Абай ауданының делегаттары «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалады

21-25 шілде күндері Астана қаласында өткен Шығыс Қазақстан облысы күндеріне аудан әкімдігінің жас мемлекеттік қызметшілері  қатысып қайтты.

Ең бірінші тамашалаған «Нұр Әлем» павильонында топ-топ болып қызықтағандардың қарасы да қалың.  «ЭКСПО-2017» көрмесінде әлемнің біраз мемлекеті өздерінің энергия саласындағы техникалық жетістіктерімен барша жұртты тәнті етті. Бірнеше жылды артқа тастап, «болашаққа барып қайтқандай» жақсы әсер алдық. Осы саладағы тың жаңалықтарға қанық болдық.  Кешке амфитеатрда өткен «Шырайлы шығыстан атағы асқақ Астанаға» атты гала концертпен аяқталды. Концерттік бағдарламада Роза Рымбаева, Әли Оқапов, Ғибратшоу және Шығыс Қазақстанның үздік шығармашылық топтары ән шырқап, көрермендерге жақсы демалыс сыйлады.

Еліміздің аз уақыттағы айтулы жетістіктерін өз көзімен көру кім-кімді де таңдандырады деген ойдамыз.