Абай ауданында өрт қауіпсіздігі профилактикасы

2017-2018 жылдың жылыту кезеңі басталысымен апта сайын, ШҚО ТЖД Абай ауданының ТЖБ және № 49 ӨСБ қызметкерлерімен улы газбен уланбау бойынша,  пешті және тұрмыста газ баллондарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша үлкен профилактикалық жұмыс жүргізілуде.

«Өрт қауіпсіздік сеңбілік» аясында 2018 жылдың 03 ақпанында Абай ауданының ТЖБ мен № 49 ӨСБ қызметкерлерімен Қарауыл ауылында тұрғын үйлерде улы газбен уланбау және пешті пайдалану кезінде, көп пәтерлі тұрғын үйлерде газ баллондарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша рейд жүргізіліп, жадынамалар таратылды.

Сонымен қатар, көп пәтерлі тұрғын үйлердің подъездерінде газ баллондарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау туралы жадынамалар ілінді.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» қызметкерлеріне жиналыс барысында тұрғын үйлерде улы газбен уланбау және пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау, өрт сөндіргішті пайдалану тәртібі және өрт болған жағдайда іс-әрекет туралы нұсқама жүргізіліп, жадынамалар таратылды;.

Газет таратушылармен «Абай елі» жергілікті газеті арқылы 1000 дана «Үй қауіп-қатердің емес, жылулық пен жайлылықтың көзі болу керек» жадынама таратылды.

ШҚО ТЖД Абай ауданының ТЖБ