсіпкерлік саласына пайдаланып отыр.(айналым қаражатын толықтыруға, мал алуға) т.б.
Сонымен қатар жоғарыда аталған бағдарлама аясында 5 адам әртүрлі мақсаттағы кәсіпкерлікке 14800 мың теңге грант қаражатын ұтып алды.
«Ақ ниет» бағдарламасы арқылы 1 кәсіпкер айналым қаражатын ұлғайтуға 18 млн. теңгеге несие қаражатын алды. Бүгінгі күні «Форте банк» АҚ арқылы Көкбай ауылынан 1 кәсіпкер 8,0 млн. теңге тойхана жөндеу мақсатында несие қаражатын алып жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
Абай ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің рұқсат етілген шекті, бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын, мемлекеттік бақылау аясында, азық-түлік бағасының себепсіз өспеуін бақылау, мониторинг жүргізу және әлеуметтік-әлсіз топтарды қорғау бойынша Абай ауданының әкімінің 2017 жылы 13 желтоқсанда аудандық жұмыс тобы құрылды.
Аудандық штаб өз құзыреті шегінде Заңнамалық актілерге сәйкес күнделікті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында жұмыс жасады.
Бүгінгі таңда ауданда 91 азық-түлік дүкені, 8 жағар май құю станция жұмыс жасап тұр. Аудандағы негізгі азық-түліктердің, жанар-жағар майдың бағаларына күнделікті мониторинг жүргізіледі. Ауданда азық-түлік қоры жеткілікті. Аудандағы азық-түлік бағаларын төмендету, тұрақтандыру бойынша
штабтың отырысы өтеді және онда бүгінгі таңдағы азық-түлік бағаларының өзгерісі қаралып, бағаны өсірмеу және тұрақтандыру бойынша тиісті іс-шаралар қабылданады.
Азық-түлік тауарларын тұрақты ұстау мақсатында жыл басынан аудан орталығында, Астана қаласында және Семей қаласында жиыны 14 ауылшаруашылығы жәрмеңке болып өтті.
Индустриялық жобалар қатарына кірген «БАСТ» АҚ кен орынында флотациялық тәсіл арқылы мыс қорыту мақсатымен кен байыту фабрикасының құрылысы салынды. Кәсіпорын жаңа өндірістік қуатқа яғни, жылына 400 мың тонна немесе күніне 1200 тонна кен байытуда. Кәсіпорын 160 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Абай ауданында бірінші реттік қой жүнін жуу бағытында «Дерикар» ЖШС жұмыс жасағалы 16 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қазіргі уақытта «Дерикар» ЖШС 300 тонна жүн қабылданып алынып, 148 тоннасы бірінші реттік жуылу жұмыстарынан өтті. 74 тонна таза жуылған жүн өндірілді.

 


 

Парақтар өзгертілді: 02-11-2018