Абай ауданы, Қарауыл ауылының тұрғындарының назарына!

2018 жылдың 05 наурызында  «Көктем- 2018» РКШОЖ аясында күндізгі сағат  08.40-тан  09.10-5а дейін электросиренаны іске қосу арқылы Абай ауданының құлақтандырудың автоматты жүйесі іске қосылады.

«Баршаның назарына» сиренасының дыбыс сигналы қазірмаңызды ақпарат берілетіндігін білдіреді. Осыған байланысты қазіргі уақытта облысымыздың аудандық орталықтарында телерадиоарналарға қосылудың техникалық мүмкіншілігінің болмауына байланысты тұрғындар үшін ақпарат  ШҚО ТЖД  ресми сайтында (www.vkogps.kz) және Абай ауданы әкімінің ресми сайтында (www.abay.vko.gov.kz) жарияланатын болды.

 

ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД
Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.