Республикалық ардагерлер қозғалысының 30 жылдығына орай

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында аудан ардагерлері   жастарға патриоттық бағытта танымдық шаралар мен тәрбиелік мәні бар келелі істерді ұйымдастырып, атқарылып, өз жалғасын табуда. 

1 қазан – халықаралық қарттар күні мерекесімен және Республикалық ардагерлер қозғалысының 30 жылдығына орай  «Қарттарым –асыл қазынам» атты мерекелік шара 3 қазан күні Абай аудандық мәдениет үйінде өтті.

Елбасы Н.Назарбаев қарт адамдардың жағдайын үнемі назарда ұстап, мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау көрсету үшін барлық жағдайды жасап отыр. Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырдан астам жемісті жылдарында еліміздің гүлденіп өсуіне, мемлекетіміздің нығайып, кемелденуіне ардагерлеріміздің сіңірген еңбегі мол. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Б.Тәттібеков мереке күні, ел абыройын асыруға қосқан сүбелі үлестері үшін құттықтау сөз сөйлеп, алғыс айтып, қарттарымызды марапаттады.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Абай ауданының құрметті азаматы» Түңлікбаев Марат Құрманбекұлы 1 қазан халықаралық қарттар күні мерекесімен және Республикалық ардагерлер қозғалысына 30 жыл толуына орай арнайы баяндама жасады.

«Қаламқас» халық ән-би ансамблі, «Нұр –Сана» салт –дәстүр орталығының әжелер ансамблі және ауданымыздың өнерпаз ардагерлерінің мерекеге арнаған арнайы концертін тамашалады.

Шара  өз деңгейінде өткізіліп, жиналған қауым өнерпаздарға ризашылықтарын білдірді және «Атамекен» тойханасында арнайы жайылған ақ дастархан басындағы әуезді ән-күймен жалғасты.

Абай аудандық мәдениет үйі КМҚК-ның директоры: С.Нурпейсов