Облыс тұрғындарының назарына!

2017 жылдың 1 сәуірінен бастап проблемалық сұрақтарды жедел анықтау және шешу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Контакт орталығы өз жұмысын бастайды.

Біз Сізді толғандырған барлық сұрақтарға жауап және мамандардан кеңес алуға көмектесеміз.
Қоңыраулар Шығыс Қазақстан облысының кез келген елді мекенінен 1331 біріңғай нөмірі арқылы қабылданады.  Қоңырау шалу тегін.
Сонымен қатар, сұрақтар 1331.kz сайтының арнайы парақшасы және 8-771-202-20-02 нөміріне Whats,apр арқылыда қабылданады.


Контакт орталығының жұмыс кестесі: дүйсенбі-сенбі күндері 8.00-ден 20.00-ге дейін.