Халық театрлары мен ансамбльдер

Ақпараттар, шолулар

Абай ауданының мәдениет саласы бойынша атқарылған мәдени шаралар

11 қаңтар күні  аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері,  жерлесіміз, ақиық ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлына арналған «Сыры жұмбақ парасаттың ұлымын» атты кездесу кеші өтті.  Ақынның өмірі мен шығармашылығынан көрме қойылды. Қазақ қара өлеңінің бүгінгі Ақтангері Тыныштықбек Әбдікәкімұлына «Абай ауданының Құрметті азаматы» атағы табысталып, құрмет көрсетілді.
2018 жыл қорытындысымен әдебиет пен өнер саласы бойынша «Алқоңыр дүние» өлеңдер мен балладалар жинағы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын иеленген болатын.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 9 бабының 3) тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», 2018 жылғы 21 қарашадағы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына, 2018 жылғы 13 қарашадағы «2019 жыл – Жастар жылын жариялау туралы» №784 Жарлығына, Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әмина Өмірзақованың туғанына 100 жыл, әнші, сазгер Жәнібек Кәрменовтың туғанына 70 жыл толуына байланысты ұлттық өнер мен мәдениетті дамыту, жас ұрпаққа  отансүйгіштік пен Қазақстандық патриотизм сезімдерін қалыптастыру мақсатында 18.01.2019 жылы аудан әкімінің № 1 санды шешімі шығып, ақпан – сәуір айларында «Ұлы дала ұлағаты» тақырыбымен аудан көркемөнерпаздарының өнер байқауы өткізілді. Бұл  байқауға 9 ауылдық округ, 3  аудандық мекеме, 1500-ден астам көркемөнерпаз қатысты.      
15 ақпан күні жастар ресурстық орталығында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына арналған «Ерлікке тағзым – ұрпақ парызы» атты Ауған соғысы ардагерлерімен аудан жастарының кездесу-кеші өтті. Кездесу кешіне батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен жерлес ауғандық ардагерлеріміз қатысты. «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің өнерпаздары шағын концертін ұсынса, Қарауыл гимназиясы жанындағы Мерғали Ибраев атындағы «Ақсұңқар» ақындар сыныбының оқушылары жалынды жырларын тарту етті.
18 ақпан – 18 наурыз аралығында аудан бойынша «Тектілікті сақтайық!» атты тіл айлығы жарияланды. Тіл айлығының мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының тегі мен әкесінің атын қазақша жазу тәжірибесін қазақ халқының қалыптасқан тарихи дәстүрлеріне сәйкес келтіру көзделді. Айлық барысында тиісті мекемелерді дөңгелек үстел, семинар кеңес, кездесулер ұйымдастырылды.
7 наурыз күні аудандық мәдениет үйінде сағат 15.00-де «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» арналған мерекелік концерт өтті. Шара барысында ауданымызда елеулі еңбек сіңіріп жүрген әр саладағы әйелдер қауымына аудан әкімінің алғыс хаттары тапсырылды. Аналарға, аруларға гүл шоқтары тарту етіліп, «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің концерттік нөмірлері ұсынылды.
22-наурыз күні Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі Қарауыл ауылындағы орталық  сахнада аталып өтілді. Тиісті мекемелер тарапынан аудан орталығында қазақ үйлер тігілді. Мерекеге жиналған жұртшылыққа «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына  орай халықтың тұрмыс–салты мен ұлттық әдет–ғұрыптан және ежелден қалыптасқан ырымдардан түсінік беретін «Армысың, әз Наурыз!» атты театрландырылған композициялық қойылымдар көрсетілді. Ұлттық салт-дәстүрлер көрінісінің аяғы қой көтеру, наурыз көже ішу жарысымен жалғасты.  Сондай-ақ, ұлттық спорттық ойындар: арқан тарту, шоқпар сайысы, гір көтеру т.б сайыстар ұйымдастырылды.
27 наурыз күні аудандық мәдениет үйінде Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, кино және театр қайраткері Әмина Ерғожақызы Өмірзақованың 100 жылдығына арналған «Ана образы-Әмина» атты «Халықтық театрлар» мен «Халықтық» атаққа үміткер өнер ұжымдары арасында аудандық байқау өтті.
12 сәуір күні Көкбай ауылдық мәдениет үйінде Абайдың үздік ақын шәкірттерінің бірі Көкбай Жанатайұлының 158 жылдығына орай «Көкбай оқулары» байқауы өткізілді.
17 сәуір күніЕлбасының «Рухани жаңғыру»  бағдарламасына орай  халықтық дәстүрді жаңғырту бағытында аудандық батагөй ақсақалдар арасында «Ақ бата – асыл мұра» атты аудандық  байқау өткізілді.
18 сәуір күні  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласымен «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында «Білгенге маржан» атты тілдер сайысы өтті.  
18 сәуір күні жастарға отбасылық құндылықтарды насихаттау, ұлттық  салт-дәстүрге баулу мақсатында «Аяулы жас келін – 2019» аудандық келіндер сайысы ұйымдастырылды. Сайыс барысында қазақтың ұлттық тағамдары мен ұлттық құндылықтар дәріптелді.
25-26 сәуір күндері Қазақтың дәстүрлі  әншісі, сазгер, өнер зерттеушісі, жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты  Жәнібек  Кәрменовтің                70 жылдығына арналған «Алаштан ән оздырған Жәнібек» атты оқушылар арасында І республикалық  дәстүрлі әншілер байқауы өтті. Байқау аясында Жәнібек Кәрменовтің шәкірті, Республикалық және ъхалықаралық фестивальдердің лауреаты Қ.Қабышевтің «Тағылымын көріп, бас идім ұстазыма» атты шығармашылық концерті ұсынылды. Сондай-ақ «Тәңірі жаратқан әнші» атты кітап көрмесі қойылды.
29 сәуірХалықаралық бишілер күніне орай «Кел билейік» атты аудандық  фестиваль –конкурс өтті.
3 мамыр күні қазақтың көрнекті жазушысы, Абайтанушы-мұхтартанушы, майдангер, ұстаз Кәмен Оразалин атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің ІІ облыстық «Кәмен оқулары» байқауы өтті.  
06 мамыр күні  Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай Архат, Саржал ауылдық кітапханаларында «Жеңіс туын жақындатқандар» тақырыбында жерлес батырларымызды еске алуға арналған кездесу кештері   өткізілді.

Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Е.Оразалы    

Мәдениет саласы

2018 жылы Абай ауданында 1 аудандық, 3 ауылдық мәдениет үйі және 4 ауылдық клуб үйі, 4 халық театры, 2 халық ән-би ансамблі жұмыс істеп тұр. Халыққа мәдени қызмет көрсету бағытында 114 адам еңбек етуде.
Кітапхана жүйесі бойынша 1 аудандық кітапхана, 9 ауылдық кітапхана аудан тұрғындарына мәдени-ағартушылық, рухани-танымдық қызмет көрсетіп келеді. Бүгінгі таңда жалпы кітап қорының саны 149 712 дана, оқырман саны 8550 адамды құрайды. Кітапхана саласы бойынша жалпы саны 26 адам еңбек етуде.
Абай ауданының өнері мен мәдениетіне үлес қосып үлкен марапатқа жеткен өнер тарландары аз емес. Мәдениет саласында:
Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген мәдениет қызметкері – 1
Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» - 2
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» - 1
Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі» - 14
2018 жылы ауданда жиыны 317 мәдени көпшілік іс-шаралар өтті.
Көрермен саны -14 452
«Тарихы – дастан, елім бар мерейі асқан»тақырыбымен  ақпан, мамыр айларында аудан көркемөнерпаздары байқауы өтті. Бұл байқауға 9 ауылдық округ, 4 аудандық мекеме қамтылып, оған 1500-ден астам көркемөнерпаз қатысты.
Тамыз айының 15 күні Абай ауданының 90 жылдығына арналған  Семей қаласындағы Шәкәрім университетінде «Абай елі-руханият меккесі» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті. 16 тамыз күні аудандық мәдениет үйінде ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының өткізуімен облыстық этнос жастары арасында «Шәкәрім оқулары» байқауы өткен болатын. Абай ескерткішінің жасалуына қолдау көрсеткен ел азаматтарына «Абай ауданына - 90 жыл» атты төсбелгі табысталды. 17 тамыз күні Шәкәрім Құдайберділыұлының 160 жылдық пен Абай ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай арнайы ШҚО әкімі Д.Ахметовтың  және республикамыздың түкпір-түкпірінен келген құрметті қонақтардың қатысуымен орталық алаңда жаңа Абай ескерткішінің лентасы салтанатының түрде қиылды. Ауданымызда жаңа спорттық нысан бассейн ашылып, аудан халқына үлкен қуаныш сыйлады. Орталық стадионда Облыс әкімі Д.Ахметов мерекелік салтанатты ашып, аудан халқына құттықтау тілегін білдірді. «Абай елі-руханият меккесі» атты театрландырылған музыкалық композицияда Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен Абай ауданының құрылу тарихы бейнеленді.
15 қыркүйек күні Қазақстаннның еңбек сіңірген қайраткері, «Абай ауданының Құрметті азаматы», әнші Бақыт Шағатаеваның 70 жасқа толуына орай «Гәкку ғұмыр» атты шығармашылық ән кеші өткен.
26 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облыстық ардагерлер төрағаларының Абай ауданына келуіне байланысты «Хан Шыңғыс» мейрамханасында ақ дастархан жайылып, «Қаламқас» ән-би ансамбілінің концерттік бағдарламасы қойылып, ардагерлерге құрмет көрсетілді.
1 қазан  Қарттар күніне арнап «Атамекен» мейрамханасында мерекелік дастархан жайылып,  ауданымыздың қарияларына құрмет көрсетілді. Аудан әкімі Ж.Байсабыров аудан ардагерлерін мерекелерімен құттықтап. «Қаламқас» ән-би ансамбілі әнмен шашу шашты.
15 қараша күні Абай аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Бақыт Үдербаеваның «Шығысымда шалқыған әсем ән» атты шығармашылық ән кеші аудандық мәдениет үйінде өтті.
19 қараша күні сағат 17.00-де Абай аудандық мәдениет үйінде халықаралық Құрманғазы конкурсының  лауреаты, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі»,  танымал күйлердің авторы, жерлесіміз Айбек Бекбосынның «Дала рухы» атты шығармашылық концерті өтті. Кеш барысында күйшінің өзіндік қолтаңбасына айналған «Сарыжал», «Мəңгілік», «Айбарыс» атты туындылары орындалды. Кеш қонағы қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Бауыржан Исаев болды.
23 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай өңірлік мәдени байланысты дамыту, тәжірибе алмасу бағытында Курчатов қаласында  «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің «Абай елі-руханият меккесі» атты концерті өтті.
30 қараша күні Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты мерекелік концерт өтті.

12 желтоқсан күні «Қаламқас» ән-би ансамбілі Семей қаласына «Абай елі-руханият меккесі» атты концертін жоспарлауда.
14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне арналған «Елімнің еркіндігі -Тәуелсіздік» атты салтанатты жиын, мерекелік концерт өтпек.
16 желтоқсан күні Аудандық мәдениет үйінде Жайдарман ойыны Абай лигасы және  «Жылдың жас үздіктері  - 2018»марапаттау кеші өтпек

 

Мәдениет саласының 2018 жылғы негізгі көрсеткіштері туралы ақпарат

Мәдениет ошақтарының жалпы саны- 19
Мәдениет үйлері:
Аудандық мәдениет үйі-1
Ауылдық мәдениет үйі-3
Ауылдық клуб үйі -3
Видеомобиль -1
Тарихи-мәдени қорғалатын «Қоңыр әулие үңгірі»-1
Кеңгірбай би ауылында 100 орындық ауылдық клуб үйін салу үшін жобалық сметалық жобасы бекітілді.
«Халықтық» атағы бар ұжымдардың жалпы саны -6
оның ішінде:
«Халықтық» театр атағы бар ұжымдар саны-4
«Халықтық» ән-би ансамблі атағы бар ұжымдар саны-2
Кітапхана жүйесі :
орталық аудандық кітапхана-1
ауылдық кітапхана-9
ауылдық кітапханалар ауылдық мәдениет үйі, ауылдық клуб үйінің ғимаратында орналасқан. Тоқтамыс, Кеңгірбай би, Орда ауылдық кітапханасы мектеп ғимаратында орналасқан.
Мәдениет саласындағы кадрлар құрамының жалпы (адам) саны:- 144
Қызметкерлер саны- 91
Жұмысшылар саны-53
«Абай аудандық мәдениет үйі» КМҚК бойынша:
Қызметкерлер саны-118
оның ішінде:
шығармашылық қызметкерлер саны -65
жұмысшылар саны -46
әкімшілік қызметкерлер саны-7

Абай аудандық мәдениет үйі (адам саны)-54
шығармашылық қызметкерлер саны-30
жұмысшылар саны-17
әкімшілік қызметкерлер саны-7
Қасқабұлақ ауылдық мәдениет үйі (адам саны)-7
шығармашылық қызметкерлер саны-4
жұмысшылар саны-3
Көкбай ауылдық мәдениет үйі (адам саны)-11
шығармашылық қызметкерлер саны-6
жұмысшылар саны-5
Саржал ауылдық мәдениет үйі(адам саны)-8
шығармашылық қызметкерлер саны-4
жұмысшылар саны-4
Медеу ауылдық клубүйі (адам саны)-5
шығармашылық қызметкерлер саны-2
жұмысшылар саны-3
Құндызды ауылдық клуб үйі(адам саны)-10
шығармашылық қызметкерлер саны-7
жұмысшылар саны-3
Архат ауылдық клуб үйі (адам саны)-12
шығармашылық қызметкерлер саны-7
жұмысшылар саны-5
Тоқтамыс ауылдық клуб үйі(адам саны)-11
шығармашылық қызметкерлер саны-5
жұмысшылар саны-6

М.Әуезов атындағы кітапханалар жүйесі КММ бойынша:
Қызметкерлер саны-26
оның ішінде:
кітапханашы саны-19
жұмысшы саны-7

2017 жылы өткізілген мәдени        2018 жылдың 10 тамызға дейін
 іс-шаралар саны- 694:                  өткізілген мәдени іс-шаралар саны-  
                                                             475                           
Мәдениет үйі бойынша:
мәдени іс-шара саны-  447                        мәдени іс-шара саны-261
байқау- 5                             байқау - 9  
фестиваль-2                        фестиваль-1
атаулы және даталы          атаулы және даталы
мерекелер саны-   440      мерекелер саны-253

Кітапхана жүйесі бойынша:
Мәдени іс-шара саны -247 мәдени іс-шара саны -214

Қоңыр әулие үңгірінің жер учаскесініңаумағы 3.0 га
Келушілер (адам) саны-1000

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 9 бабының 3) тармақшасын, Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында, үстіміздегі жылғы елдің маңызды оқиғалары - елордамыз Астана қаласына 20 жыл, Абай ауданының құрылғанына 90 жыл, Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл толуына орай ұлттық өнер мен мәдениетті дамыту, жас ұрпаққа отансүйгіштік пен қазақстандық патриотизм сезімдерін қалыптастыру мақсатында 18.01.2018 жылы аудан әкімінің № 4 санды шешімі шығып, ақпан – сәуір айларында «Тарихы – дастан, елім бар мерейі асқан» тақырыбымен аудан көркемөнерпаздарының өнер байқауы өткізілді. Бұл байқауға 9 ауылдық округ, 4 аудандық мекеме, 1500-ден астам көркемөнерпаз қатысты.
14 ақпан күні Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай халықтық дәстүрді жаңғырту бағытында аудандық батагөй ақсақалдар арасында тұңғыш рет «Ақ бата – асыл мұра» атты аудандық байқау өткізілді.
1 наурыз күні облыстық «Ақ бата – асыл мұра» байқауына аудан атынан Махаев Ақанғали қатыстырылып, жүлделі ІІІ орынға ие болды.
20 наурыз күні Абай аудандық мәдениет үйінде Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасына аясында «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің дәстүрлі әншісі Қ.Қабышевпен Ж.Кәрменов атындағы саз мектебінің ұстазы Мыңбаева АқмаралМайлыбайқызының «Ән аманат» атты дәстүрлі ән кеші өтті.
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Абай аудандық М.Әуезов атындағы орталық кітапханасының бірінші қабатынан «Аудандық ардагерлер орталығы» ашылды.
22-наурыз күні Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі Қарауыл ауылындағы орталық «Аға сұлтан» алаңында аталып өтілді. 
23 наурыз күні «Аяулы жас келін – 2018» аудандық келіндер сайысы ұйымдастырылды. Сайыс барысында қазақтың ұлттық тағамдары мен ұлттық құндылықтар дәріптелді.
5 сәуір күні Семей қалалық мәдениет үйінде «Үркер» шығармашылықты дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Ұлы дала дарыны» атты Халықаралық өнер және білім байқауы өтті. Байқауға «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің әншісі Жақсыбек Таңнұр Қымбатұлы қатысып, жастар арасындағы «Эстрадалық вокал» бөлімі бойынша «Алтын жүлде» иегері атанды. Сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы «Эстрадалық вокал» бөлімі бойынша Ақбөпе Ағдәриева «Алтын жүлде» лауреаты атанды. Сондай-ақ «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің көркемдік жетекшісі Нұрбек Өмірбеков «Үздік жетекші» дипломымен марапатталды.
14 сәуір күні «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласына орай Қасқабұлақ ауылында жас ақын Ормантай Қонақаевтың «Шежірелі өлкенің баласымын» атты тұңғыш өлең кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
20-21 сәуір күндері Солтүстік Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Петропавл қаласында Сегіз Сері атындағы ІІ республикалық «Гаухар тас» халық аспаптар оркестрі және фольклорлық ансамблдер фестивалі өтті. Фестивальге «Қаламқас» фольклорлық ансамблі қатысып, лауреат атанды.
23 сәуірде Семейдегі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейінде Халықаралық кітап күніне орай ақын, сазгер, ҚР Мәдениет қайраткері Оразалы Елдар Кәменұлының «Шыңғыстау» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
27 сәуір күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы мен «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы аясында «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын және «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында аудандық «Білгенге маржан» атты тілдер сайысы өтті. 
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай «Отаным менің – Қазақстан» атты патриоттық әндер байқауы өткізілді. Аталған шараға ауылдық округтерден үміткерлер қатысып, өнерлерін ұсынды.
9 мамыр күні Ұлы Жеңіс күнінің 73 жылдық мерекесіне арналған салтанатты шеру Қарауыл ауылындағы «Белгісіз солдат» ескерткішінің басында өтті.
17 мамыр күні қазақтың көрнекті жазушысы Кәмен Оразалин атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің І облыстық «Кәмен оқулары» байқауы өтті. Байқауға Абай ауданы, Аягөз ауданы, Көкпекті ауданы, Семей қаласы, Ұлан ауданы, Үржар ауданынан үміткерлер қатысты.
Мамыр айының 23-27 күндері аралығында Өскемен қаласында Астана қаласының 20 жылдығына арналған облыс әкімінің жүлдесі үшін өткен ХХІ ші Ұлттық спорт ойындары Спартакиадасы аясында «Қазақтың киіз үйлері» фестивалі өткізілді. Фестивальге қатысқаны үшін Абай ауданы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ә.Нүсіпованың мадақтамасымен марапатталды.
 04 маусым күні  аудандық мәдениет үйінде Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Мерекелік шара барысында аудан әкімі Ж.Б.Байсабыров Астана қаласының 20 жылдығына арналған облыс әкімінің жүлдесі үшін өткен ХХІ ші Ұлттық спорт ойындарындағы Абай ауданының жетістігіне (ІІІ орын) үлес қосқан барлық спорт саласының мамандарын құттықтап, алғыс хатпен марапаттады. 
 08 маусым күні аудандық мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласына 20 жыл, Абай ауданына 90 жыл және Шәкәрім Құдайбердіұлына 160 жыл толу мерейтойы қарсаңына орай белгілі композитор Кентау Назарбектің «Әнім саған туған ел» атты шығармашылық кеші өтті.  
28 маусым күні аудандық мәдениет үйінде Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай Қазақстан Журналистер сыйлығының лауреаты, жазушы-журналист, Семей қаласының және Абай ауданының құрметті азаматы Дәулет Сейсенұлының «Жәнібек ән салады...» атты пьесасы сахналанды.
1 шілде күні Қарауыл ауылы Жәнібек Кәрменов атындағы саз мектебінің алдында «Ұлттық домбыра күніне» арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.
5 шілде күні Қарауыл ауылындағы Абай алаңында Астана қаласының      20 жылдық мерекесіне орай «Ел жүрегі – Астана» атты мерекелік концерт өтті.  
02 тамыз күні М.Әуезов атындағы орталық кітапханада Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай Астана қаласының 20 жылдығы, Абай ауданының 90 жылдығы және Ш.Құдайбердіұлына 160 жылдығына арналған «Астана – тәуелсіздік тірегі» тақырыбында рухани-танымдық шара өтті.
03 тамыз күні аудан әкімдігі ғимаратында Абай ауданының 90 жылдығына орай жарияланған ән конкурсының қорытындысын шығару мақсатында құрылған комиссия тыңдалым қорытындысын өткізді.  Комиссия мүшелерінің шешімімен конкурсқа түскен сазгерлер шығармаларының ішінен – «Абай елі» /әні Гүлмира Саринанікі, сөзі Жұлдызай Ысқақтікі/ үздік деп танылды.
15 тамыз күні Абай ауданының 90 жылдығы және Ш.Құдайбердіұлының 160 жылдық мерейтойына орай Абай ауданы әкімдігі мен Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің бірлескен «Абай елі – руханият Меккесі» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. 
16 тамыз күні Ш.Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналған этнос жастары арасындағы облыстық «Шәкәрім оқулары» байқауы өтті. Байқауға Өскемен қаласы, Курчатов қаласы, Семей қаласы, Абай ауданы, Шемонайха, Күршім, Көкпекті, Глубокое, Бородулиха, Ұлан, Үржар аудандарынан үміткерлер қатысты.
17 тамыз күні Елбасының «Рухани жаңғыру бағдарламасына орай Қарауыл ауылында Ш.Құдайбердіұлының 160 жылдығы, Абай ауданының 90 жылдығына арналған «Абай елі – руханият Меккесі» атты халықтық дүбірлі мереке аталып өтілді. Шара барысында М.Әуезов атындағы орталық кітапханада Елбасымыздың «Болашаққа бағдар –рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру аясында облыс әкімі Ахметов Даниал Кенжетайұлының «Абай әлемі» кітаптар топтамасын сыйға тартылды.
Ауданымыздағы орын алған жетістіктің басы – Абай бабамызға жаңадан орнатылған ескерткіш болды. Ескерткіш авторы шебер мүсінші Нұрбол Қалиев.
Іс-шара барысында орын алған игі істердің бірі баба рухына тағзым ету болды. Шәкәрім бабаның ескерткішіне облыс әкімі бастаған делегация жол тартып, әдеби монтаждың куәгері болды.
Шәкәрім бабамыздың мерейтойы қарсаңында заман талабына сай спорттық жаңа нысан – бассейннің ел игілігіне пайдалануға берілуі көппшілік күткен қуанышты жағдай болды.
Орталық стадиондағы іс шараның ресми бөлімінде той шымылдығын ашу үшін сөз облыс әкімі Ахметов Даниал Кенжетайұлына берілді. Сондай-ақ Еуразия ұлттық универсиетінің ректоры – Сыдықов Ерлан Бәтташұлына сөз алып, Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықованың құттықтауын жеткізді.
Аудан көркемөнерпаздарының және халық театрларының қатысуымен «Абай елі – руханият Меккесі» атты театрландырылған музыкалық –композициялық көріністер көрсетілді. Бұл көрініске 200 ге тарта мекеме қамтылды. Тақырыпты ашатын 7 түрлі бөлім ұсынылды.
Қарауыл төбеде өткен ат бәйгесі және палуандар күресі дүбірлі думан көрігін қыздырды.
Кешкілік шара соңы орталық стадионда «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің, өнер шеберлерінің Гала концертімен аяқталды.
5 қыркүйек күні М.Әуезов атындағы орталық кітапханада 5 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне сондай-ақ ғалым, қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлының туған күніне арналған «Тіл-ұлт мақтанышы» атты рухани-танымдық шара ұйымдастырылды.
7 қыркүйек күні Елбасымыздың рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Абай ауданы, Құндызды ауылында батыр, жырау Ақтамберді Сарыұлына арналған спорт кешені мен ескерткіш ашылды.
15 қыркүйек күні аудандық мәдениет үйінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Абай ауданының Құрметті азаматы» әнші Бақыт Шағатаеваның 70 жасқа толуына арналған «Гәкку ғұмыр» атты шығармашылық ән кеші өтті.
22 қыркүйек күні аудандық мәдениет үйінде Семейдің М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжіне 115 жыл толуына арналған «Алаштың білім ордасы» атты мерекелік шағын концерт өтті.
26 қыркүйек күні облыс әкімі Д.К.Ахметовтің қолдауымен өңірімізге белгілі ардагер аталарымыз, облысымыздың өркендеп өсуіне өлшеусіз үлес қосқан аға буын өкілдері киелі Абай еліне іс-сапармен келді. Ардагер қонақтарымызға «Қаламқас» халық ән-би ансамблі өнерпаздары өнерлерін  арнады.
1 қазан күні Халықаралық қарттар күні мерекесі барлық ауылдық округтерде аталып өтілді.
06 қазан күні ауданымыздағы тарихи-өлкетану мұражайында ұлттық құндылықтарымызды, ұмыт болған қазақтың тағам түрлерін насихаттау   мақсатында рухани-танымдық шара ұйымдастырылды.

 

О проделанной работе *.doc 65 KB

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 22-10-2019