Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған допты хоккейден ересектер арасында аудандық жарыс.

Таяуда үстіміздегі жылдың 31 қаңтар күні Абай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған допты хоккейден ересектер арасында аудандық жарыс өткізілді.
Ересектер арасында өткен бәсекеге 7 команда қатысты. Атап айтқанда: Мекемелерден Элетктр жүйесі мекемесі, Өрт сөндіру мекемесі, Кеңгірбай би ауылының командасы, Барыс командасы, Ардагер командасы, Лицей және жастар командасы қатысты.
Жарыстың нәтижесінде үздік ойынымен шеберлік танытқан төмендегі командалар жүлделі орындарға ие болды. I орынды Ардагерлер командасы, II орынды Лицей командасы, III орынды Электр жүйесі мекемесі жеңіп алды.
Сонымен қатар ойын барысында ерекше өнерімен көзге түскен спортшылар арнайы тағайындалған марапаттауларға ие болды. «Үздік ойыншы» атағына Әміржанов Кенжеш (Ардагер) ие болды, «Үздік қорғаушы» Сағадиев нұржан (Лицей), «Үздік шабуылшы» болып Қылышбеков Аңсар (РЭС) атанды. Жарыс жеңімпаздары арнайы Мадақтама грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.