Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» Мемлекет Басшысының Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау мақсатында, аудандық ауылшаруашылығы бөлімі кооператив құру негіздері, ауылдық жердің тұрғындары үшін ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жаңа тетіктері мемлекеттік қолдауын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Басты міндет, ол: ауыл халқының әрбір тұрғынын ауыл шаруашылығы кооперативтері құру негіздері бойынша хабардар ету болып табылады, кооперативтің мемлекеттік қолдау түрлері, іс-шараларды қаржыландыру, кооперативке қатысушылары үшін артықшылықтары, жеке қосалқы шаруашылықтарды тарту арқылы ұлғайту, бордақылау алаңдарын құру арқылы ет тапсыру.  

Абай ауданы бойынша 7 ауыл шаруашылық кооперативтері тіркелген. Саржал ауылында ашылған «Күншуақ» ауыл шаруашылық кооперативінде 176 адам тіркелген.  Кеңгірбай би ауылындағы «Саламат» ауыл шаруашылық кооперативінде  құрамы 53 адам. «НұрНаз-Береке» кооперативінде 31 жеке тұлға, Қарауыл және Архат ауылдарында кооператив тіркелген, бірақ  мүшелерінің санын ұлғайту бойынша жұмыстар  жүргізілуде. Қазіргі уақытқа барлық кооперативтер мүшесі ауданда 334 адамды құрайды.