«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық...

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Абай аудандық бөліміне азаматша «egov мобильдік қосымшасы туралы жиі радиодан естимін, ол жайлы не айта аласыз?» деген сұрағымен жүгінген.

Азаматшаның сұрағына бөлім басшысының орынбасары Е.Б.Мұсаханов жауап берді.

- «Мобильді үкімет» жобасы аясында egov мобильді қосымшасы ойластырылды. Қосымша GooglePlay, AppStore, WindowsMarket  интернет – дүкендердегі Android, IOS, WindowsPhone базасындағы смартфондар иелеріне қол жетімді. Аталған қызметті қолдану үшін тіркеуден өту керек. Оны электронды үкімет порталынан жасауға болады.

Мобильді қосымшаны іске қосақаннан кейін кең қызметтер спектрі қол жетімді болады. 

Біріншіден, қызметті іске қоспағанда, «Қонақ» режимінде келесі қызметтер қол жетімді: бала бақшаға немесе тұрғын үйге тұрған кезекті қарау, кезекті онлайн брондау және тағы басқалар.

Екіншіден, мобильді жеке кабинетіңізден  Сіз өзіңіздің тіркелген мекенжайыңызды, тіркелген  жылжымайтын мүлік, автокөлік және  ЖЖЕ бұзғаны үшін айыппұлдар т.б. көре аласыз.

Үшіншіден, мобильді қосымшада 80 түрлі сервис ұсынылған: ЖЖЕ бұзғаны үшін айыппұлдар, борышкерлер реестріне қосу туралы және  бала бақшадағы кезектің өзгеруі туралы хабарламалар. Олар PUSH немесе  SMS форматында жіберіледі.

Белгілі мемлекеттік қызметті алу үшін ЭЦҚ болуы қажет, оны SIM – картаға немесе  мобильді телефонға  файлді  ЭЦҚ жазу арқылы қолдануға болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалы –
«ХҚКО» департаментінің Абай аудандық бөлімі