Білім саласы


Ақпарат

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасында *.doc 1.1 MB
Абай ауданының білім саласының жағдайы мен дамуы туралы Ашық баяндама *.doc 21 MB
Абай ауданының білім беру саласы бойынша 2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат *.doc 36 KB
2014 - 2015 жылы ауданның білім саласы бойынша атқарылған жұмыстар туралы *.doc 36 KB
2013-2014 жылы ауданның білім саласы бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтама *.doc 66 KB
   

 

Аудан бойынша бүгінде 11 мектеп жұмыс жасайды, 10 орта, 1 негізгі мектеп. 5 мектеп шағын, 6 мектеп толық комплектілі.
2017-2018 оқу жылында осы білім беру мекемелерінде 2551 оқушы білім алуда, мектепалды даярлық топтарында 269 бала білім алуда.
Аудан мектептерінде 450 мұғалім ұстаздық етуде, оардың жоғары санаттысы - 78 (17,3%), бірінші санаттысы - 148 (35,8%), екінші санаттысы - 112 (24,8%), санатсызы - 112 (24,8%).
2016, 2017 жылдары білім берудің мазмұнын жаңарту аясындағы біліктілікті арттыру курсынан 193 педагог өтті,  тренерлік курстан - 36, үштілділікке байланысты курстардан - 48, жаратылыстану- математикалық бағыттағы пән мұғалімдерінің ағылшын тілі курсынан - 24, деңгейлік курстан -120 мұғалім өтті.
Аудандағы 8 мектепте шағын орталық топтары бар. Шағын орталықтардағы бала саны - 281. 5 балабақшада - 539 бала тәрбиеленуде. Жалпы, аудан бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына - 820 бала қамтылып отыр. Педагогтар саны – 90.
Облыстық  олимпиадаларға, ғылыми жобалар сайысына 76 бала қатысып, оның 33-і жүлдегер болды.
Бүгінде аудан бойынша 946 бала тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр.
Білім сапасы бойынша 2551 оқушы, озаттар мен екпінділер 1697, білім сапасы 66,1%, үлгерім сапасы 100% құрап отыр.
Ұлттық біріңғай тестілеу нәтижесі бойынша 2016-2017 жылғы оқу жылында орташа балл 82,4 болды. Алдыңғы жылы 88 балл болған.
202 түлектен 144 оқушы жоғарғы оқу орнына түсті, оның 64 грант иегерлері, 14 «Алтын белгі» иегері өз білімін қорғады, 9 түлек «Үздік аттестатқа» ие болды.
2017 жылы облыстық бюджеттен Медеу орта мектебін күрделі жөндеуден өткізуге 53,4 млн. теңге қаржы бөлініп, ол толықтай игерілді.
Аудан бойынша жаңа модификациялы 15 информатика, 10 биология, 10 физика, 9 химия кабинеттер бар. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында облыс әкімі Д.Ахметовтың бастамасымен «Туған мектебім» акциясы қолға алынды. Осы акция аясында  2018 жылы Қарауыл гимназиясы, Тоқжігітов, Әбенов, Әуезов, Көкбай орта мектептерінен робототехника кабинеттерін ашу, сонымен қатар, Әбенов, Көкбай орта мектептеріне химия және биология кабинеттерін жабдықтау жоспарлануда.
Үштілділікті дамыту жөнінде 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруда 45 қазақ тілі, 28 орыс тілі, 25 ағылшын тілінің мұғалімдері оқушыларға білім беруде.
Жазғы демалыс кезінде аудан бойынша 144 оқушы лагерлерде демалды, бір күндік  өлкетану саяхаттарына 11 мектептен – 1714 оқушы демалды.
Сондай-ақ, «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне 690 аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан және жетім балалар мен  дарынды оқушылар және 43 жетекші облыстық бюджет есебінен тегін саяхаттауға барып қайтты.
Ауданда  екі қосымша білім беру мектептері бар, олар Ж.Кәрменов атындағы саз мектебі және Балалар көркемсурет мектебі. Ж. Кәрменов атындағы саз мектебінде 466 оқушы әр-түрлі аспаптардан тәлім алуда. Мектептің 5 филиалы бар. Бүгінгі таңда балалар көркемсурет мектебінде 141 оқушыға 16 мұғалім дәріс беруде.