Білім саласы

Мектептегі тамақтандыру

Абай ауданы бойынша 11 мектеп бар. Мектеп асханаларының жағдайы бірқалыпты, жетпеген жабдықтарды және безендіру жұмыстарын  асхананы жалға алушылар толықтырып отырады. Асханаларда екі апталық астың мәзірі жасалынған.
Аудан бойынша 2018-2019 оқу жылында жалпы 1-11 сынып аралығында 2485 оқушы білім алып отыр. Барлық оқушылар 100% ыстық тамақпен қамтылған. 1-4 сыныпта 1039 оқушы болса, оның 609-ы тегін ыстық тамақ ішеді. 5-11 сынып аралығында 1446 оқушы бар болса, оның ішінде аз қамтылған, тұрмысы төмен яғни тегін тамақпен қамтылып отырғаны 503 бала. Күнделікті тамақтың бағасы 200 теңге көлемінде беріліп отыр. 2019 жылға аз қамтылған тұрмысы төмен оқушыларды тегін тамақтандыруға 27378 мың теңге қаралса, 1 сынып оқушыларына жергілікті бюджеттен 8651 мың теңге қаралып тегін ыстық тамақ беріліп отыр. Мектеп асханасын жалға алушылардың есебінен 157 оқушы тегін тамақтанады.  2019 жылға ыстық тамаққа қаралатын қаржы көлемі 36028 мың теңгені құрайды. 2019 жылдың 10 қаңтарынан бастап аудан мектептеріндегі бастауыш сынып оқушыларын табиғи сүтпен қамтамасыз етуді жолға қою үшін жергілікті бюджеттен 8079 мың теңге бөлінді.  Қазіргі таңда аптаның бес күнінде сүт ішіп отыр.
«Нұр-Отан» партиясының «Мектеп асханасы» жобасын іске асыру мақсатында мектеп тағамының сапасына мониторинг жасауды ұйымдастыру бойынша ведомствоаралық сараптамалық топ құрылған болатын. Топ мүшелері ауданымыздағы барлық мектептердің асханаларын аралап, тамақтың сапасын, дұрыс әрі жүйелі түрде берілуін қадағалау мақсатында жұмыстар жүргізілді.
Аталған мекемедегі тәрбиеленушілер толық ыстық тамақпен және сүт өнімдерімен қамтылып отыр.

Парақтар өзгертілді: 13-05-2019