Мейрімділікке толы жаңажылдық ертеңгілік

Әр адам қайталанбас тұлға болып есептеледі.Солардың бірі, қоғамның бір-мүшесі- мүмкіндігі шектеулі балалар. Оларға қайырдымдық жасау, мейрімділік таныту әрбір адамның міндеті.Осы орайда, Кеңгірбай би ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы Думан Турсынханов ұйымдастырған Жаңа жыл қарсаңында қайрымдылық шара өтті. Шара Кеңгірбай би ауылында тұратын мүмкіндігі шектеулі баланың үйінен бастау алды. Сыйлыққа толы дорбасымен Аяз Ата мен Ақшақарды көрген баланың қуанышында шек болмады.Қарауыл ауылының тұрғыны Серікхан Айдарбековтің жаңажылдық сыйлығы тарту етіліп, мейрімділікке толы әсерлі сәт болды.

Мейірімге толы шара Шәкәрім атындағы орта мектептің оқушыларының жаңажылдық кешімен жалғасты. Балалар көңілін көтерер түрлі ертегі кейіпкерлері  кеш ажарын кіргізіп, қойылымды көріністерін ұсынып, кеш шырайын кіргізді.Жаңа жылдың басты кейіпкерлері алыстан базарлықтарын арқалай келген Аяз ата мен Қарша қыз ортаға келіп, балалардың көңілін көтере түсті.Балалар  Қарша қыздың жасырған жұмбақтарын шешіп, Аяз атаға тақпақтарын айтып түрлі сыйлықтарға ие болды.Жасыл шыршаны айнала би- билеп, әсем әндерін шырқап  өз өнерлерін ортаға салды.

Кеш соңында Кеңгірбай би ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Думан Турсынханов, «Ерасыл» дүкенінің иесі Мұрат Тілеубаев, Кеңгірбай би ауылының тумасы Қайрат Оспанов, «Думан» шаруа қожалығының жетекшісі Исабаев Алпысбек сынды азаматтардың балаларға арналған  жаңажылдық сыйлықтарын табыстап, кешті қорытындылады.

Айта кету керек, осындай қайрымдылық шара Кеңгірбай би ауылында бірінші рет өткізіліп отыр.Балаларды қуанышқа бөлейтін,мейрімділікке, мейірбандылыққа толы әсерлі кештер алдағы уақытта жалғасын табар деген үміттеміз.