Сайлау

«Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлық

Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ETEMIH:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2015 жылдың 26 сәуіріне тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін дер кезінде жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсін, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсетсін.
5. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Қазақстан Республикасының  Президенті   Н.Назарбаев

Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы *. doc 39 Kb
Сайлау учаскелерінің шекаралары *. doc 31 Kb
Сайлау учаскесі *. doc 230 Kb
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар тізбесі *. doc 36 Kb
Учаскелік сайлау комиссияларының мекен-жайы мен телефондары *. doc 39 Kb
     

Азаматтарды сайлаушылар тізімінде тексеру үшін Абай ауданы әкімі аппаратында жауапты тұлғалардың телефон нөмірлері

Аудан атауы Жауапты тұлғалар

Телефон нөмірлері

Абай ауданы

Қари Қанат
Қадырсызов Нуржан

ж.  8(72252)91653
қаб.8(72252)91600

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 30-04-2015