Сыбайлас жемқорлық фактілері және этика нормаларының бұзылуы туралы қалай хабарласуға болады

Құрметті сайтқа кірушілер!

Сіздер Абай ауданы әкімі аппаратына жүгіне отырып, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық және этиканы бұзу фактілері туралы хабарлай аласыздар.
Өтінішті:
070100, ШҚО,Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі 14 пошталық мекенжайы бойынша жазбаша түрде және 91660 сенім телефоны  нөміріне хабарласа аласыздар. 
Сонымен қатар, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңға сәйкес, мынадай өтініштер қарауға жатпайтынын түсіндіреміз, олар:
1) иесi бүркемеленген өтiнiш, яғни мұндай өтiнiште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп туралы мәлiметтер бар және мемлекеттiк органдардың құзыреттерiне сәйкес оларға дереу жiберiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда;
2) мәселенiң мәнi баяндалмаған өтiнiш.
Өтiнiш құзыретiне өтiнiште қойылған мәселелердi шешуге  кiретiн  субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жiберiлуге тиiс. Жеке тұлғаның өтiнiшiнде оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, почталық мекен-жайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде - оның атауы, почталық мекен-жайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Өтiнiшке арыз иесi қол қою  не  ол  электрондық  цифрлық  қолтаңбамен  куәландырылуға тиiс.Шағым жасалған кезде iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң атауы немесе  лауазымды  тұлғалардың  лауазымы,  тегi және аты-жөнi,  өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi.    Ол бойынша авторын белгiлеу мүмкiн емес, қолтаңбасы, оның iшiнде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушiнiң пошталық мекенжайы жоқ өтiнiш иесi бүркемеленген өтiнiш болып танылатынын атап өтеміз.

 

Парақтар өзгертілді: 22-01-2019