Абай ауданы, Қарауыл ауылының тұрғындарының назарына!

Ағымдағы жылғы 13 наурыз күні күндізгі  09.00-ден  10.00-ге дейін электросиренаны іске қосу арқылы Абай ауданының құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізіледі.

«Баршаның назарына» сиренасының дыбыс сигналы қазірмаңызды ақпарат берілетіндігін білдіреді. Осыған байланысты қазіргі уақытта облысымыздың аудандық орталықтарында телерадиоарналарға қосылудың техникалық мүмкіншілігінің болмауына байланысты тұрғындар үшін ақпарат  ШҚО ТЖД  ресми сайтында (www.vkogps.kz) және Абай ауданы әкімінің ресми сайтында (www.abay.vko.gov.kz) жарияланатын болды.

 

ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД
Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.