Қазақ күресінен ШҚО Чемпионаты

2018 жылы 8-10 қаңтар аралығында Семей қаласында «Тарлан» спорт комплексінде қазақ күресінен Астана қаласының 20 жылдығына  орай Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті. Осы жарысқа ШҚО барлық  аудандарынан спортшылар келіп қатысты.  Абай ауданының құрама командасын Айбек Нұғыманов апарып, алып келді. Жарыс нәтижесінде Абай ауданының құрама командасынан барған үш палуанымыз жүлделі орынмен оралды. Атап айтқанда 90 кг салмақ дәрежесінде Сайлаубеков Темірлан І орын, 73 кг салмақ дәрежесінде Әлшеков Мансұр ІІІ орын, 55 кг салмақ дәрежесінде Рахымбаев Назар ІІ орынға ие болды. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен, медальдармен марапатталды. Жаттықтырушысы Какенов Мақсат, Нұғыманов Айбек.