Сұрақ - жауап?!

ХҚКО Абай  аудандық бөліміне Табиева Мира жүгінді, ол өз кезегінде  «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек
тағайындау»  мемлекеттік қызметін ресімдеу үшін қандай құжаттар керектігін сұрады:

Осы сұраққа құжаттарды қабылдау маманы  Нұрғалиева Әсия  жауап берді:

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек
тағайындау»  мемлекеттік қызметін ХҚКО ресімдеуге болады. Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіледі: дүйсенбіден сенбіге дейін 09:00-ден 20:00-гедейін түскі үзіліссіз, жексенбі және мейрам күндерінен бөлек.

Қабылдау қызмет алушының тіркелген мекенжайы бойынша электронды тәртіпте жеделдетусіз қабылданады.

Қажетті құжаттар тізімі:

 1) жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
 2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тіркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы);
 3) жұмыс орнынан анықтама;
 4) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда дербес шоты бар екенін растайтын құжат.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 10 жұмыс күні, қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.