Қазақстан Республикасы ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институты 

ОҚУҒА ТҮСУ ШАРТТАРЫ:

Институтқа күндізгі оқыту түрі бойынша орта білімі бар, 16 жасқа толған, денсаулығы бойынша іскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен өткізілетін ҰБТ немесе КТ қорытындылары сертификаттарының балдарына сәйкес жүргізіледі.

Азаматтарды күндізгі оқу түрі бойынша оқуға қабылдау төрт кезеңнен тұрады:

Бірінше кезеңде қабылдау комиссиясы талапкерлердің жеке істерімен танысып, содан кейін ҰБТ немесе КТ нәтижесі бойынша іріктеу жүргізеді.

Екінші кезеңде медициналық және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша оқуға түсуге денсаулығының жарамдылығының анықтау мақсатында іріктеу жүргізіледі.

Үшінші кезеңде талапкерлер бекітілген нормативтерге сәйкес дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтар тапсырады.

Төртінші кезеңде қабылдау комиссиясы курсанттар қатарына қабылдайды.

Институтқа оқуға қабылдау медициналық, дене бітімі және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеу қорытындыларын ескере отырып, ҰБТ және КТ қорытындылары бойынша сертификат балдарына сәйкес конкурс бойынша жүргізіледі.

МАМАНДЫҚТАР: «Өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайларда қорғау», «Азаматтық қорғаныстың командалық тактикалық күштері».

ИНСИТУТТА ОҚУ ШАРТТАРЫ:

Курсанттар республикалық бюджет есебінен оқытылады. Курсанттар барлық оқу кезеңіне киім-кешекпен, тамақтану және мемлекеттік шәкірақымен қамтамасыз етіледі. Институттың күндізгі оқу түрінің толық курсын бітірген, 4 жыл оқыған тұлғалардың білім алу уақыты әскери қызметті өтеу уақытына теңеледі.

Толық мәлімет ШҚО ТЖД ресми сайтында (www.vkogps.kz).

Институт мекен-жайы: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Ақан сері көшесі, 136. Байланыс телефоны: 8(7162) 25-04-01, 25-52-49, 25-13-36, 25-48-52.

ШҚО ТЖД мекен-жайы: Өскемен қаласы, Протозанов көшесі, 97/1. Байланыс телефоны: 8(7232) 26-45-10, 57-01-16.

Абай ауданының ТЖБ мекен жайы: Қарауыл ауылы, Бекбосынов көшесі, 51. Байланыс телефоны: 8 (72252) 91235