Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінде дөңгелек үстел өткізілді

2017 жылдың 29 қыркүйегінде ШҚО Абай ауданының Қарауыл а. № 49 өрт сөндіру оқу класында «НҰР ОТАН» партиясы Абай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Дүрмекбай, Абай ауданының Құнанбай Қажы мешітінің бас имамы Б. Самырбаев, ШҚО ТЖД Абай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі мен № 49-ӨСБ қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел барысында партия басшысы Қ.Дүрмекбай жеке құрамға Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы негізінде еліміздің жаңа тарихи кезеңге аяқ басқанын, Қазақстан үшінші жаңғыруы кезеңін бастап, қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі - саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алғандығын жеткізді. Елбасының ХХІ ғасырдығы ұлттык сана туралы, басқа елдермен бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлілікті сақтау, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар шарасына толықтай тоқталып өтті.

Қ.Дүрмекбай сөзінің соңын мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр-деп соңдады.

Абай ауданының Құнанбай Қажы мешітінің бас имамы Б. Самырбаев адамдардың дұрыс діни көңіл-күйіне кері әсер ететін бірнеше факторларды атап өтіп, діни экстремизм мен терроризмді насихаттаудың алдын алу және оған жол бермеу бойынша, мемлекетіміздегі осы бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы жеке құрамға ақпарат жеткізді.

Терроризм мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйымдар. Олар өз мүдделерін жүзеге асыру үшін небір озбыр әрекеттерге барады. Билік пен байлыққа қол жеткізу үшін ештеңеден тайсалмайды. Билікті орнынан кетіріп, дінді сылтау етіп, адамдар өміріне қауіп ұялатады. Қоғам арасында алауыздықты тудырып, тыныштықты бұзады. Экстремизм мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін ешнәрседен қаймықпайды. Тіпті өздерін құрбан етуге әзір. Осылайша күш, қару қолдану және заңдар сенім - нанымдарды аяққа таптап, дін атын бүркемелеп, діттегендеріне жетуге тырысады.

Діни экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы - олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде әрине күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Әйтсе де, жасөспірім балалар үшін ақпарат құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес. Секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін барлық мамандар қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп отырулары керек екендігін айтты.

ШҚО ТЖД Абай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі