Абай ауданында аудан әкімі Ж.Байсабыровтың, ауылдық округ әкімдерінің есеп беру кездесулері аяқталды

Биылғы жылы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 5 ақпан 2016 жылғы №190 Жарлығына сәйкес аудан әкімінің, ауылдық округ әкімдерінің есеп беру кездесулері 2018 жылдың 22-26 қаңтар күндері аралығында өткізілді.

Өткізілген есеп беру кездесулеріне Тоқтамыс пен Саржал ауылдық округтерін санамағанда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі  Төлеубеков Қонысбай Қойшыбайұлы қатысып қайтты. Сондай-ақ, ауылдарда өткен жиындарға аудандық мәслихаттың хатшысы Лдибаев Ерлан Арнаұлы, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, білім, ветеринария, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары және жергілікті полиция мен баспасөз өкілдері де қатысты.

Биылғы жылы өткізілген есеп беру кездесулеріне 1575 адам қатысты. Аудан тұрғындары қойған сұрақтар мен ұсыныс-пікірлерге кездесулер барысында аудан әкімі Ж.Байсабыров, ауылдық округ әкімдері және барған өкілдер жауаптары мен түсініктемелерін берді.

Роллан Слямханов, Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы