Құқық қорғау органдары


Абай ауданының әділет басқармасы

Қызмет бағдары:
Заңды тұлғаларды тіркеу, қайта тіркеу және олардың  филиалдарымен өкілдіктерін тіркеуді жүзеге асыру; Заңды тұлғаларды тіркеу, филиалдармен өкілдіктерге тізімдеме жүргізу. Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуден өткізу, азаматтардан өтініштер қабылдау  және өтініш мерзімдерін кешіктірмей орындау;
Іс қағаздарын тіркеу және іс құжаттарының толықтығын түгендеу;
Азаматтарға мерзімінен кешіктірмей мемлекеттік тіркеуден өткені жөнінде анықтамалар беру; Діндерді тіркеу; ҚР азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды дайындау үшін толтырылған 1-нысан арыздарының дұрыстығын тексеріп, оларды дайындап ҚР ӘМ ТҚК-не жіберу үшін облыстық Әділет департаментіне жолдап отырады.
ҚР азаматтарының жеке куәліктері жоғалған жағдайда немесе  оның одан әрі пайдалану үшін жарамсыздығына байланысты азаматтардың өтініші бойынша жұмыс жасайды.
ҚР азаматтарын тіркеуге отырғызу және тіркеуден шығару, толтырылған келу кету парақтарының дұрыстығын тексеріп апта сайын Әділет департаментіне және адрестік мекен-жай бюросына жолдап отырады. Сондай-ақ азаматтарды тіркеу кітабын беріп, есепке алып отырады. Картотека бойынша жұмыс жасайды.


Сенім телефоны 87225291889


Махметов Ақсұнқар СоветұлыМахметов Ақсұнқар Советұлы – Абай ауданының әділет басқармасының бастығы.


Махметов Ақсұңқар Советұлы 1982 жылы 19 қыркүйек айында Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туғанмын. 1999 жылы Абай атындағы орта мектепті бітіргенмін. Осы жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясына жоғарғы оқу орнына түсітім. 2003 жылы осы жоғарғы оқу орнын ойдағыдай тәмәмдап, заңгер білімін алып шықтым. 2004 жылы Абай аудандық әділет бөлімінде маман болып қызмет жолын бастадым. 2005 жылы әділет басқармасының жетекші маманы болып қызметіне ауыстым. 2007 жылы Семей қаласының әділет басқармасына заңды тұлғаларды және филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу бөлімінің бас маманы қызметіне ауыстым. 2009 жылы Абай ауданының әділет басқармасының бастығы болып ҚР Әділет Министрінің бұйрығымен тағайындалдым.

 


   Адресі: 
Шығыс Қазақстан облысы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі 12. Байланыс телефондары:
Кеңсе бөлімі: (872252) 9-18-89
Халықты құжаттандыру қызметі: (872252) 9-13-37
АХАЖ қызметі:  (872252) 9-12-59
Жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметі: (872252) 9-21-49
Электрондық адресі:  abai@east.telekom.kz
       
   Азаматтарды қабылдау күні: 
күнделікті сағат 9.00-18.00 дейін.


 

Парақтар өзгертілді: 30-04-2015