Құқық қорғау органдары


Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі

Мекеменің қызмет бағдары:
Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты эскери жүмылдыру даярлау жэне өткізу жөніндегі міндеттерді орындау, адамдар, көлік және материалдық ресурстардың есебін жүргізу, азаматтарды эскери қызметке даярлау, әскерге шақыру учаскесіне тіркеу, қызметке жэне оқу-жаттығу жиындарына шақыру, заңдармен жэне Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметініқ, Қорғаныс министрлігінің актілерімен регламенттерін басқа да қорғаныс іс-шараларын жүзеге асыру болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Абай ауданы экімінің тапсырмасына сэйкес эскери жүмылдыру, жүмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс, мерзімді әскери қызметке шақыру жэне келісім-шарт бойынша іріктеу жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлейді.

Мұқашев Мәрлен Жансерікұлы Мұқашев Мәрлен Жансерікұлы Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы.
Мұқашев Мәрлен Жансерікұлы 1976 жылы қараша айының 10 күні Жамбыл облысына қарасты Қаратау қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. 1978 жыл мен 1996 жылдар аралығында Талдықорған қаласында тұрып білім алды. 2000 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік Заң академиясын оқып бітірді.. 2003 жылдан бастап осы күнге дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс күштері қызметінде табанды еңбек етіп келеді. Сонымен қатар әуе қорғаныс істерінің бас қолбасшысының аға офицері болып та елеулі уақыт қызмет атқарды. Отбасылы, екі баланың әкесі.

Мекен-жайы:
Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы, Құнанбай көшесі 20, Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі
Байланыс телефоны: (872252) 9-11-23, 9-12-58

Азаматтарды қабылдау күні:
бөлім бастығы - бейсенбі сағат 15-тен 18-ге дейін,сенбі - сағат 9-дан 12-ге дейін. Бөлімшелер бастықтары - сенбі, бейсенбі сағат 15-тен 18-ге дейін, сәрсенбіде куні бойына Қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің жүмысшыларымен қызметкерлері жэне олардың жанұя қүрамы қабылданады, алыс ауыл-аймақтарынан келген келушілер күн сайын жұмыс уақытында қабылданады.

Парақтар өзгертілді: 02-11-2015