Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 328 Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі оны Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі етіп ;қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы аталған Агенттіктің құрылымында ведомство мәртебесіне ие болып және құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын құқық қорғау органы болып табылады.

Қазақстан Республикасының барық облыстарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының аумақтық органдары құрылған. Осы Департаменттерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу жөніндегі комиссиялар жұмыс атқарады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңымен сыбайлас жемқорлық  ұғымы түсіндірілді, яғни сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.

Аталған заңның 4-ші бабында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары белгіленген, соның бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1131 қаулысымен Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекітілді.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленеді.Біржолғы ақшалай сыйақы түріндегі көтермелеу мынадай мөлшерде белгіленеді:

-         сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша - 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);

-         онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша — 40 АЕК;

-         ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша — 50 АЕК;

-         ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 70 АЕК;

-         аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша-100АЕК.

Яғни, төлемақы көлемі жасалған қылмыстардың ауыртпалығына байланысты, сондықтан 40 АЕК тен 100 АЕК көлемінде төленеді (96200 тенгеден 240500 тенгеге дейін).

Осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген жағдайларда, егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де түрде жәрдемдескен адам біржолғы ақшалай сыйақыны төлеуден бас тартқан жағдайда, грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түріндегі көтермелеулер белгіленуі мүмкін.

Қөтермелеуді қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық деректері бойынша Семей аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ауданаралық басқармасының мекен жайы ШҚО, Семей қаласы, Байтұрсынов көшесі 36 үй немесе 8 7222 77-01-67, 77-02-05 телефондарына және де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Call-орталығына 1424 қысқа нөмірі бойынша хабарлама бере аласыздар.

Семей аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ауданаралық басқармасының басшысы Ғ.А.Қошқарбаев