Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы талқыланды

Кеңгірбай би ауылдық округінде ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы Д.Амангелдинің төарағалығымен шаруа қожалығының жетекшілері, кәсіпкерлер, ауыл тұрығындарымен мектеп және колледж ұжымының қатысуымен жиын өтті.

Күн тәртібінде:

1.Әлеуметтік жұмыс орыны, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту.

2.Ауылдағы тазалық шаралары, мал ұрлығының алын-алу жұмыстары және т.б. жұмыстар туралы.

3.«Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер» туралы кодексіне енген өзгерістері.

4.Бруцеллез және т.б мал аурулары, сырғалау, таңбалау, мал анықтамаларын беру тәртібі туралы.

5.Мал бағу жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде кооператив құру, лизингтік бағдарлама бойынша ауылшаруашылық техникаларын алу туралы.

Жиынға халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Ж.Қырқынбайұлы,  Абай ауданының ІІБ ЖПҚ бастығы Әзіхан Қазыбек Нұрисламұлы,  Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Кеңесбекұлы Еркебұлан, мал дәрігері Ж.Жарасбаев, Кеңгірбай би ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Д.Турсынханов хабарлама жасап, жиынға қатысқан адамардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.

Жиын соңында ауыл әкімінің м.а. Д.Амангелдин алдағы уақытта атқарылатын бірнеше жұмыстарға тоқталып өтті.