Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген іс-шаралар

20 наурыз күні Абай аудандық мәдениет үйінде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай және кейінгі жас ұрпақтың қызығушылығын арттыру мақсатында   Ж.Кәрменов атындағы саз мектебінің ұстазы Мыңбаева Ақмарал Майлыбайқызының және шәкірттерінің «Ән аманат» атты дәстүрлі ән кеші болып өтті.

Бұл кештің мақсаты еліміздің әр аймақтарына қарай бес мектепке бөлінентін дәстүрлі ән мектебін бір арнаға тоғыстыру және насихаттау.   А.Мыңбаева Ж.Кәрменов атындағы саз мектебінде ашылған Батыс өңірінің әншілік сыныбында, Қ.Қабышев Ж.Кәрменов атындағы ән сыныбында  шәкірттерін тәрбиелеп, талмай еңбек етіп келеді. Абай, Шәкәрім бабаларымыздың, Шәкір Әбенов, Жәнібек Кәрменов, Мейрамбек Жанболатовтың және тағы басқа жергілікті сазгерлердің әндерін шәкірттеріне үйретуде.

Шәкірттері Арқаш Жігер Ғ.Құрманғалиевтің «Елге сәлем», Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әнін, Арқашев Жасқанат Республикалық байқаудың лауреаты Абайдың «Сегіз аяқ», халық әні «Ақ Айша» әнін, Семей қаласында өткен Республикалық әншілер байқауының бас жүлдегері Қалиқанова Дильназ «Халық термесін», Қадыр Мырзәлінің «Қазақ осы» әнін, апалы-сіңілі Әлемқызы Фатима, Әмина халық әні «Желбір жекен», С.Торайғыровтың «Мен қазақ», Қ.Аманжоловтың «Өзім туралы» әнін, Байбуринова Тоғжан Н.Байғаниеннің «Еңбек термесін», халық әні «Ақ ерке» әнін орындады.

А.Мыңбаева «Сайра бұлбұл», «Гүлдерайым» әнін шәкірттерімен орындаса, Қ.Қабышевпен «Ән айтысқа» шығып көрермендерді әнмен сусындатты.

Сонымен қатар Ақмарал Ғ.Құрманғалиевтің «Әнші дауысы» әнін, Т.Алашұлының «Көл қайнар» әнін, Қ.Қабышев А.Әлтаевтың «Атаның өсиеті», Г.Саринаның «Сағыныш» әнін, М.Жанболатовтың «Ән домбыра» әнін орындады.

Кеш қонақтары Арқаш Ақжігіт Динаның «Мереке» күйін, Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаты Жұмаханова Дарина Құрманғазының «Төремұрат» күйін орындап көрермендердің қошеметіне бөленді.

Кешті жүргізуші «Қаламқас» халық ән -би ансамблінің дәстүрлі әншісі, «Шабыт» фестивалінің лауреаты, 2017 жылы Атырау қаласында өткен Республикалық «Ән дәрия дүлдүлдері» атты ән байқауының жүлдегері Қайрат Қабышев қазақтың әндерін шынайы сүйсіне тыңдайтын көрерменге және  қазақтың әншілік өнер мұрасын болашақ ұрпаққа  жеткізу мақсатында ұлттық ән-өнерімізді дәріптей отырып және әр әннің шығу тарихын баяндай отырып дәстүрлі ән кешін қызықты өткізді.

Кеш соңында ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Е.Оразалы, «Ақсұңқар» ақындар сыныбының ұстазы Т.Жанғалиев, «Қаламқас» халық ән –би ансамблінің көркемдік жетекшісі Н.Өмірбеков, Ж.Кәрменов атындағы саз мектебінің директоры З.Әзімбай құттықтау сөз сөйлеп сый-сыяпат жасады.

Сахна шымылдығын «Саржал» халық театрының ұжымы мүшелерінің орындауында   М.Ибраевтың «Шәкәрім» атты шығармасынан қойылым көрсетті.   

Концерттік бөлім бойынша фольклорлық ансамбль Сүгірдің «Бозінгеннің бүлкілі»  күйін, фольклорлық ансамблдің сүйемелдеуімен халық әні «Қыз қуу»  әнін С.Жұмасиянова орындады.  

Сондай-ақ, Елубаевттың жанұялық ансамблінің орындауында «Жанымда бол» әнін, қыздар а капелласы «Арулар асыл жандар» әнін, балалар хоры «Алға қазақ елі» әнін, эстрадалық топтың орындауында «Ауылға барам» әнін, ардагерлер ансамблі «Шыңғыстау» әнін, ұстаз М.Ратаева, шәкірттері Н.Ахметқалиева, С.Рашитов «Құпия бақтың әуені» әнін, ұлдар триосы «Ағайын» әнін, дәстүрлі әнші Балуан Шолақтың «Ғалия» әнін нақышына келтіре орындап көрермендер ризашылығына бөленді.  Жалпы хордың орындауындағы «Қазақстаным» әні көрермен көңілінен шықты.            

Сондай-ақ, «Әсем-ай» бишілер тобының орындауында «Көктем биі», (би қоюшы Ә.Сәкенова) Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің биі бойынша «Грузин»  биін, Латын Американ биі «Джайф» биін көрермендер жылы қабылдады.