Дзюдодан ашық біріншілік

2018 жылдың 1-2 ақпан аралығында дзюдо күресінен 2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында Астана қаласының 20- жылдығына орай  «№1 ШҚО ОРМБЖСМ» ашық біріншілігі болып өтті. Жарысқа Семей, Өскемен қалаларынан және ШҚО аудандарынан барлығы 310 спортшы қатысты. Жарыс нәтижесінде Абай ауданының спортшылары жүлделі орындардан көрінді. Атап айтсақ 60 кг салмақ дәрежесінде Қайыржанұлы Серіжан І орын Абай мектеп-лицейі жаттықтырушысы Ахметжанов Азамат, 66 кг салмақ дәрежесінде Шалабаев Мақсат І орын М.Әуезов орта мектебі жаттықтырушысы Сәрсенбаев Шалқар, қыздар арасында 48 кг салмақта І орын Жасұланқызы Жанерке Қарауыл гимназиясы жаттықтырушысы Кәкенов Мақсат, 38 кг салмақта ІІІ орын Дүйсенғалиев Архат  Тоқжігітов орта мектебі жаттықтырушысы Әкішев Медет,   қыздар арасында 52  кг салмақта  III  орын  Талапқалиева  Диана  М.Әуезов орта мектебі жаттықтырушысы  Ермекбаев Рауан. Спортшыларды, жаттықтырушыларды осы жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақыттада жеңістері коп болсын!

Абай ауданы бойынша БЖСМ.