Құқық қорғау органдары


«Қазақстан Республикасы, Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесі

Азамбаев Серікжан Думанұлы   Азамбаев Серікжан Думанұлы – Абай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры.

19 қараша 1979 жылы ШҚО, Жарма ауданы, Үш-Биік ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2007 жылы Семей қаласындағы «Қайнар» университетінің «юриспруденция» факультетін бітірген. 2011 жылы Көкшетау техникалық  институтын бітірген, Өрт қауіпсіздігі бакалавры. 1998-2000 жылдары шекара қызметінде әскери борышын өтеген. Еңбек жолын 2000 жылы Семей қаласының өртке қарсы қызметінде бастаған. 2016 жылдың мамыр айынан бастап Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы қызметін атқарады.

  Қызмет бағдары: Бөлімнің негізгі міндеттері: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардын алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесінің қызмет етуін және одан ары дамуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты Абай ауданы бойынша іске асыру болып табылады. 

 

   Азаматтарды қабылдау күні:  дүйсенбі – жұма, сағ. 10:00-ден 13:00-ге дейін, 15:00-ден 18:00-ге дейін.


  Мекен жайы: Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Бекбосынов көшесі №5.

 

Парақтар өзгертілді: 31-05-2016