Елбасы Жолдауын іске асыру

«Қазақстанның Үшінші жаңғыртылуы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 31.01.2017 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру туралы ақпарат *.doc 35 KB
Жарлық *.pdf 5.3 MB
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспары *.doc 82 KB
ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ по информационному сопровождению хода реализации Послания Президента Республики Казахстан Назарбаева Н.А. народу Казахстана от 30 ноября 2015 года «Казахстан в новой глобальной реальности: рост, реформы, развитие» (срок реализации: декабрь 2015 года - 2016 год) *.doc 168 KB
ОБЩЕНАЦИОНАЛЬНЫЙ ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ по реализации Послания Главы государства народу Казахстана от 30 ноября 2015 года «Казахстан в новой глобальной реальности: рост, реформы, развитие» *.doc 100 KB
Пошаговый план мероприятий Восточно-Казахстанской области по реализации Послания Главы государства народу Казахстана от 30.11.2015 года «Казахстан в новой глобальной реальности: рост, реформы, развитие» *.doc 179 KB
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауын және «5 институционалдық реформа: 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын халыққа түсіндіру жұмыстары туралы *.doc 40 KB

 

Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын іске асыру туралы ақпарат

Абай ауданының мемлекеттік органдарының басты басымдылықтары мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асырылуы, ауданда қоғамдық саяси, діни тұрақтылық пен халықтар бірлігін сақтау, мемлекеттілікті нығайту, азаматтық қоғам институттарының дамуына қолдау көрсету, ақпаратық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жастардың дамуына жағдай жасау болып табылады.
Жұмыстын басты арнасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын және «5 институционалдық реформа: 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын халыққа түсіндіруге, насихаттауға бағытталды.
Осыған орай, құрамында 52 мүшесі бар, 5 аудандық, 9 ауылдық жиыны 14 ақпараттық-насихаттық топ құрылып, ауданда түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырды. Топ құрамына аудан ардагерлері, мекеме басшылары, мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер, ҮЕҰ мүшелері, қоғамдық пікір көшбасшылары кірді.

Жолдауға байланысты 2015 жылы аудан бойынша 307 кездесу, 9 «дөңгелек үстел», семинарлар, конференциялар өткізіліп, оған жалпы 14 мыңнан астам адам қамтылды.
Ішкі саясат бөлімі тарапынан Жолдауды түсіндіру және насихаттау шараларының кешенді жоспары, ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету бойынша медиа-жоспар жасалынып бекітілді.
Елбасы Жолдауына байланысты үгіт насихат құралдары жасалынып, Жолдауды насихаттауға кеңінен пайдаланылды.
Барлық ауылдық округтерде Елбасы Жолдауына, Ұлт жоспарына байланысты жаңартылған Жолдаудың логотип нұсқасымен сыртқы көрнекілік жаңартылып, жаңғыртылды.
Аудандық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері барлық ауылдық округте болып, халықпен кездесіп Елбасы жолдауының басым бағыттары туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

2015 жылғы аудандағы барлық қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік іс-шаралары «Қазақ хандығының 550 жылдығы», «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығы», «Ұлы Жеңістің 70 жылдығы» және «Ұлы Абайдың 170 жылдығы» мерекелеріне орайластырылып өткізілді.
Жыл басында атаулы даталарға байланысты іс-шаралар жоспарлары және медиа жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес, Жыл басынан бері барлық мемлекеттік мерекелер, атаулы даталар жаңа идеялық мазмұндылықпен өткізілді.
Республикалық, облыстық, аудандық басылымдарда, «Қазақстан» РТРК, «Хабар», «Қазақстан-Семей, «Қазақстан-Өскемен», ТВК-6 телеарналарында ауданның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы жайында, аудан тынысы жөнінде сюжеттер беріліп, мақалалар жарияланды.
Кезектен тыс Президент сайлауы кезінде «Хабар» агенттігінің тілшілері арнайы ПТС-пен екі рет тікелей эфир трансляциялады. Аудан тұрғындарының жеңімпаздар форумы жарияланды.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыруға  2015 жылы – 7 млн. теңге бөлінді. Аудандық «Абай елі» қоғамдық-саяси газеті таралымы 2200 дана. Онда Елбасы Жолдауы, ұлттық жоспар, ұлттық идея және мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асыру барысы, облыста және ауданда атқарылып жатқан іс-шаралар, басқа халыққа қажетті ақпараттар жарияланды. Ұлттық дәстүр, жастар саясаты, патриоттық тәрбиеге байланысты, діни сауаттылыққа арнаулы беттер ұйымдастырылды.
Жыл басынан бері Елбасы Жолдауын насихаттауға, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын және ауданда болып жатқан қоғамдық-саяси іс-шаралар жайлы халықты ақпараттандыруға байланысты мақала, арнайы рубрикалар, сюжеттер, сұхбаттар жарияланды. Сондай-ақ, «Абай елі» газетінің 2015 жыл бойынша Елбасы Жолдауын насихаттауға байланысты Елбасы Жолдауын ӨӨ қолдау мақалалары жарияланды.
Бүгінгі күні ауданда 7 қоғамдық бірлестік, қоғамдық қорлар, 1 саяси партия филиалы, 1 этномәдени және 6 діни бірлестік жұмыс істеуде. Олармен тығыз қарым-қатынас орнату, өңірдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени міндеттерін шешу кезінде ортақ түйісу нүктелерін іздестіру турасында жұмыстар жүргізілді. Олар аудандық іс-шаралар мен мемлекеттік мерекелердің тұрақты қатысушылары болып табылады. Қоғамдық кеңес, діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі, жастар істері жөніндегі комиссиялар сияқты консультативтік-кеңесу органдарының жұмысы жандандырылған. 
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды қаржыландыру көлемі 2015 жылы – 11 млн. теңгені құрады.
Мемлекеттік жастар саясатын жергілікті деңгейде тиімді іске асыру мақсатында ауданда жастар мен мемлекеттік билік органдары арасындағы байланыстырушы буын болып табылатын, жастардың бос уақытын ұйымдастырып, проблемалық мәселелерін бірлесе шешетін «Жастар орталығы» КММ-сі қызмет жасауда. Жастар орталығының ұйымдастыруымен жыл басынан бері патриоттық тәрбие беру, сауалтты өмір салтын насихаттауға бағытталған 58 іс-шаралар өткізілді.
Ауданда 6 діни бірлестік жұмыс істейді. Бұлардың барлығы да дәстүрлі дін өкілдері болып табылады және «Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына» бағынышты. Барлығы облыстық Әділет басқармасынан қайта тіркеуден өтті. Дәстүрлі емес діни бірлестіктер жоқ.

1 «Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес» және 1 аудандық діни ағымдардың мәнін түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс жасайды. 2015 жыл басынан бері діни ағымдардың мәнін түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру тобы  38 кездесу, 14 лекция, 3 кеңес отырысы, 3 дөңгелек үстел өткізіліп, оған 1533 адам қамтылды.
Сондай-ақ, аудандық «Абай елі» газетінде діни тұрақтылық, экстремизм мен терроризмнің алдын-алу бойынша 33 мақала жарияланды.
Ауданда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қолданылуы мен насихатталуы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді.
«Мемлекеттік рәміздерді насихаттау және олардың қолданылуын бақылау жайындағы 2015-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілген. 2015 жылдың мамыр айында облыстық мемлекеттік рәміздердің жай-күйін тексеру комиссиясы аудан мекемелеріндегі мемлекеттік рәміздердің қолданылуына тексеру жүргізді. Тексеру барысында анықталған кемшіліктер жойылып, кемшілік жіберген мекеме басшылар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
«Туған жерге тағзым» акциясы аясында 2015 жылға 82 млн. 660 мың теңгенің 27 жобасы іске асырылды.

Республикалық, облыстық басылымдардың 2015 жылға жазылу бойынша «Егемен Қазақстан» газетіне 530, облыстық «Дидар» газетіне 505, «Каз Правда» 51, «Рудный Алтай» 53 дана жазылды.
Ауданның ішкі саясат бөлімі тарапынан күнделікті қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізіліп отырады. Ауданда наразылық акциялары, шерулер, митингілер өткізілген жоқ. Сондай-ақ назарлық шараларын өткізуге сұраныс түскен жоқ. Мекемелерде, ұйымдарда еңбек қақтығыстары болған жоқ. Әлеуметтік шиеленіс факторларының алдын алу жөніндегі шаралар жасап шығару және іске асыру үшін тұрақты түрде ақпарат жинауға, қалыптасқан жағдайға талдау жасауға және тиісті шешімдер қабылдауға бағытталған қоғамдық-саяси жағдайды мониторингілеу үнемі жүзеге асырылып отырды.
Дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушылар, өзге деструктивті діни ағымдарды уағыздаушылар болған жоқ.
Экономиканы одан әрі дамыту, әлеуметтік сала мәселелерін шешу, өңірдегі халықтың әл-ауқатын көтеру бойынша қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде тұрақты қоғамдық-саяси, діни ахуал ахуал сақталуда. Халықтың көңіл-күйі бірқалыпты. Аудан тұрғындары Елбасы Жолдауын қолдап, мемлекет саясатына оң көзқарас танытып, еңбек етуде.

Ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұ. Сағадиев<

 

Елбасы Жолдауын іске асыру


Ауданның мемлекеттік мекемелері өз жұмыстарының басты арнасын Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын халыққа түсіндіруге, насихаттауға бағыттады.

Осыған орай, құрамында 52 мүшесі бар, 5 аудандық, 9 ауылдық жиыны 14 ақпараттық-насихаттық топ құрылды. ауданда түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады. Құрамына аудан ардагерлері, мұғалімдер, қоғамдық пікір көшбасшылары кірді.
Жолдауға байланысты ағымдағы жылдың I тоқсанында аудан бойынша 66 кездесу, 5 «дөңгелек үстелдер», семинарлар, конференциялар өткізіліп, оған жалпы  5890 адам қамтылды.
Жолдауды түсіндіру және насихаттау шараларының кешенді жоспары, ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету бойынша медиа-жоспар жасалынып бекітілді.
Елбасы Жолдауына байланысты үгіт насихат құралдары (кружкалар, кепкалар, футболкалар, төсбелгілер, шарлар) жасалынып, Жолдауды насихаттауға кеңінен пайдаланылуда.
Барлық ауылдық округтерде Елбасы Жолдауына байланысты жаңартылған Стратегияның логотип нұсқасымен сыртқы көрнекілік жаңартылып, жаңғыртылуда.
Аудандық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері барлық ауылдық округте болып, халықпен кездесіп Елбасы жолдауының басым бағыттары туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

24 қаңтар күні аудан орталығы Қарауыл ауылында облыс әкімі Б.Сапарбаевтың қатысуымен «Абай елінің Елбасы Жолдауына үн қосуы» атты аудандық шара өтті. Онда ардагерлер, мәдениет қайраткерлері, жастар атынан жолдауға қолдау білдірілді.
Ақпан айының 6-7 күндері облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері: облыс әкімінің орынбасары Ж.Омар (7 ақпан Қарауыл ауылы), облыстық мәдениет,архивтержәне құжаттама басқармасы басшысының орынбасары А.Кикумов (7 ақпан Қарауыл ауылы), облыстық дін істері басқармасының басшысы М.Мұхамеджанов (6 ақпан Саржал ауылы) Абай ауданында болып жергілікті халықпен кездесіп, Елбасы Жолдауын насихаттады.
15 ақпан күні кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 толуына орай салтанатты кеш ұйымдастырылды.
Сол күні аудандық мұражайда «Отан үшін өлімге де сан барған» тақырыбында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті.
5-6 наурыз күндері Халықаралық әйелдер мерекесіне орай аудан бойынша түрлі қоғамдық іс-шаралар, мерекелік кештер өтті.
6 наурыз күні аудандық мәдениет үйінде «Абай елі аналарының форумы өтті.
8 наурыз күні Архат ауылында «Үлгілі келін» атты келіндер сайысы өтті.
22 Наурыз – Әз Наурыз мерекесі жеті күн бойы әр күні сайын түрлі тақырыптар бойынша ауқымды мерекеленді.
Жыл басынан бері республикалық, облыстық, аудандық басылымдарда, «Қазақстан» РТРК, «Хабар», «Қазақстан-Семей, «Қазақстан-Өскемен», ТВК-6 телеарналарында ауданның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы жайында, аудан тынысы жөнінде сюжеттер беріліп, мақалалар жарияланды.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыруға
  2014 жылы – 7 млн. теңге бөлінді. Аудандық «Абай елі» қоғамдық-саяси газеті таралымы 2200 дана. Онда ауданда атқарылып жатқан іс-шаралар, Елбасы Жолдауы және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асыру барысы насихатталады. Ұлттық дәстүр, жастар саясаты, патриоттық тәрбиеге байланысты арнаулы беттер ұйымдастырылады.
Жыл басынан бері Елбасы Жолдауын насихаттауға, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын және ауданда болып жатқан қоғамдық-саяси іс-шаралар жайлы халықты ақпараттандыруға байланысты мақалалар жариялануда.
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды қаржыландыру көлемі 2013 ж. – 4 млн. 212 мың теңге болса, 2014 жылы – 8 млн. 997 мың теңгені құрады.
12.02.2014 ж Абай ауданының Жастар орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президентінің  «Қазақстан жолы -2050: Мәңгілік ел» жолдауына орай жастар арасындағы «Жайдарман» ауыспалы кубок сайысы Көкбай ауылында өтті. 21.02.2014 ж Елбасының  «Қазақстан жолы-2050: Бір мүдде, бір мақсат,бір болашақ» атты Жолдауына орай Абай ауданындағы көп балалы интернат үйінде ұйымдастырылатын «Қуанышты сәт» қайырымдылық акциясы өтті.
07.03.2014 ж  8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Аяулы жас келін» атты сайысы өтті.Келіндерді әдемілікке, әсемдікке шақыру,ұлттық салт- дәстүрлерге үйрету, жан-жақтылыққа білімділікке баулу.
21.03.2014 ж Ұлыстың ұлы күні әз Наурыз күні мерекесіне арналған «Қошқар көтеру, асық ойыны,аударыспақ» ұлттық ойындары сайысы.Ұмыт болып калған ұлттық төл ойындарымызды жаңғырту, жандандыру, қайта жаңалау. Ауданның жас ер азаматтарын мықтылыққа, төзімділікке баулу.

Ауданда 6 діни бірлестік жұмыс істейді. Бұлардың барлығы да дәстүрлі дін өкілдері болып табылады және «Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына» бағынышты. Бүгінгі таңда барлығы облыстық Әділет басқармасынан қайта тіркеуден өтті. Дәстүрлі емес діни бірлестіктер жоқ.
1 «Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес» және 1 аудандық, 8 ауылдық діни ағымдардың мәнін түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттық топ жұмыс жасайды. 2014 жыл басынан бері діни ағымдардың мәнін түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттық топ 2 кездесу, 2 кеңес өткізді.
Сондай-ақ, аудандық «Абай елі» газетінде діни тұрақтылық, экстремизм мен терроризмнің алдын-алу бойынша мақалалар жарияланды.

Ауданда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қолданылуы мен насихатталуы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

«Туған жерге тағзым»
акциясы аясында 2014 жылға 91 млн. 850 мың теңгенің 28 жобасы іске асырылады деп жоспарлануда.

Республикалық, облыстық басылымдардың 2014 жылға жазылу бойынша «Егемен Қазақстан» газетіне 497 (тапсырма 350), облыстық «Дидар» газетіне 520 (тапсырма 400), «Каз Правда» 49, «Рудный Алтай» 51 дана жазылды.

Ауданның ішкі саясат бөлімі тарапынан күнделікті қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізіліп отырады. Ауданда наразылық акциялары, шерулер, митингілер өткізілген жоқ. Сондай-ақ назарлық шараларын өткізуге сұраныс түскен жоқ. Мекемелерде, ұйымдарда еңбек қақтығыстары болған жоқ.
Дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушылар, өзге деструктивті діни ағымдарды уағыздаушылар болған жоқ.

Қазіргі уақытта аудандағы қоғамдық-саяси, діни ахуал тұрақты. Халықтың көңіл-күйі бірқалыпты. Аудан тұрғындары Елбасы Жолдауын қолдап, мемлекет саясатына оң көзқарас танытып, еңбек етуде.

 

 

Парақтар өзгертілді: 08-08-2017