Рухани жаңғыру – жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақты сабақтастыратын және өскелең ұрпақ бойында ұлттық тәрбиені қалыптастыратын бағыт-бағдар» атты аудандық семинар

Шығыс Қазақстан облысы, Қарауыл ауылы , Абай ауданындағы Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 2017-2018 оқу жылының ІІ тоқсанында ұлттық құндылықтар арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеуге айрықша назар аударып, киелі мекендер мен басқа да жәдігерлер кешенін өзара сабақтастыра отырып шығармашылық табыстарға жетелеу мақсатында «Рухани жаңғыру – жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақты сабақтастыратын және өскелең ұрпақ бойында ұлттық тәрбиені қалыптастыратын бағыт-бағдар» атты аудандық семинар өтті.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын арқау еткен аудандық семинарға ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Түңлікбаев, Қарауыл ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Шыңғыс Несіпбаев, ұйымдастыру бөлімінің басшысы Роллан Слямханов, Абай ауданы «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайырғазы Дүрмекбаев, аудандық әдістемелік  кабинетінің жетекшісі Гүлмира Қасеева, білім бөлімінің әдіскері Толқын Сәлменова, сонымен қатар мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі  орынбасарлары, ұстаздар қауымы арнайы қатысты.

Мектепке кіре берістен Абай залында білім ошағының өткен тарихы мен бүгінінен сыр шертетін арнайы стендтер қойылып көпшілікке білім ордасы жайлы көптеген мағлұматтар берілді. Сондай-ақ, мектеп оқушылары мектептің тарихы мен киелі мекендер, жәдігерлер кешенімен таныстырып өтті.

100 жылдан астам тарихы бар қасиетті қара шаңырақ Абай атындағы мектеп-лицейде бүгінгі таңда  827 бала білім алуда. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің № 447 бұйрығы негізінде облыстағы 32 жаңа мазмұндағы мектептің бірі болып, жетекші мектеп атағын алған болатын. Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейдің директоры Тлеуханов Роллан Рымханұлы.

Қазіргі уақытта көп мектепте кездесе бермейтін «Робот техникасы», «Мен - инженер», «Қолданбалы математика» т.б. пәндерді оқыту жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ, мектепте басқа да оқу орындарымен әріптестік байланыс орнаған. Мектеп пен жоғары оқу орындары арасындағы  сабақтастық негізінде  оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру мақсатында Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы- экономикалық колледжімен және Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетімен тығыз қарым-қатынас орнатылған.

Мектептің атын шығарып,мәртебесін облыстық, республикалық олимпиадаларда асқақтатып жүрген білімнің шыңына шыққан ұстаздар мен білімді түлектердің жетістіктеріне арнап арнайы бұрыш қойылған.Атап өтетін болсақ, Рымханов Рауан -  Халықаралық ХХІ «Tuymaada»олимпиадасының жүлдегері,Саха республикасы (Якутия), математика,физика пәндерінен республикалық пәндік олимпиаданың ІІ орын иегері. Ролланұлы Расул –математика пәнінен Сеул қаласында өткен Халықаралық ғылыми жоба жүлдегері. Құмарғазы Сана – Орал қаласында өткен ЭКСПО-2017 шеңберінде жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумында «Жасыл экономика»номинациясы бойынша ІІІ орын иегері.Бимұратов Досжан – облыстық пәндік олимпиадада математика пәнінен ІІІ орын иегері.Абай залында Абай мен Шәкәрімнен бастап көптеген жергілікті ақындардың өлеңдерін жатқа оқып, келген қонақтарды жырмен сусындатты. Келесі кезекте оқушылар қасиетті, киелі, құт мекен қарт Шыңғыстың жәдігерлер кешенімен, яғни Жидебайдағы Абай, Шәкәрім кесенесі,Қоңыр әулие үңгірі, Қырық үңгір және Сарыкөл қорымдары туралы түсінік беріп өтті.Осылайша мектеп тарихымен толықтай танысып өткен семинарға қатысушылар мектептің акт залындағы Қапанова Ғалия Саятқызының «Туған өлкем – тұнған шежірем» тақырыбындағы сабағында 4 топқа бөлініп іс-тәжірибе алмасты.Мысалы, «Абай» ауылы «Ұлылар елінің өлмес тұлғалары» тақырыбында постер қорғаса, «Шәкәрім» ауылы ауданымыздың киелі жерлерімен таныстырды, ал «Мұхтар» ауылы болашақтағы ауданымыздың келбетін үйлесімді етіп суреттеп берді.Осыдан кейін барлығы бір шаңырақ астына жиналып, елімізге деген жүректен шыққан ақ тілектерін жеткізді.

Жалпы бұл семинар Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өтіп жатқандықтан тарихи, құнды жәдігерлерді насихаттау, ұлттық құндылықтар арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеуге баса назар аударылды. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 2009 жылы Абай атындағы ЖОББ-тің мектеп-лицейінің мерейтойымен тұспа-тұс «Абай ұрпақтары» мұражайы мектебіміздің түлегі, жанашыр азамат, белгілі меценат Шаған Манапұлының демеушілігімен жөндеуден өткен болатын. Бұл бөлімде қонақтар Абай мектеп-лицейінің шежіресінен сыр шертетін тарихи мұражайды аралап, құнды жәдігерлермен танысты.

«Абай ұрпақтары» мұражайынан рухани әсер алған семинарға қатысушы қонақтар «Робот техникасы» кабинетіне барып, Әділғазы Еділ мен Баймұхамбетова Жанеркелердің жетекшілік етуімен С.Ахметқали, Д.Бимұратов, М.Айтбаева, Д.Арманов, Е.Рахатұлы, М.Жарқынбаев сияқты облыстық, республикалық сайыстардың жүлдегерлері болып жүрген оқушылардың жасаған сумо-роботын, кез-келген түсті анықтап бере алатын роботты, жер талғамайтын роботтың түрлерімен танысты.

Осы роботтардың электронды блоктары мен құралдар жиынтығының 5-еуін Семей қаласының Шәкәрім университеті сыйға тартқанын, ал 14-і жергілікті бюджет қаражатына сатып алынып, мектепте оқушылардың білім мен ғылымды меңгеруіне және олардың өсіп-өркендеуіне септігін тигізетінін айтып өткен орынды деп есептеймін.

Келесі кезекте семинарға қатысушылар «Мәңгілік ел» кабинетіндегі мектеп мұғалімдері Қанағатова Айнұр мен Әшімов Дастанның «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты дебат сабағына қатысып, «даттаушы», «жақтаушы» топтарға бөлініп, пікірталасқатүсті. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Түңлікбаев Марат ата мен Несіпбаев Шыңғыс ата, Көкбай орта мектебінің тәлімгері Маржан Таханова мен Шәкәрім атындағы орта мектептің директоры Пәкизат Ысқақова латын әліпбиіне көшу жайлы өз уәждерін айтып, ойларымен бөлісті.

Келесі бөлімде қонақтар Абай өңірінің ұлы тұлғалары мен киелі мекендері, жәдігерлері жайында республикалық, облыстық ғылыми жобалар жеңімпаздарының шеруін тамашалады.

Осыдан ары қарай семинар мектеп-лицейіміздің ұатаздарының ашық сабақтарыменжалғасты. «Абай үні, Абай сөзі, Абай тынысы» атты кіріктірілген  тәрбие сағаты  ұлы ақын, кемеңгер ойшыл, философ, жазба әдебиетінің негізін салушы  Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналды. Сабақты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Адибаева Әйгерім, Абайтану пәнінің мұғалімі Рысбекқызы Әйгерім, музыка пәні мұғалімі Нұрғалиева Әлия өткізді. Сабақ 11-сынып оқушысы Оразқызы Толқынның  Абай Құнанбаевтың «Май түні» күйін тамылжыта орындауымен басталды. Тәтті күйдің әсем әуеніне «Әдеби монтаж» оқылып, әдемі үйлесім тапты.Сабақ төрт бөлімнен тұрды. Оқушылар «Жүрек», «Қайрат», «Ақыл» топтарына бөлінді.

Оқушылар 1-бөлім бойынша  тақтада көрсетілген ұяшықтардан тапсырмаларды таңдап, постер қорғады. 2-бөлім бойынша  Абай Құнанбаевтың қарасөзі негізінде сахналаған көрініс қойды.

3-бөлім бойынша қатысып отырған қонақтардан «Қонақкәде» сұралды.

 Абай атамыздың әр сөзінен нәр алып, Абай сөзін бойтұмар қылып таққан мектебіміздің оқушылары әр сәрсенбі күні дәстүрлі түрде өтетін  «Абай оқуларына» белсене қатысатыны бейнежазбадан  көрсетілді. Абай оқулары оқушылардың бойына Абай атамыз  өсиет еткен « ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректі» ұялату,сіңіру.

4-бөлім бойынша  тақтада көрсетілген ұяшықтардан  Абай әндері бойынша әуен орындалды. Оқушылар сол әуенді тауып, қай ән жасырылғанын айтып,  әннің шығу тарихымен таныстырды. Республикалық Абай оқуларының жүлдегері Оразқызы Толқынның орындауындағы  Абайдың «Ем таба алмай» әнімен сабақ өз мәресіне жетті.

Бастауыш пәнінің  мұғалімі Джолумбетова Жанар Адылбекқызы 1-3 сынып оқушыларымен «Традиции и культура – генетический код нации» атты тәрбие сағатын өткізді. Аталмыш тәрбие сағатының мақсаты  қазақ халқының салт-дәстүрі, қонақжайлылығы,  мәдениетін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру, бойларына ұлттық тәрбиені қалыптастыру. Оразғалиева Асылназ бен Еркеназ келген қонақтарға қазақ халқының тамаша дәстүрі шашу шашып, үш тілде өлең-жырмен қарсы алды.  Сабақ барысында оқушылар қазақтың «Балаға ат қою», «Атқа мінгізу», «Тоқым қағу», «Сүйінші», «Тұсау кесу» сияқты әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін дәріптеп, «Қара жорға» әніне би билеп, сергіту сәтін жасады.  Асыққа толы қоржын арқылы «Ой мен ойын» ойыны, ұмытылып бара жатқан «Бел көтерер», «Біз шаншар» тәрізді дәстүрлеріміз көрермендермен «Ақсүйек» ойыны арқылы еске түсіріліп, ойнатылды.  Сабаққа аса белсенділікпен қатысқан оқушылар «Угадай-ка» ойынында  сурет арқылы тыйым создерді тапты. Сабақ соңында Республикалық «Самға жұлдыз» байқауының жеңімпазы мектеп мақтанышы Серікқызы Анара «Туған жер» атты әнімен семинар қатысушыларын тәнті етті. 

Қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы Әйткеш Толғанбаевтың  өмірі мен шығармашылығына арналған «У музыки нет национальности»  атты тәрбие сағаты өтті. Сабақты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алдажарова Мадина Аубакірқызы өткізді.

Сабақтың мақсаты: Әйткеш Толғанбаев өмірінің қиын кезеңдері арқылы шығармашылығымен таныстыру болды.

Сабақтың 1-бөлімі 6 «г» сынып оқушыларының өмірдерегі мен бейнесюжеттер арқылы өрбіді.

2-бөлім бойынша саз мектебінің скрипкашылары келіп, « Елім -ай» әнін орындап көрермен көзайымына айналды.

3-бөлім бойынша 11-сынып оқушылары дайындаған фото-галереяға саяхат жасалды.

4 -бөлім бойынша 10- сынып оқушыларының Әйткеш Толғанбаевтың өмірінен алынған сахналық көрініске ұласты.

Сабақ соңында  семинарға  келген қонақтар ерекше әсерге бөленіп, алғыстарын жаудырды.

Осылайша, семинардың барлық бөлімдері аяқталып, семинарды қорытындылау мақсатында мектеп басшысы Роллан Рымханұлы  дөңгелек үстел өткізді. Семинарға қатысушылар мектептің жылма-жыл жаңарып, әр келген сайын өзгеше қырынан көретіндіктерін, өздеріне рухани азық боларлық құнды дүниелер алып, қанаттанып қайтатындықтарын айтып, жылы лебіздерін білдірді. Келген қонақтардың  жаңашыл бастама көтеріп отырған мектеп директоры Роллан Рымханұлына, ұстаздарға шығармашылық табыс тілеп,  алғыстарын білдіруі осының айғағы деп білемін.

Тайгулова Гульшат Акрамовна
Абай атындағы ЖОББ-тін мектеп- лицейдің
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары