Кіші футболдан аудандық жарыс

Наурыз айының 2-сі күні Абай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Абай ауданы бойынша БЖСМ» КММ-сінің Көкбай ауылындағы футбол бөлімінің жаттықтырушысы Көкебаев Дәулеттің ұйымдастыруымен Қарауыл ауылының  Спорт модульінде Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20-жылдығына арналған 2005-2006 ж. т. туған жасөспірімдер арасында кіші футболдан аудандық жарыс өтті. Жарысқа барлығы 9 команда қатысты. Атап айтсақ Көкбай орта мектебінен 2 команда, Абай атындағы мектеп-лицейі, Қарауыл гимназиясы, Тоқжігітов орта мектебі, Медеу орта мектебі, Ш.Әбенов орта мектебі, М.Әуезов орта мектебі, Шәкәрім орта мектебі. Жарыс қорытындысы бойынша I орынды Көкбай-1 командасы, II орынды Абай атындағы мектеп-лицей командасы, III орынды Шәкәрім орта мектебі командасы иеленді. Жарыс номинациялары бойынша:

«Үздік қорғаушы» Жанарбекұлы Ералы (Шәкәрім о/м)

«Үздік қақпашы»  Қасымжанов Наурызбек (Көкбай о/м)

«Үздік ойыншы» Маратұлы Ерзат (Лицей)

Жарыс жеңімпаздары арнайы мадақтама мен кубок және медальдармен марапатталды.

Осы жарыстың өтуіне демеушілік жасаған Абай аудандық мәслихаттың депутаты Көкебаев Айдар ағаға алғысымызды білдіреміз!