«Туған  жер»

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасының аясында, туған халқын төрткүл дүниеге мәшһүр еткен ұлы суреткер Мұхтар Омарханұлы Әуезов әдебиетінің барлық жанрыне тұңғыш рет қалам тартып, бәрін игеріп, сол арқылы тіліміздің  шұрайын, еліміздің шырайын танытқан қарымды қаламгер, дарынды ғалым, асыл азамат Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл толып отыр. Осы орайда Қасқабұлақ ауылдық кітапханасында балалар мен оқырмандардың қатысуымен «Әлем таныған Мұхтар» атты көрмеге шолу ұйымдастырылды.  Көрмеге М.Әуезовтың портреті, кітаптары, «Аңыз адам» журналының бүктемелері, Ұлы адамдар естеліктері,  ақындардың арнаулары қойылды. М.Әуезовтың өмір жолы мен жазушылық қызметімен таныстырылды.  Шараға қатысушылар жазушының өмірі мен шығармаларынан викториналық сұрақтар қойылып нәтижелі жауаптар алынды. «Абай жолы» эпопеиясынан Әйкерім бейнесінен көркемсөз оқылды.

         Әуезов әлемі дейтін кең дүниенің  жаратылысы мен табиғатын екі сөзбен қайырып айту мүмкін емес. Оны терең танып, жан-жақты  талдау әр дәуір, әр ұрпақтың міндеті.  Франсуздар- Бальзакты, орыстар-Толстойды, қалай зерттеп зейіндесе қазақтар Әуезовты солай тануға өзін-өзі қадірлеуі қалыптаспақ, күшеймек, жалғаспақ. Өйткені Әуезов әлемін қазақ әлемінен , қазақ өмірінен еш бөле-жара қарауға болмайды.

         М.Әуезов тек сізбен біздің ғана емес, әлі дүниеге келмеген жаңа ұрпақтың да сарқылмас игілігі, өлшеусіз бақыты. Өйткені М.Әуезов құдіреті оның елге деген шексіз махаббаты мен сенімінде жатыр. Осы бір ақиқатты сезіну мына біздерге, бүгінгі тәуелсіз мемлекеттің іргесін нығайтып жатқан ұрпаққа қажымас қайрат, жасымас жігер береді.

 

Қасқабұлақ ауылының кітапханашысы  Дәут  Зәуреш