Абай ауданы, Қарауыл ауылының тұрғындарының назарына!

2017 жылдың 10 қазанында  күндізгі сағат  09.00-ден  10.00-ге дейін электросиренаны іске қосу арқылы Абай ауданының құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізіледі.

«Баршаның назарына» сиренасының дыбыс сигналы қазірмаңызды ақпарат берілетіндігін білдіреді. Осыған байланысты қазіргі уақытта облысымыздың аудандық орталықтарында телерадиоарналарға қосылудың техникалық мүмкіншілігінің болмауына байланысты тұрғындар үшін ақпарат  ШҚО ТЖД  ресми сайтында (www.vkogps.kz) және Абай ауданы әкімінің ресми сайтында (www.abay.vko.gov.kz) жарияланатын болды.

 

ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД
Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.