«Аман бол асыл қарттарым»

Кеңгірбай би ауылында 1 қазан Қарттар күніне арналған «Аман бол, асыл қарттарым» атты мерекелік жиын өтті. Мерекелік жиынды Кеңгірбай би ауылдық округінің әкімі Ө.Бекбаев қарттарымызды және ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтады. Ауылдың экономикасы, мәдениеті мен спортына үлес қосып жүрген қарттарға зор алғысын білдіре келе, аудандық спартакиада шахмат ойынынан қатарынан екі жыл бойы бас жүлдені бермеген ардагеріміз М.Жолдасхановқа алғыс хат табыс етіліп, шапан жауып сый құрмет көрсетілді. Оқушылардың монтажы оқылып, мерекелік концерт ұйымдастырылып, слайд көрсетілді. Соңы мерекелік ақ дастарханмен жалғасты.