«ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалауға Абай ауданының оқушылары да Елордаға аттанды

Ағымдағы жылдың 3-5 тамыз күні Абай ауданының 37 оқушысы Елорда төрінде өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін тамашалауға  аттанды. Игі іс аясында балалар көрмені аралап, бас қаланың көрікті жерлерін тамашалады.  Астанаға  жолға шыққан топ құрамында көп балалы отбасылардан шыққан және әлеуметтік топтағы балалар. Балаларға аудандық білім бөлімінен 4 жетекші 1 дәрігер маман бекітілді. Саяхаттың алғашқы күнінде белсенді топ көрменің басты нысаны - «Нұрлы әлем» ұлттық павильоны, сондай-ақ, шетелдіктердің ұсынған заманауи технологиясының жаңа жетістіктерін тамашалап, энергия-қуат күшін алатын тың жоба - жеке аймағымен танысып,  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейін, «Бәйтерек» монументін аралап, Астана қаласының көрікті жерлерін тамашалады. Бүгінгі күнге дейін 370 аз қамтылған балалар көрмені тамашалады.