Тарихы – дастан, елім бар мерейі асқан» атты аудан көркемөнерпаздарының өнер байқауы

 «Тарихы – дастан, елім бар мерейі асқан» атты аудан көркемөнерпаздарының өнер байқауына орай  1 наурыз  күні Көкбай ауылының байқау ережесіне сай концерті болып өтті.

«Көкбай» халық театрының өнерпаздары (режиссері М.Ахметов) Шәкәрім қажы өмірінің соңғы күндерін баян ететін Ә.Мырзақасымның «31-дің соңғы күзі» атты үш көріністі драмасынан үзінді көрсетті.

Концерттік бағдарламаны М.Таханованың «Тарихы – дастан, елім бар мерейі асқан» атты алғы сөзімен сахна шымылдығын ашты. Жас балғындардан құралған бишілер тобы «Кантри» биін билеп көрермендерді баурап алды. Концерт барысында «Әдемі-ау» эстрадалық  ансамблі «Тулайды жүрек» әнін, ұстаз-шәкіртімен Д.Жұмабекова, Ж.Серіков, М.Ахметов, Б.Абзалқызы «Дала дастаны» атты әнімен көрермендердің ыстық ықыласына бөленсе,  «Кербез» би тобының орындауындағы «Хорезм» биі көрерменнің қошеметіне бөленді.

Мират, Данагүл Ахметовтердің жанұялық дуэті «Жанымда бол» әсем әнін орындады. Ұлдар вокалдық тобы «Көк шолақ» деп ән салса, қыздар а капелласы «Бұл ән, бұрыңғы әннен өзгерек» деп ән шырқады. Балалар хоры  «Қазақстан бақ мекенім» әнін орындаса, ардагерлер ансамблі «Абай елі» деп шырқай ән салды. «Кербез»,  «Көркем» би топтары «Көзінің мөлдірін-ай» әніне ырғала билеп өнерлерін паш етті.  Фольклорлық ансамблдің орындауында «Жаңа ғасыр» күйі, ансамблдің сүйемелдеуімен Н.Төлеутай халық әні «Арба келеді» әнімен қошеметке бөленсе, дәстүрлі әнші А.Мұсамағамбетов «Бұлбұлым», «Өлсем орным қара жер сыз болмайма» әнін орындады. Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілікті жырлайтын «Отаным» әнін жалпы хор орындап көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Қасқабұлақ ауылының драмалық ұжым мүшелерінің орындауында М.Ибраевтың «Шәкәрім» драмасынан қойылым көрсеті.  Драмалық ұжым мүшелерінің сомдаған  рөлдері көрерменге шынайылықпен жеткізе білді.

Концерттік жанр бойынша фольклорлық ансамблдің орындауында Құрманғазының күйі «Қызыл қайың серпер» күйін, халық әні «Угай ай» әнін М.Тайоразова нақышына келтіре орындап көрермендер ризашылығына бөленді.

Балалар хоры «Болашағы біз елдің» әнін, ардагерлер ансамблі «Шыңғыстау вальсін», ұстаз-шәкіртімен Е.Жұманбаев, Ж.Әділбекова  «Шыңғыстауға наз» әнін,  қыздар ансамблі Ш.Құдайбердіұлының «Байғазы» (а капелла) әнін, дәстүрлі әнді насихаттаушы, орындаушы Н.Орынбекұлы А.Әлтаевтың «Ата өсиеті» әнін, ұлдар тобы К.Әзірбевтың «Көк шолақ» әнін орындап көрермендердің қошеметіне бөленсе, М.Жұмаханов пен Қ.Қабыланов Дәулеткерейдің күйі «Көроғұлы» күйін домбарада  шебер ойнады.               

Сондай-ақ, «Ғазиза» би тобының (жетекшісі Д.Мұратова) орындауындағы «Астанаға арнау» биі, 70-80 ж.ж. «Джайв» билері, Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің биі бойынша «Славян халқының» биін көрермендер жылы қабылдады.

Жалпы хордың орындауындағы «Жайнай бер мәңгі Қазақстаным» әнін көрермендер ыстық ықыласына бөленді.

Сахна шымылдығын «Құндызды» халық театрының ұжымы (режиссері Е.Тулендиев,Ж.Амантөлеуов)мүшелерінің орындауында   Ә.Мырзақасымның «31-дің соңғы күзі» атты драмасынан қойылым көрсетті.   

Концерттік бөлім бойынша «Жүрекадыр» балалар фольклорлық ансамблі (жетекшілері: Н.Ибрайханова, Е.Советханұлы) Құрманғазының «Айжан қыз» күйін, фольклорлық ансамблдің сүйемелдеуімен Ш.Әбеновтың «Геккідік-ай» әнін Н.Шадаева орындады.  

Сондай-ақ, Жолжігітовтер жанұялық ансамблінің орындауында «Іңкәр сезім» әнін, қыздар а капелласы «Ш.Құдайбердіұлының «Анадан алғаш туғанда» әнін, балалар хоры М.Түгелбаевтың «Астана» әнін, эстрадалық топтың орындауында «Құмған алған» әнін, ардагерлер ансамблі «Сарыарқа» әнін, Тулендиевтердің жанұялық ансамблі «Жаным» әнін, ұстаздар Е.Советханұлы, Ж.Сақанов, Т.Жарылқасым шәкірттері Ж.Амангелдина, Н.Шадаева, Ә.Абдуллаевалар «Туған жерім тамаша»   әнін нақышына келтіре орындап көрермендер ризашылығына бөленді.  Жалпы хордың (жетекшісі С.Ниязбеков, Қ.Құрманғалиев) орындауындағы «Біз біргеміз» әні көрермен көңілінен шықты.            

Сондай-ақ, «Шуақ» би тобының (би қоюшы А.Үркімбаева) орындауындағы «Қазақ» биі, Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің биі бойынша «Лезгинка» биін көрермендер жылы қабылдады.

15 наурыз күні Тоқтамыс ауылдық  клуб үйінде Тоқтамыс ауылдық округінің көркемөнерпаздар ұжымының байқау шартына сәйкес концерті болып өтті.

Драмалық ұжым С.Ғабдоллаұлының «Соңғы күн» атты пеьесасынан қойылым көрсетті.   

Концерттік бөлім бойынша фольклорлық ансамблі күйлерден  «Попурри» орындаса, фольклорлық ансамблдің сүйемелдеуімен Шәкәрімнің «Жиырма үш жасымда»  әнін Б.Кәрімов  орындады.  

Ұлдар триосы «Арыстарым қайдасың» әнін, Ахметовтер жанұялық ансамблінің орындауында М.Салықовтың «Аққу арман» әнін, қыздар а капелласы Б.Жамақаевтың  «Махаббат вальсі» әнін, балалар хоры Т.Мұхамеджановтың «Туған елім» әнін, эстрадалық топтың орындауында Е.Хасанғалиевтің «Әдемі-ау» әнін, ардагерлер ансамблі Ө.Байділдаев «Туған жер» әнін, ұстаздар Т.Ракымбек, Б.Кәрімов шәкірттері Г.Жеңістаева, М.Зиятова «Абайдың елі»   әнін нақышына келтіре орындап көрермендер ризашылығына бөленді. Жалпы хордың орындауындағы «Елім Абай» әні көрермен көңілінен шықты.            

Сондай-ақ, «Қазақ биі», Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің биі бойынша «Орыс» биін, «Рок-н-рол» биін  көрермендер жылы қабылдады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Біздің жетістіктер» атты бейнелеу өнерінің туындыларын және қол өнер бұйымдарының көрмесін көрермендер және қазылар алқасы тамашалады.

16 наурыз күні  Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп -лицейінің көркемөнерпаздар ұжымының байқау шартына сәйкес концерті болып өтті.

Драмалық ұжым мүшелері «ЭКСПО-2017», «Абай ауданының құрылуы», «Шәкәрім» драмасынан үзінді, «Ұрпақ сабақтастығы» атты композициялық театрландырылған қойылымнан үзінді көрсетті.     

Сахна шымылдыған Е.Қанатұлы мен Ә.Рысбекқызы «Жұлдызы жарты ғасыр жанған мектеп» атты алғы сөзбен ашты. Концерттік бөлім бойынша эстрадалық ансамблдің сүйемелдеуінде халық әні «16 қыз» әнін Б.Бекесов орындаса, қыздар а капелласы «Қарлығаш» әнін шырқады. Ардагерлер ансамблі халық әні «Сәулемай», балалар хоры «Мальенкая страна» әнін, ұлдар триосы «Мен қазақпын» әнін, Тайтөлеуовтер жанұялық ансамблі «Жанымда бол» әнін, дәстүрлі әнші А.Дәулетбекова «Сегіз аяқ» әнін, домбырашылар ансамблі «Секіртпе» күйін,  фольклорлық ансамблі «Ерке сылқым» күйін орындаса, фольклорлық ансамблдің сүйемелдеуімен «Ақ дариға»  әнін Т.Габдуллина тамылжыта орындады. Жалпы хордың орындауындағы «Отаным» әні  көрермен көңілінен шықты. 

Сондай-ақ, «Тепеңкөк» биі, «Кантри» биін, «Үнді» биін  көрермендер жылы қабылдады.