«Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

 

р/с Фамилиясы, аты, әкесінің аты Лауазымы Азаматтарды қабылдау Электрондық адрес
1 Тәттібеков Бауржан Болатұлы Аудан әкімінің міндетін атқарушы Әр айдың екінші сәрсенбісі
Сағ.9.00-12.00
akim@akimvko.gov.kz
тел.87225291600
2 Едильбаев Марат Сейтжағпарович Аудан әкімінің орынбасары Әр айдың бірінші бейсенбісі
Сағ.9.00-12.00
akim@akimvko.gov.kz
тел.87225292267
3 Мұқажан  Серік Бимұратұлы Аудан әкімінің аппарат басшысы Әр айдың екінші жұмасы
Сағат 9.00-12.00
akim@akimvko.gov.kz
Тел.87225291907
Ұымдастыру бөлімі
4 Слямханов Роллан Муратханович Бөлім басшысы Күнделікті сағат
9.00-18.00
r.slyamkhanov@akimvko.gov.kz 
Тел.8722521953
5 Камалов Нұрсұлтан Советұлы Бас маман Күнделікті сағат
9.00-18.00
N.Kamalov@akimvko.gov.kz

Тел.8722521953
Ақпараттық технологиялар, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
6 Маратұлы Думан Бөлім басшысы Күнделікті сағат
9.00-18.00
D.Maratov@akimvko.gov.kz
Тел.87225291244
7 Дайырбаев Қайрат Болатұлы Бас маман Күнделікті сағат
9.00-18.00
K.Daiyrbaev@akimvko.gov.kz
Тел.87225291660
8 Жұмағалиқызы Қаламқас Бас маман Күнделікті сағат
9.00-18.00
K.zhumagalikyzy@akimvko.gov.kz
Тел.87225291660
Персоналды басқару қызметі  бөлімі
9 Сагындыкова Нургуль Максутовна Бөлім басшысы Күнделікті сағат
9.00-18.00
N.Sagyndykova@akimvko.gov.kz
Тел.87225291736
10 Ермукашева Умытхан Секеновна Бас маман Күнделікті сағат
9.00-18.00
U.Ermukasheva@akimvko.gov.kz
Тел.87225291736
Заң бөлімі
11 Хусайнов Дулат Маратович Әкім кеңесшісі Күнделікті сағат
9.00-18.00
D.Khusaiynov@akimvko.gov.kz
Тел.87225291273
12 Мәнненова Назерке Жағыпарқызы Бас маман Күнделікті сағат
9.00-18.00
Тел.87225291273
Қаржы шаруашылық бөлімі
13 Жақсылықова Гүлжан Мейрамғазықызы Бөлім басшысы Күнделікті сағат
9.00-18.00
G.zhaksylykova@akimvko.gov.kz
Тел.87225291298
14 Жұмабек Жанат Ашманқызы Бас маман Күнделікті сағат
9.00-18.00
Тел.87225291298
Жұмылдыру дайындығы жөніндегі бөлімше
15 Баймуханбетов Думан Слямжанұлы Бөлімше басшысы Күнделікті сағат
9.00-18.00
D.Baimukhambetov@akimvko.gov.kz
Тел.87225291431

   
Заңды тұлғаның орналасқан жері: 
Шығыс Қазақстан облысы,  Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі 14.



«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі

1.Жалпы ережелер

1. «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы органы мен аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттің атынан заңнамамен, сонымен қатар осы Ережемен бекітілген құзыреті шегінде азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес аудан әкімдігімен бекітіледі.
8. «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі, 14, пошталық индексі 070100.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Абай ауданы әкімдігі мен әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтылуын қамтамасыз ету.
14. «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Шығыс Қазақстан облысы және аудан әкімі мен әкімдігінің, облыс және аудан әкімі орынбасарларының, облыс және аудан әкімінің аппараты басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс және аудан әкімі мен әкімдігі қойған тапсырмаларды іске асыру бойынша заңнамада белгіленген құзыреті шегінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауданның атқарушы органдарының (бұдан әрі - атқарушы органдар) қызметін үйлестіру болып табылады.
15. «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) аудан әкімі мен әкімдігі қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан қамтамасыз ету:
әкімге мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ауданды дамыту мәселелері жөнінде талдамалық және ақпараттық материалдар әзірлеу;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыреті шегінде атқарушы органдардары қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру;
аудан әкімі мен әкімдігінің норма шығармашылық қызметінің талдауын, аудан әкімі және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің мониторингін жүргізу;
көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалау және мониторинг жүргізу;
Абай ауданы әкімінің сайтын ақпараттық толтыру және жұмысын ұйымдастыру;
аудан әкімі аппараты және оның құрылымдық бөлімшелерінде атқарушылық тәртіптің жағдайын талдау;
2) аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету:
аудан әкімдігінің мәжілістерінде қарау үшін жылдық мәселелер тізбесін әзірлеу, күн тәртібін жасау, облыс және аудан әкімдігінің мәжілістеріне материалдар әзірлеу, аудан әкімдігі мәжілістерінің материалдары мен хаттамаларын ресімдеу және тарату, аудан әкімі мен әкімдігінің актілерін шығару, оларды тарату және сақтау;
аудан әкімі, оның орынбасарлары өткізетін кеңестердің өткізілуін ұйымдастыру, кеңестердің хаттамаларын әзірлеу;
аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аудан әкімінің аппарат басшысының ресми қабылдауларын, кездесулерін дайындау және ұйымдастыру;
іс жүргізуді, оның ішінде құпия іс қағаздарын, арнайы байланысты ұйымдастыру және жүргізу;
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Бірыңғай электрондық құжатайналымы жүйесі қызметі бойынша жұмыстарды үйлестіру;
аудан әкімі, оның орынбасарлары, аудан әкімі аппарат басшысының азаматтарды қабылдауының айлық кестесін әзірлеу және қабылдауды ұйымдастыру;
аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аудан әкімінің аппарат басшысының атына келіп түскен азаматтар мен заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін қарау;
облыс әкімі аппараты кадрларының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру Аймақтық орталығында және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясында оқуын ұйымдастыру;
жергілікті атқарушы органның мемлекеттік наградалар бойынша қызметін ұйымдастыру;
аудан әкімі және әкімдігінің актілерін, құжаттамаларды және аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аудан әкімдігінің Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесімен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық атқарушы органдарымен, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен, облыстың, ауданның атқарушы органдарымен, сот, құқық қорғау органдарымен хат алмасуларын тіркеу, сақтау және мұрағатқа өткізуді қамтамасыз ету;
аудан әкімі және әкімдігінің құқық қорғау органдарымен қауіпсіздік, құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, адам саудасына қатысты қылмыстарға қарсы күрес және алдын алу, аудан аумағында қоғамдық тәртіпті ұйымдастырудың өзге де мәселелері бойынша өзара іс-әрекетін ұйымдастыру;
жергілікті атқарушы органның ақпараттық жүйелері мен ақпараттық ресурстарын дамыту және сүйемелдеу;
Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» қалыптастыру жөніндегі заңнамасын орындау аясында жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
аудан әкімінің атқарушы органдарының қызметін үйлестіру жөніндегі жұмысын ұйымдастыру;
3) аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету:
аудан әкімі мен әкімдігінің, аудан әкімі аппаратының сот және өзге де құқық қорғау органдарында мүддесін ұсыну және қорғау;
аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аудан әкімінің аппараты басшысының тапсырмалары бойынша аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің жобаларын әзірлеу;
аудан әкімінің аппаратына келісімдеуге келіп түскен аудан әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілері жобаларының құқықтық сараптамасын ұйымдастыру;
4) аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету:
аудан әкімі мен әкімдігінің, аудан әкімі аппаратының қызметін үздіксіз ұйымдастыру мақсатында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
16. «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, ауданның жергілікті атқарушы органдарына ішкі бақылау жүргізу;
2) аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аудан әкімі аппараты басшысының тапсырмаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін атқарушы орган басшыларының жауапкершілігі жөнінде ұсыныстар енгізуге;
3) атқарушы органға жүктелген функцияларды жүзеге асыру сұрақтары бойынша жетілдіру жұмысына ұсыныстар енгізу;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру және өзге де міндеттерді орындау.

3. «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

17. «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы жүзеге асырады.
18. «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады.
19. «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталатын мекеме қызметінің мәселелерін өз құзыретіне сәйкес шешеді:
2) белгіленген тәртіпте мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер шақырады;
3) мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;
4) мекеменің мүддесін барлық ұйымдарда ұсынады;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті іс-шараларды қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілікте болады;
6) заңнамамен көрсетілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

20. «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік ауданның коммуналдық меншігіне жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

23. «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

"ШҚО Абай ауданы әкімі аппараты" ММ міндеттері мен функцияларын айқындайтын актілердің тізілімі"

«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімі аппараты» ММ міндеттерін, функцияларын және миссиясын анықтайтын актілер тізімі *.doc 353 KB
Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппаратының регламенті *.doc 200 KB

 

 

Парақтар өзгертілді: 03-10-2017