Мүлікті жариялау

Жария ету!
2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін мүлік пен капиталды заңдастыр!

Ол тәркіленуге жатпайды, жария ету субъектілері және объектілері туралы мәліметтерді қылмыстық қудалау үшін пайдалануға тыйым салынады, қылмыстық, әкімшілік тәртіптік жазадан босатылады.

Назар салыңыз! Жария ету Жарнасы  жылдың аяғына дейін ұзартылды! 

Шет елдегі мүлікті заңдастыру үшін өзіңіз белгілеген құннан 10% алым төлеп, мемлекеттік кірістер басқармасына декларация табыс ету жеткілікті.
Сондай-ақ, рақымшылықтар мен кепілдіктер қарастырылған.
Жария етудің жеңілдетілген шараларын пайдалануға асығыңыз! 
Толық ақпарат алу үшін  (8 7232) 244793 телефонына хабарласыңыз.

 

Назар салыңыз! Жария етудің жеңілдетілген шараларын  пайдаланып, қарапайым әдіспен өз ақшаңызды көлеңкеден шығарыңыз.    

Алымды төлемей банктегі ағымдағы шотқа ақшаны салып, немесе  10%-дық алым төлеп шотқа салмай көрсетіп, мемлекеттік кірістер басқармасына декларация тапсырып, заңдастырылған ақшаны кез келген уақытта өз қалауыңыз бойынша жұмсаңыз.
Толық ақпарат алу үшін  (8 7232) 244793 телефонына хабарласыңыз.

 

Мүлікті жариялау – соңғы мүмкіндік, бұдан кейін ешқандай жеңілдік болмайды

2017 жылдан бастап, жалпыға ортақ декла­рация­лау процессі басталады. Мүлікті уақытында жарияламаған субъектілерге сол кезде заң ал­дында жауап беруге тура келеді. Сондық­тан да мүлікті жариялауға байланысты бар­лық мүмкіндіктерді қарастырып отырған Заң алдында жалтақтық танытпай, ертеңгі күн­нің қамын бүгіннен ойлау керек. Тура­сын айтқанда, заң алдында жауап бергеннен гөрі, заң жолымен жүрген адамның әрдайым ме­рейі үстем болатынын ұмытпаған абзал.
Сонымен қа­тар, мүліктерді заңдастыру акциясы 2016 жыл­дың 31 желтоқсанына дейін жүргі­зіл­гені­мен, мүм­­­кіндікті тиімді пайдаланудың жарты жылдан ғана мерзімі қалғанын ұмытпаған жөн.

 

Мүлікті жария етуге асығайық!

Өткен жылдың 13 қарашасы күні Елбасы «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңға қол қойды (ары қарай – Заң.)
Тиісті өзгерістер мен толықтырулар ен­гізіл­ген бұл Заң мүлікті жария етуді жүзеге асы­рудың жаңа процедуралық ерекше­лік­терін айқындап берді.
Яғни, мүлкін жария етуші субьектілерге бұрынғы заңдармен са­лыс­тырғанда, көптеген жеңілдіктер қарас­ты­рылған. Осыған орай тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізіліп жатыр.
Жалпы, мүлікті жариялау жөнінде әң­гі­ме қозғаған кезде, «Қандай жеке құн­ды­лық­тар жариялау арқылы заңдастыруға жатады?» деген заңды сұрақ туатыны сөзсіз. Аталмыш сұрақтың жауабы осы Заңның 3 бабында нақты айқын­дал­ған. Атап айтсақ, ақша, бағалы қағаздар, заң­ды тұлғаның жарғылық капиталындағы үле­сі, басқа біреудің атына рәсімделген жылжымайтын мүлік, еліміздің аумағындағы, шетелдегі жылжымайтын мүліктер мен қаржылар жариялау ар­қылы заңдастыруға жатады.
Осы орайда, пай­­далану құқығы сотпен қаралып жатқан мү­ліктер, несиеге алынған қаражат, мемлекет пайдасына берілуге тиісті мүлік, бюджет қаражатына салынған обьектілер, жемқор­лық­пен байланысты қылмыстық жолмен келген мүлік, т.б. заңдастыруға жатпай­ты­нын еске сала кеткен орынды.
Сонымен қа­тар, мүліктерді заңдастыру акциясы 2016 жыл­дың 31 желтоқсанына дейін жүргі­зіл­гені­мен, мүмкіндікті тиімді пайдаланудың жарты жылдан ғана аса мерзімі қалғанын ұмытпаған жөн.
«Мүлікті жариялау – соңғы мүмкіндік, бұдан кейін ешқандай жеңілдік болмайды» - деген Елбасымыз.
Бұған қоса, 2017 жылдан бастап, жалпыға ортақ декларациялау процессі басталады. Мүлікті уақытында жарияламаған субъектілерге сол кезде заң ал­дында жауап беруге тура келеді. Сондық­тан да мүлікті жариялауға байланысты бар­лық мүмкіндіктерді қарастырып отырған Заң алдында жалтақтық танытпай, ертеңгі күн­нің қамын бүгіннен ойлау керек. Тура­сын айтқанда, заң алдында жауап бергеннен гөрі, заң жолымен жүрген адамның әрдайым ме­рейі үстем болатынын ұмытпаған абзал.

Жария ету

Жария ету


kn «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңы *.doc 30 KB
kn 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады *.doc 29 KB
kn Құрметті Абай ауданының тұрғындары! *.doc 234 KB
kn Мүлікті жария ету жалғасуда! Өз мүлкінді, капиталыңды қорға! *.doc 38 KB
kn Жұртшылықта «Не үшін жария ету қажет?» деген сұрақтар туындап отыр *.doc 25 KB
kn 2014 жылғы 11 сәуірдегі Ұлттық инвесторлар кеңесінің отрысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаға сәйкес Қаржы министрлігі Ұлттық Банкпен және басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Қазақстан Республикасының Президенті 2014 жылғы 30 маусымда қол қойған «Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» Заңы әзірленді және 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді *.doc 26 KB
kn Қазақстан Республикасындағы алғашқы ақшаны жария ету 2001 жылғы 14 шілдеден 14 тамыз аралығында өтті *.doc 26 KB
kn Банктерде ақшаны жария ету бойынша проблема жоқ *.doc 26 KB
kn Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде орналасқан мүлікті жария ету. *.doc 33 KB
kn Құрметті шығысқазақстандықтар! 2015 жылдың 13 қарашасында Мемлекет басшысы мүлікті жария жніндегі Заңға енген өзгерістер мен... *.doc 30 KB
kn Жария ету!!!! Тұрғындардың назарына!!! *.doc 31 KB
kn Мүлікті жария ету жалғасуда! Өз мүлкінді, капиталыңды қорға! *.doc 38 KB
kn Мүлікті жария ету бойынша акция – жаңа мүмкіндіктер *.doc 46 KB
kn Ақшаны жария ету рәсімдері жеңілдетілді *.doc 35 KB
Мүлік пен ақшаны жария ету бойынша акция *.doc 39 KB

Жария ету

Жария ету

Жария ету

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 13-09-2016