Абай ауданының ТЖ бөлімінде сыбайлас жемқорлықтын алдын алу

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту процесін баялататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі.

Сондықтан оны болдырмау, алдын алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда.  Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы бекітілді.

Жемқорлықтын алдын алу, жолын кесу мақсатында ШҚО ТЖД Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінде біраз іс-шаралар атқарылып келеді. Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілерін зердеу бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбына бөлім мен Қарауыл а. № 49 өрт сөндіру қызметкерлерімен күнделікті нұсқаулықтар мен тоқсан сайынға кәсіби-қызметтік даярлығында сабақтар жүргізіледі. Бөлімнің бірінші қабатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» арнайы стенд ілініп, онда алдын алу шаралары туралы қажетті ақпараттар мен сенім телефондары көрсетілген. Қызметкерлердің кәсіби және мәдени денгейін көтеру, жемқорлықтын алдын алу, оған жол бермеу – бөлімнің маңызды мақсаты болып табылады.

Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп кодексі бойынша, объектілерде тексерулерді неғұрлым сапалы жүргізілуі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға қарама-қайшы қылықтардан аулақ болуы туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, арыздарына заңды түрде қарап, уақытында жауап беретіні туралы арнайы күнделікті нұсқаулықтан өтіп, қол қояды.

Бүгінгі біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресуді барлық қазақстандық борышым деп білуі қажет. Ал, мемлекеттік органдар үшін бұл – міндет!

 

ШҚО ТЖД Абай ауданының ТЖБ бастығы
Серікжан Азамбаев