Денсаулық саласы

Ақпараттық талдамалық шолулар

 Абай аудандық орталық ауруханасы бойынша 2017 жылы атқарылған жұмыстар

Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарына арналған «Денсаулық» бағдарламасының негізгі бағыттары:
Бірінші бағыт-Денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету. 2017 жылдан бастап Қазақстанда БҰДЖ негізінде кезең – кезеңмен әлеуметтік медициналық  сақтандыру енгізуге дайындық басталды , бұл сала мемлекет, жұмыс беруші, азаматтар және өзге де қаражат көздері есебінен денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудың көп каналды қағидасын белгілеуге мүмкіндік береді және жүйеге қатысушылардың денсаулығын сақтауға деген ортақ жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
Екінші бағыт – аурудың алдын алуға және ерте анықтауға бағытталған медициналық санитарлық алғашқы көмекті дамыту. Атап айтқанда медициналық білімді жетілдіру, тәжірибелік базаны нығайту, медициналық –санитарлық алғашқы көмек жүйесінде жұмысқа ынталандыруды күшейту, өңірлер, амбулаториялық – емханалық және стационарлық қызметтер арасында мамандар бөлудегі теңсіздікті жою қамтылады. Мамандарды даярлау, қайта даярлау және кадр біліктілігін арттыру жүйесін жаңартады.
Үшінші бағыт – сырқаттанушылықты  басқару жүйесін енгізу, аурудың алдын алу және емдеудің біріңғай стандаттарын енгізу.
Абай ортадық ауруханасы аудандағы 14607 халыққа, оның ішінде 14 жасқа дейінгі  3755 балаға, 512 жасөспірімдерге, 2552 ана болуға қабілетті жастағы әйелдерге, 10340  үлкендерге медициналық қызмет көрсетеді.
Емдеу мекемелерінің жүйесі:
Аудандық орталық аурхана – 1
Кеңес диагностикалық емхана және алғашқы медициналық –  санитарлық көмек көрсету орталығы – 1 
дәрігерлік амбулатория – 7
медициналық пункт – 2
ғимаратсыз медициналық қызметкерлер – 2
Кадрлары :
Дәрігерлер саны -37
Дәрігерлермен қамтамасыз етілуі 100%
Аудан бойынша кадр тапшылығы жоқ. Жыл сайын жас мамандарды ауылға тұрақтандыру мәселесі аудан әкімшілігімен бірлесе отырып шешіледі. Атап айтсақ, 2017 жылы орталық ауруханаға 2 дәрігер жас маман – жалпы тәжірибелік дәрігерлер қызметке орналасты.
Орта буын медициналық қызметкерлері 112, қамтамасыз етілуі-100%
Әлеуметтік қызметкерлері -3, психолог-1 қамтамасыз етілуі-100%
Барлық мамандардың маман сертификаты бар, әрбір 5 жыл сайын бюджет есебінен, білім жетілдіру институттарында оқиды.
Халыққа медициналық қызмет көрсетуде «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы дәрігерлерге үлкен міндеттер жүктеп, тұрғындарға медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасы, халықтың өмір сүру ұзақтығын ұзарту мәселесі сияқты басты мақсаттар тарапында жұмыстар жүргізілді.
Абай аудандық орталық ауруханасының негізгі жұмыс көрсеткіштері:

  2016ж 2017ж
1. Халық саны 12718 14607
  Оның ішінде: балалар 3944 3755
  Жасөспірімдер 772 512
  Бала туу жасындағы әйелдер 2670 2552
2. Туған балалар 239 206
3. Туу көрсеткіштері 18,7 14,1
4. Өлім көрсеткіштері 92-7,2 96-6,5
5. Табиғи өсім 11,5 7,6
6. Балалар өлім көрсеткіші 4-16,7 0
7. Ана өлімі 0 0
8. Туберкулезбен алғашқы аурушаңдық 5-39,3 5-34,2
9. Туберкулезден өлім көрсеткіші 0 0
10. Қатерлі ісікпен аурушаңдық 29-228,0 25-171,1
11. Қатерлі ісіктің асқынып анықталуы 7-24,1 8-32%
12. Қатерлі ісіктен өлім көрсеткіштері 16-125,5 13-88,9
13. Алдын ала қарау кезіндегі туберкулездің анықталуы 1-20% 1-20%
14. Флюрографияның орындалуы 7200/7185 99,7 7200/7170
99,5
15. ҚАЖ-на өлім көрсеткіші (БСК) 12-94,3 13-88,9

Тұрғындардың қауіпті тобының жоспарлы флюрографиялық тексерулері
ағымдағы жылы  7170 - яғни 99,5 % орындалды.
Аудандық әкімшіліктің үйлестіру кеңесі шешімімен туберкулезбен ауыратын, материалдық жағдайы төмен 4 –науқасқа айына 13614 теңгеден  
барлығы 422034 теңге ақшалай көмек берілді.
Республикалық бюджет есебінен бөлінген трансферт халықтың арнайы санаттарына профилактикалық тексерулер: олар артериалды гипертония, қант диабеті, жүректің ишемиялық ауруы, балалармен үлкен кісілердің вирустық гепатит В мен С-ға, жатыр мойны обырына, колоректальды обырына, ерлердің қуық асты безі обырына тексеру жүргізіліп отыр.
Профилактикалық тексерулер жоспар бойынша жүргізілді. Атап айтсақ
0-18 жас балалар- жоспар 3755, орындалуы 3755-100%
БСК- жоспар 1443, орындалуы 91,7 %
СД- жоспар 1443, орындалуы 100 %
Омырау безі обыры- жоспар 409, орындалуы 369-90,2%
Ерлердің қуық асты безі обыры- жоспар 236, орындалуы 215-91,1%
Жатыр обыры- 305, орындалуы 299-98,03%
Глаукома- жоспар 1305, орындалуы 100%
Тік шек обыры-жоспар 929, орындалуы 771-82,9%
Тексеру кезінде анықталған аурулар тереңдете тексеріліп, ем- шаралар жүргізілуде.
Медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі ҚР Үкіметінің №2136 06.01.2010 жылғы  Қаулысын  басшылыққа ала отырып, облыстық деңсаулық сақтау басқармасымен бекітіліп, жоспарға сай, 27 төсектік стационарлық және 15 төсектік күндізгі стационар арқылы жүргізіліп отыр.
Жиыны 2017 жылы  стационар арқылы 583 науқас, күндізгі стационар арқылы 1203 емделіп шықты. Стационарлық көмек, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, жедел-жәрдем толықтай тегін жүргізіледі.
Алғашқы ПМСП дәрігерлерімен 34034 қабылдаудан өтті.
ҚР ДСМ №786 санды 4-қараша 2011жылғы бұйрығымен дисансерлік есепте тұратын аурулардың кейбір санаттарына тегін дәрілер беріледі. (Қант диабеті, артериалды гипертония, асқазан жарасы, пневмония, психикалық, қатерлі ісік аурулары, 0-5 жасқа дейінгі балалар, созылмалы бронхит ,әлеуметтік маңызы бар  ауруларға) 2018 жылғы 83644349,8 тенгенің тегін дәрілерге сұраныс жасалып отыр. 2014 жылдың  мамыр айынан бастап қатты ауырған науқасқа санитарлық авиация арқылы көмек көрсету жолға қойылды. (инсульт, инфаркт ауруларына)
Аурудың алдын алуда халық арасында санитарлық ағарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстары медицина қызметкерлерінің негізгі жұмыс бағыттары. Орталық емханада «Денсаулық мектептері», атап айтқанда: ИБС, АГ, Диабет мектептері, жас ана мектебі, дені сау бала кабинеті т.б.  жұмыс жасайды. Барлық емханаларда түрлі тақырыптарда стендтер, денсаулық бұрыштары жабдықталған.
2017жылы  МРТ  13 науқасқа тегін берілді. 2017 ж. санаторлы-курорттық ем алғандар- 24.
Абай аудандық орталық аурухана жұмысшы қызметкерлері халыққа қол жетімді және сапалы медициналық қызмет көрсетіп ҚР ДС және ӘДМ-нің 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасын іске асыру мақсатында жұмыстарын жалғастыра береді.

Парақтар өзгертілді: 20-02-2018