Құқық қорғау органдары

Абай ауданының прокуратурасы

Қызмет бағдары: Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл әрi бiркелкi қолданылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтау мен тергеудiң, әкiмшiлiк және орындаушылық iс жүргiзудiң заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнiнде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен басқа да құқықтық актiлерге наразылық бiлдiредi, сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi, қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады.

 

Бауыржан Алпысбайұлы Убин Ағымдағы жылдың 19-тамызында, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен, Шығыс Қазақстан облысының тумасы – Бауыржан Алпысбайұлы Убин – Абай ауданының Прокуроры болып тағайындалды.
Атап айтсақ, Бауыржан Алпысбайұлы, 90-шы жылдары Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің заңгер мамандығын бітіріп, жоғарғы оқу орнынан жақсы білім алды.
Алған білім – прокуратура қызметіне үлкен жолын ашты.
Бауыржан Алпысбайұлы, прокуратура саласында 1997 жылдың 11 тамызынан бастап қызметін атқарып келе жатыр.
Ең алғаш қызметін прокуратураның Арнайы есепке алу комитетінің бөлім прокуроры болып тағайындалумен бастады. Жұмыстың жақсы көрсеткіштерінің арқасында облыс прокурорының көмекшісі, облыс прокуратурасының тергеу және анықтау бөлімінің бастығы болып қызметін атқарды.
Бауыржан Алпысбайұлының аталып кеткен қызметі арманына сай болды. Оның адал ниетімен жасалған жұмысы, облыс прокуроры тарапынан жоғары бағаланды. Облыс прокурорының бұйрығымен Ұлан, Глубокое аудандарында, Риддер қаласы және соңғы жылдары Семей қаласы прокурорының орынбасары болып қызметін атқарды.

Мекен жайы: ШҚО, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Мұхаметханов көшесі 62
Қабылдау уақыты: күнделікті, сағат 9-00 ден 19-00 дейін. 
Телефон: 8 (72 252) 9 18 16

E-mail: fr-zharminsk-kane@prokuror.kz

Парақтар өзгертілді: 23-10-2019