«Карнавал»

31 желтоқсан күні аудандық мәдениет үйінде аудан жастарына арналған жаңа жылдық «Карнавал» болып өтті.

Аудан  жастарына  арналған көгілдір от кешінде аудан әкім Ж.Байсабыров жастарға ізгі тілектерін айтып, жаңа жылмен құттықтады.

Карнавалға арнайы ертегілер кейіпкерлерінің киімін киіп келген жастарға бағалы сыйлықтар беріліп, әр-түрлі ойындар ұйымдастырылды

2018 жылдың 1 қаңтар күні  «Шырша жыры» атты балаларға арналған ертеңгілікте аудан әкімінің қоғамдық кеңесшісі Т.Аманғазы кішкентай  бүлдіршіндерді жаңа жылмен құттықтап сөз сөйледі.

Аяз ата мен Қарша қыз арнайы дайындаған сыйлықтарын өз өнерлерін көрсетіп би билеп, тақпақтарын дайындап әкелген балаларға сыйлады.

Сондай-ақ, Қасқабұлақ, Көкбай ауылдық мәдениет үйлерінде, Құндызды, Медеу, Архат, Саржал, Тоқтамыс ауылдық клуб үйлерінің  әр қайсысында да осындай мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

Абай аудандық мәдениет үйі КМҚК директоры:   С.Нурпейсов